- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
Өндірістің тиімділігі – қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық (өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т.б.) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚ қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т.б.) сипатта болатындықтан‚ Өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында өндірістің түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының нашарлауы‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жағынан, қаржы механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешуге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және қоғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижесін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген өнімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа йөлуге болады:
1) қорытындылаушы;
2) техника-экономикалық.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесі мен, жұмыс істеушілердің орташа тізім саныньң арақатынасымен немесе еңбек сыйымдьлығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарьша жатқызылады.
Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
- Пайда болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
- Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Ал екінші бөлім қаржылық талдаудың алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
- көлденең талдау;
- тікелей талдау;
- трендтік талдау;
- салыстырмалы талдау;
- факторлық талдау;
- қаржылық коэффициенттер әдісі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділікте өседі – яғыни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резерфтерге үлке рөл берілелі.
Жоғарыда айтылғандарды қорта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы динамикасы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Тереңдік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады. Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың, және кәсіпорынның «өтімділігін»анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылыады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін талдау қажет.
