- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
Шикізат
бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;
табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б.
Кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі айтарлықтай дәрежеде олардың шикізатпен және материалдармен немесе материалдық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты.
Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы болып саналады.
Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.
Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға — өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.
Негізгі және қосалқы материалдар болып бөлінеді. Негізгі деп табиғи түрде дайын өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайтын материалдарды атайды. Қосалқы материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді. Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді, потенциалдық ОЭР – бұл тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.
16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе кайталанады және корытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі [2, 29].
Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.
Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзактығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді.
Айналым капиталының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп аталады.
Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты-өндірістік айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры (2-кесте);
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты — нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты — меншік айналым капиталы және қарыз айналымкапиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты — абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты — салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық-мүліктік маңызына байланысты — енбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.
