Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы

Таза ағымдық құн NPV инв-қ жобаны жүзеге асырудан түсетін ақшалай түсімдер және олардың дисконтталған ағымдық құндарын және сол жобаны іске асыруға қажетті барлық шығындар дисконтталған ағымдық құндарының сомалары арасындағы айырма арқылы есептеледі.

CFt- уақыт мерзіміндегі ақшалай түсімдер

K- жоба капиталының құны дисаконт нормасы

I0 - жобаның бастапқы шығындары

n – мерзімі

NPV=(∑CFt/(1+k) n ) –I0

NPV>0 жобаны қабылдауға болады және тиімді

NPV=0 жоба тиімді де және тиімсіз де емес

NPV<0 жобаны қабылдауға болмайды және тиімді емес

Ағымдағы құн – бұл белгілі бір уақыттан кейін, болашақта қандай да бір соманы алу үшін бүгін инвестиция ретінде салынуға тиісті сома

Ағымдағы құнды анықтау үшін келесі формула қолданылады:

 

PV= FV/ (1+r) n

 

мұндағы: PV –осы уақыт кезеңінде салынуы тиісті сома;

FV – белгілі бір n жылдан кейінгі инвестицияның болашақ құны;

r - пайыз ставкасы, ондық бөлік түріндегі;

n - есептік кезеңдегі жыл саны.

Табыстылықтың ішкі нормасы

Осы көрсеткіштің үш талдауын қарастыралық:

1) бұл өте жоғарғы пайыздық көрсеткіш, инвестор үшін жоғалмайтын инвестициялар, егер қарыз және пайыз тек алынған табыстан кейін ғана төленіледі;

2) табыстылықтың ішкі нормасын тек орташа жылдық капиталдың өсу шапшаңдығы

k= ;

3) жобалары өте ұзақ емес инвестициялау периодтарына IRR формуласын қолдануға болады. Табыстылықтың ішкі нормасын жобамен қатынас ретінде = орташа жылдық таза табыс / (орташа жылдық инвестициялық шамасы).

Табу керек: NPV,

NPV-ны есептеу:

Ең қажеттісі әрбір жылға дисконттау коэффициентін есептеу.

Есесі қайту мерзімін есептеу: Егер уақытты инвестицияның басталу периодынан есептесе, онда уақыт ұзарады.

Жобаның рентабельділігі

PI=( )/( ).

Табыстың ішкі нормасы (IRR ).

Табыс нормасының белгісіз шамасы – х (дисконттау мөлшерлемесі)

-

Дисконттау мөлшерлемесін (х=?) табу үшін, құрылған теңдеуді сызықты интерполяция әдісімен шешу керек.

9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз – олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз.

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:

  1. Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);

  2. Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);

  3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)

  4. Машиналар және жабдықтар:

а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);

в) Өлшеу және реттеу аспаптары;

г) Есептегіш техника және т.б.

  1. Көлік құралдары;

  2. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);

  3. Өндірістік және шаруашылық жиһаз;

  4. Жұмысшы және өнім беретін мал;

  5. Көпжылдық өсімдіктер;

  6. Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;

  7. Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).

Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.

- жою құны бойынша – баланстан шығарылатын қордың бағасы

- баланстық құны бойынша – бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімінде жазылатын құн