Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- ЖОО тарихын ;

- ЖОО қандай жүйе бойынша оқытатынын білуі;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Университет – білім ордасы

Мен Семей қ. мемлекеттік медицина университетінде оқимын. Біздің университет 1952 жылы екінші қыркүйекте ашылды.

Семейдің мемлекеттік медициналық институты өзінің алғашқы 320 түлегін 1953 жылы қабылдады. Ол кезде академияның екі оқу үйі ғана болды. Олар қазіргі морфологиялық және физико-химиялық корпустар. Мұнда бірінші курстың студенттері ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, кітпахана және оқу залы орналасты.

Институттын алғашқы директоры болып ҚазССР-не еңбегі сіңген дәрігер В.С.Бобов болды. Одан кейінгі жылдарда доцент К.Шуваков ректор болды.

Институт тарихында 1959 жыл ерекше орын алды. Бұл жылы емдеу факультеті алғаш рет өз түлектерін ұшырды. 275 түлек дәрігерлік диплом алды.

1963 жылы педиатриялық факультет ашылып, 100 студент қабылданды. 1963 жылдан 1977 жылдар арылығында институттың ректоры болып, профессор, ҚазССР-іне еңбегі сіңген ғылыми қызметкері Т.А. Назарова тағайындалды.

1964 жылы бас ғимарат, 400 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.

1976 жылдан 1984 жылға дейін институтты профессор Н. А. Хлопов басқарды.

1987 жылдан 2001 жылдар аралығымда институттың, кейннен академияның ректор болып Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңген қызметкер, ҚР ҰҒА-ң корр-мүшесі, профессор Төлеген Қазезұлы Раисов болды.

Т.Қ. Раисов қызмет еткен жылдарда қазақ бөлімі (1989 ж),

стоматологиялық факультет (1991 ж), шетел студенттерінің факультеті (1995 ж) ашылды.

Т.Қ.Раисов ЖОО-ын басқарған жылдарда академия қызметкерлері 30 докторлық және 80 кандидаттық диссертация қорғады.

Академияда 1994 жылдан баста төрт мамандық бойынша 2 Диссертациялық Кеңес жұмыс істейді. Осы жылдарда Халықаралық байланыстар да нығая түсті. Академия АҚШ – тың Хьюстон, Тулс қалаларының медициналық орталықтарымен, Нагасаки (Жапония, 1991 ж), Антверпен (Бельгия, 1999 ж) қалаларының, Ұлыбритания (2001 ж) университеттерімен байланыс жасау жөнінде келісімшарт жасады.

2001 жылдың қазан айынан бастап 2007 жыға дейн академияның ректоры болып медицина ғылымының докторы Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов қызметің атқарды.

2003 жылдын қыркүйек айынан бастап жаңадан: фармация және медико-профилактикалық ісі факультеттері ашылды. Барлық кафедралардың материалдық, техникалық базасы жақсарды.

2007 жылдан бастап осы уақытқа дейн Академияның ректоры медицина ғылымының докторы Т. Қ. Рақыпбеков. Сол жылдан бастап Жалпы Медицина, Қоғамдық Денсаулық Сақтау, Мейірбике Ісі факультеттері ашылды

5) «Егер мен университет ректоры болсам...», тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

6) «Басшының басқару стилі» атты мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.