- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
Материалдық емес активтер дегеніміз белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында немесе әкімшілік қызметінде ұзақ уақыт, яғни бір жылдан артық қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі. Оларды анықтауға болады, олар бақыланады.
Материалдық емес активтер ұйымдарда заңды не жеке тұлғалардан сатып алу, басқалардың субсидия, яғни сыйға беруі не сол кәсіпорынның ішінде ойлап табу нәтижесінде пайда болады.
Ұйымдарда материалдық емес активтерге лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар жатады.
Гудвилл немесе «Фирма бағасы» бір кәсіпорын екінші кәсіпорынды түгелдей сатып алғанда пайда болып, материалдық емес активтер шотында есептелетін құндылық. Ол ұйымды сатып алған кездегі нақты нарықтық баға мен таза активтерінің баланстық құнының арасындағы айырым. Егер сатып алынған ұйымдағы барлық активтердің сатып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, осы құндардың арасындағы айырым «жағымды гудвилл» деп аталады, керісінше, кем болса «жағымсыз гудвилл» дейміз.
Лицензиялық келісімдер дегеніміз заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын басқа бір заңды тұлғаға беру. Ал бұл құқыққа ие болған ұйым оның иесіне материалдық емес актив үшін белгіленген тиісті мөлшерде ақша төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттер орындайды.
Бағдарламамен қамтамасыз ету – ол сатып алынады немесе ұйымның өзінде жасалады, ол ішкі және сыртқы мақсаттарға пайдаланылады.
Патент жеке немесе заңды тұлғалардың өздері ашқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыда мойындап, оны өз жұмыс, қызметінде пайда алу үшін қолдануына рұқсат беру құжаты. Кәсіпкерліктің бір түрімен айналысу үшін берілетін құқықты растайтын құжатты да патент дейді. Оны алу үшін баж төлемі төленеді.
Ұйымдастыру шығындарына жаңадан ұйым ашқанда жұмсалатын шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге, заң орындарына төленетін төлемдер, банктерде шот ашу үшін төлемдер, жарнамалар үшін төлемдер және т.б. шығындар жатады.
Сауда маркалары – ол тауарға, өнімге берілген атаулар, рәміздер, сауда белгілері.
Авторлық құқықтар – ол шығармалардың, әзірлемелердің және т.б. авторларының құқықтарын заңмен қорғау формалары.
Франшизалар – ол мемлекет меншінгіне ие болуға, коммуналдық қызмет көрсетуге және т.с.с. жұмыстар жасауға үкіметтік органдар беретін құқықтар.
Материалдық емес активтер ұйымның балансына кіріске бастапқы құнымен алынады. Егер кіріске құрылтайшының жарғылық қорына үлес есебіне алынатын болса, онда материалдық емес активтердің бағасы тараптардың келісімі бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардың сыйы ретінде алынған болса, онда сол кездегі нарықтық баға бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардан сатып алынған болса, сатып алған баға және оны алып іске қосуға жұмсалған шығындардың қосындысымен бағаланады.
Қайта құру кезеңінің басында акционерлік қоғамдар мен басқа да жекешелендірілген кәсіпорындардың барынша мол табыс тауып, мейлінше байып қалудың неше түрлі жолдары мен технологиялық жаңалықтары, құпия мәліметтері, сондай-ақ жеке тұлғаның өзінің тапқан ғылыми жаңалықтары болды. Оны «ноу-хау» деп атайды, ол ұйымның үлес қосушылары мен құрылтайшыларының жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде есептеледі. Оның бастапқа құны балансқа алған уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша анықталады.
