Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

7. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.

  1. Бізде жолбарыстар жоқ, …

  2. Қар барысы ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, …

  3. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, …

  4. Қазақстанның ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезеңде мұраты мынадай: …

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей.

Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Н.Ә.Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты дәрісінде не айтылды?

2.Қазақстан Азия Барысына айналу жолында өз мүмкін-діктерін толық пайдалана алып жүр ме?

3. Соңғы он жыл ішінде қазақстандық Барыс қандай дәрежеге жетті деп ойлайсыз?

4.Қоғамдағы жастардың рөлі ?

1. Тақырып №34, аталуы: Қазақстандағы білім беру жүйесі. Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар. Әңгімені бастау, қолдау мен аяқтауға арналған тілдік құрылымдар.

2. Сабақтың мақсаты: –студенттердің мәтін туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: Көпшілік ортада кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар

туралы ойын жеткізе алуы;

Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен аударып, сөйлем құраңыз.

Стратегиялық міндеттер, ұлттық білім берудегі жетістіктер, сәйкестендіруге негізделеді, жандандыруға бағытталған, жаңа арнаға салу, ықпалдасу, сынақ бірліктері, шеберлік пен іскерлік, желілік емес түрі, үзіліссіз білім беру, ерікті түрде, жалпыға міндетті стандарт.

  1. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Кредиттік оқыту жүйесі

Қ азақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізде-леді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1) бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

2) магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

3) докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс-тәжірибелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30-ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

«Кредиттік оқыту жүйесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр» С.Әбдіманов. Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеттің ректоры, профессор.

«Егемен Қазақстан», қазан, 2004 ж.