- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
Еңбек Өнімділігі: мәні, көрсеткіштері мен факторлары
Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1][2]
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:
ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:
Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал шығындар
Материал қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық шығындар
Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:
ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
аралас бағалау (осы және басқалар).
Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:
МФ = Q / f(x)
немесе:
МФ = ΔМФ / МФ¤
Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар; Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:
1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.
