Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайн сра - жауаптар телефон.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Математикалық олимпиада туралы.

Математикалық олимпиада қала, облыс, республика және бүкіл әлемдік көлемінде өткізіледі.

Мектепте және ауданда өткізілетін олимпиадаға қажетті есептерді мектеп мұғалімдері мен аудандық методика кабинетінің не облыстық мұғалімдер білімі жетілдіру институтының қызметкерлері бірлесіп жасайды. Олимпиадаға ұсынылатын есептердің мазмұны мен қиындығы мұғалімдердің таңдап алуына байланысты әр түрлі болады. Алғашқы екі турдың жеңімпаздары республикалық олимпиадаға жолдама алады. Республикалық олимпиадада берілген есептер «Дарын» журналында, бүкіл әлемдік олимпиададағы есептер «Математика в школе» және «Квант» журналдарында жарияланып тұрады.

Облыстық олимпиаданың есептері өзінің мазмұны мен қиындығы жағынан ауданда және бүкіл әлемдік олимпиадаларда берілетін есептермен салыстырғанда орташа қиындықта болуы керек.

Оқушыларды бұрынғы жылдардағы олимпиадалық есептерінің шешілу әдістерімен таныстыру олардың жалпы математикалық білімін және олимпиадаға дайындығын жақсартады. Олимпиадаға дайындықты төменгі сыныптардан бастап, оны үзбей бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Қабілетті оқушыларды жүйелі түрде математиканың мектептік курсының қиын есептерін және программадан тыс математиканың қосымша тарауларына есептер және логикалық есептер шығартып дайындау қажет.

Математикалық экскурсия.

Математикалық экскурсиялардың негізгі мақсаты математикалық техникада, күнделікті өмірде қолданылуын оқушыларға көрсету. Физика, математика пәнінің мұғалімдері бірлесіп жоспарлы түрде өндіріске (завод, фабрика, есептеу центірі т.б. ғылыми-зерттеу орындарына) жасалатын экскурсиялардың пайдасы мол.

Математикадан экскурсия жасағанда мыналарды ескеру керек:

Экскурсия обьектісін және оған қажетті заттарды алдын ала дайындау.

Экскурсия тақырыбы сыныпта өткен программалық материялға негізделеді.

Экскурсия жоспары алдын-ала жасалады. Оқушылар өндіріс орындарына барғанда не істейтіндігі жөнінде мұғалім тиісті нұсқаулар береді.

Орта мактепте математикалық кеш өткізу.

Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейтіп, математикалық сауаттарын ашуда математикадан жүргізілетін кештердің маңызы зор. Тақырыбы, мазмұны және ұйымдастыру жолы әр түрлі болып келген кештер сыныптан тыс жұмыстардың балаларды қызықтыратын көп тараған түрі.

Матемктикалық кештердің мақсаты оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың практикалық, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, балалардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу, еркін ойлау және математикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Кеш ұйымдастыруда бірнеше адамнан тұратын кеш комиссиясы құрылады. Оның құрамында мектеп дирекциясынан, екі-үш мұғалім, мектепті қамқорлыққа алған өндіріс орындарынан, математика үйірмесінің өкілдері және ұйымдастырушылық кешті әдетте үйірме жетекшілері, пән бірлестігінің тапсыруы бойынша екі-үш мұғалім ұйымдастырады.

Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет. Кешке арналған залды көркемдеу үшін оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер конкурсын ұйымдастыру керек, сондай-ақ оқушылардың үлгілі дәптерлері мен өздері жасаған фигуралардан, қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады.

Мектеп оқушылардың математикалық мазмұнды өлең-жырларын, құрастырған есептерін, сөзжұмбақтарын, викториналарын т.б. , яғни кешке деген тартуларын қабырға газеттеріне және басқа жерлерде пайдалану арқылы олардың беделін жолдастарының арасында көтеруге болады.

Кеш өткізер алдында математикалық апталығы ұйымдастырылады. Біз педагогикалық практика кезінде өз тәжірибемізде апталықты кештің тақырыбына қарай әр түрлі формада өткіземіз.

Кештерді көбінесе эстафеталық формада өткізген жөн.

Параллель сыныптардың не жарысқа қатысушы жақтардың өз программасы, өзіндік ерекшеліктері, құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына сай болғаны жөн.

Ықтималдық ұғымның тарихи дамуы. Тәжірибе мен оқиға. Оқиғаның ықтималдығы. Жиіліктік ықтималдық. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Ықтималдықтың қасиеттері.

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика әдістері алуан түрлі салаларда кеңінен қолданылады, оның ішінде физика, геодезия, астрономия, атқылау теориясы, психология, лингвистика, биология, медицина, социология, археология және адамның басқа да қызмет салаларында пайдаланылады.

Бұл теория - кездейсоқ құбылыстарды бақылау нәтижесінде пайда болған математикалық ғылым. Бұл ғылым XVII ғасырда пайда болған делінеді. Ал ықтималдықтың бастапқы ұғымдары өте ертедегі заманда –вқ кездеседі. Мәселен, біздің жыл санауымыздан 2238 жыл бұрын Қытайда өткізілген санаққа қарағанда, жаңа туға ұл балалардың санына қатынасы тұрақты және ол сан ½ -ге теғң( яғни ықтималдығы ½) делінген .

Ықтималдық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғылым ретінде қалытасуы бірнеше сатыдан өтті. Бұл ғылымның дамуына Еуропа ғалымдары Б.Паскаль (1623-1662), П.Ферма (1601-1665), Х.Гюйгенс (1629-1695), Я.Бернулли (1654-1775), А.Муавр (1667-1754), П.Лаплас (1749-1827), Ф.Гаусс (1777-1855), С.Пуассон (1781-1840) және орыс ғалымы Буняковский (1804-1889) көп үлес қосты.

Тәжірибе мен оқиға. Оқиғаның ықтималдығы.

Ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктері қатарына элементар оқиғалармен элемента оқиғалар кеңістігі жатады. Элементар оқиғалар деп санақтық (тәжірибенің) қандай да бір нәтижесінің орындалуын немесе орындалмауын айтады, яғни сынақтың қандай да бір жіктелмейті нәтижесін айтады.

Егер ойын сүйегін тастау барысында бізді жұп ұпай түсуі қызықтырса, онда бұлда кездейсоқ оқиға, бірақ ол элементар оқиға бола алмайды. Себебі, жұп ұпай түсуін білдіретін кездейсоқ оқиға А2, А4, А6 элементар оқиғаларына жіктеледі, яғни осы элементар оқиғалардың бірінің орындалуымен анықталады. Осы сияқты, сынақ ретінде тиынді бір рет тастауды алсақ, онда екі түрлі нәтиже күтуге болады: Е – тиынның елтаңба жағымен түсуі, С – тиынның сан жағымен түсуі.

Егер U жиынының әрбір элементі сынақтың қандай да бір нәтижесін білдірсе және, керісінше, осы сынақтың әрбір элементар нәтижесі U жиынының элементі болса, онда U жиынын элемнетар оқиғалар кеңістігі деп айтамыз.

Элементар оқиғалар кеңістігінің әрбір ішкі жиынын кездейсоқ оқиға деп атайды.Мысалы, ойын сүйегін тасаганда А={ А2, А4, А6} ішлі жиыны “жұп ұпай түсті, деген кездейсоқ оқиғаны анықтайды.

Егер оқиғаның күні бұрын орындалатыны белгілі болса, онда мұндай оқиғаны ақиқат оқиға деп, ал оқиғаның ешбір сынақ нәтижесінде орындалатыны белгілі болса,онда оны жалған (мүмкін емес) оқиға деп атайды. Ақиқат оқиғаны U арқылы, ал жалған оқиғаны Ø арқылы белгілейді.

Егер екі кездейсоқ оқйғалар бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүнкін емес болса, онда бұларды үйлесімсіз оқиғалар деп, ал өзге жағыдайларда бұл оқиғаларды үйлесімді деп атайды.

Егер Р және Q оқиғалары бірдей элементар оқиғалардан құралған болса бұл оқиғаларды тең (бірдей ) оқиғалар деп атап, оны былай жазады Р=Q. Мысалы, ойын сүйегін тастағанда Р оқиғасы «4-тен кем ұпай түсуін », ал Q «3 –тен артық ұпай түсуін» білдірсін. Онда Р={ А1, А2, А3} және Q={ А1, А2, А3} болса Р=Q.

А оқиғасын орындалмайтынын білдіретінін кездеисоқ оқиғаны оның кері оқиғасы деп атап, оны арқылы белгілейді. .

2.А және В оқиғасының бірден пайда болуын олардың көбейтіндісі деп атайды. АВ немесе А В деп белгілейді -қиылысу таңба.

А·В АВ-ны А және В оқиғаларының пайда болуы деп оқиды. Оқиғаны өзіне өзін көбейтсе, сол оқиғаның өзі пайда болады.

3. А оқиғасы орындалып, В оқиғасы орындалмайтын оқиғаны А оқиғасы мен В оқиғасының айырмасы деп атайды.А-B немесе А\В белгілейді \-азайту немесе шегеру таңбасы.

4. Сынау нәтижесінде пайда болған В оқиғасы екінші бір А оқиғасының да пайда болуын қамтамасыз етсе, онда В оқиғасының пайда болуынан А оқиғасы да пайда болады.

В құрамында жату.

5. А және В оқиғасы үйлесімсіз төмендегі.

6. А оқиғасының орындалмайтынын білдіретін кездейсоқ оқиғаны оның кері оқиғасы деп атап, арқылы белгілейді

Толған ай кезінде күннің тұтылуы ықтималдылығы нөлге тең.

Ықтималдықтардың классикалық анықтамасы. Оқиғаның ықтималдығы дегеніміз - осы оқиғаға қолайлы жағдайлар санының барлық жағдайлар санына қатынасы.

Егер де тең және жалғыз мүмкінді сыйыспайтын барлық n- жағдайлардың ішінде m саны осы А- оқиғасының орындалуына қолайлы жағдайлар саны болса, онда m санының барлық n – санына қатынасын осы а оқиғасының орындалуының ықтималдығы дейміз, оны Р (А) деп белгілейміз:

Р(А)= (1.1)

бұл француз ғалымы Лаплас берген (1749-1827ж.ж) анықтама.

Ықтималдықтың негізгі қасиеттері

1. Ақиқат оқиғаның ықтималдығы бірге тең, яғни Р(Е)=1, шынында, ақиқат оқиғаға барлық элементар оқиғалар қолайлы болады. Сондықтан

Р(А)= = =1.2. Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы нөлге тең, яғни Р(Ø)=P(V)=0. Шынында мүмкін емес оқиғаға ешбір элементар оқиғаға қолайлы емес. Демек Р(Ø)= =0.

3. Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы 0≤Р(А)≤1 теңсіздігін қанағаттандырады. Шынында, А оқиғасына «қолайлы» жағдайлар саны m≥0 және барлық жағдайлар саны үшін m≤n (n≠0), демек,0≤m≤n

≤ ≤ 0≤ ≤1.