Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

4.Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Темекінің зияны.

Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулығының түбіне жеткен

(Халық даналығы).

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді,қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауыратындардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады. Аяғы ауыр кезінде шылым шеккендердің балаларында талма аурулары болады. Шылым шегетін аналардан туған балалар, өз құрдастарынан ақыл-ой дамуы жағынан біршама артта қалады.

Темекі шегушілік - студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесінде білінеді. Шылым шегумен бұзып алған денсаулықтың жағдайы, көңілден шығатын жұмыстың түрін таңдауға, жетістікке жетуге мүмкіндік бермейді.

Жасөспірімдер, жас жігіттер, қыздар қаншалықты шылым шегумен ертерек танысып шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді, және болашақта шылым шегуден бас тарту олар үшін өте қиын болады. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

5.Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз.

Никотинге дағдылануды қалыптастыратын үш кезең бар:

      I  кезең - жүйелі темекі шекпеу (күніне 5 темекі), никотинге дағдылану жоқ. Денсаулықта өзгерістер болмайды немесе темекі шегуді тоқтатқан кезде толық орнына келеді, аз мөлшердегі өзгерістер болуы мүмкін.

      II  кезең - әдетті, әрдайым темекі шегу (күніне 5-15 темекі), аздап никотинге дағдыланудың пайда болуы, ішкі органдар айтарлықтай зақымданбайды, темекі шегуді тоқтатқан кезде біршама деңгейде орнына келеді.

     III  кезең - құмартушылықпен темекі шегу (күніне 1-1,5 қорап темекіні шегу), никотинге дағдыланушылық, үнемі темекі шегуді қажет етеді, аш қарынға, тамақ ішкеннен кейін және түн ортасында темекі шегуге әдеттену. Ішкі органдар мен жүйке жүйесінің айтарлықтай зақымдануы байқалады. Темекі шегудің зардабы өте тез білінеді. Дауыс қырылдап, жуандай бастайды, тіс тез арада сарғаяды, деміңмен айналаға жағымсыз иіс таратасың. Шын мәнінде бұның бәрі өңеш, кеңірдек, бронхылардың сілекейлі қабықшалар клеткаларының өзгеруімен өтетін ағзаның тез қартаюмен салыстырғанда ұсақ-түйек сияқты. Күніне 15 рет тіс тазалап, «Орбит», «Дирол» сағыздарын килограммдап шайнауыңа болады, бірақ темекі шегушілердің 80%-нің «темекі шегушінің бронхит» ауруымен ауыратынын не істейсің?

         Әрі қарай не болатынын білесің бе? Сілекейде езілген темекі түтінінің элементтері асқазанға түсіп, сілекейлі қабықшасын тітіркендіреді де, ақырындап сен өзіңе гастрит немесе асқазан жарасы ауруларын тауып аласың. Асқазан ауруы темекі шегушілерде, темекі шекпейтіндерге қарағанда 12 есе жиі кездеседі. Осылайша өкпеге соққы беріп, асқазанды отырғызады, сондай-ақ жүректі де құрбандыққа шалады. Жүрек және қан-тамыр аурулары мен темекі шегудің арасындағы байланыс көптеген зерттеулер барысында дәлелденген.

6. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

Темекі шегудің зардабы өте тез білінеді. Дауыс қырылдап, жуандай бастайды, тіс тез арада сарғаяды, деміңмен айналаға жағымсыз иіс таратасың. Шын мәнінде бұның бәрі өңеш, кеңірдек, бронхылардың сілекейлі қабықшалар клеткаларының өзгеруімен өтетін ағзаның тез қартаюмен салыстырғанда ұсақ-түйек сияқты. Асқазан ауруы темекі шегушілерде, темекі шекпейтіндерге қарағанда 12 есе жиі кездеседі. Осылайша өкпеге соққы беріп, асқазанды отырғызады, сондай-ақ жүректі де құрбандыққа шалады. Жүрек және қан-тамыр аурулары мен темекі шегудің арасындағы байланыс көптеген зерттеулер барысында дәлелденген.

7.Сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Зиянды әдеттерден бас тарту,салауатты өмір салты, темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі, психикалық және тәндік тәуелділік, зиянды заттар, әуестену, аурулар, зардаптарын білу, күресу,3 миллион адам, темекінің улы әсері, адам өледі,шылымға үйрену, ұмытшақ, нашарлайды, ақыл-ойы кемиді, темекі тарту, нашақорлықтың бір түрі, темекі түтіні, адам организмі, асқазан қышқылдығы, қан қысымы арту,жүйке жүйесі мен жүрек қызметінің бұзылуы, темекі тартатын әйелдер,бронхитпен ауыру, аяғы ауыр кезде, шылым шеккендер, талма аурулары, ақыл-ой дамуы, артта қалады, жастардың арасында, жиі кездеседі, қыз-балалардың темекі шеккені,алаңдатарлық нәрсе, жасөспірімдердің темекі тартуы, денсаулықтың жағдайы, жетістікке жетуге, мүмкіндік бермейді. тез үйренеді, шылым шегуден бас тарту, қиын болады, денсаулықты сақтау, темекіге әуестенбеу, бойды аулақ ұстау, дұрыс.