Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау:

Уақыт сіз үшін қымбат па?

Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

Уақытты қалай үнемдейсіз?

Тақырып бойынша 10 тест сұрақтарына жауап беру.

(Тест сұрақтары қосымша беріледі)

1. Тақырып №14, атауы: Дені саудың – жаны сау. Сөз тіркестерінің валенттілігі.

2. Сабақтың мақсаты: Сөз тіркестері туралы жалпы мәлімет беру. Сөздік қорын

молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- Дені саудың – жаны сау мәтіні бойынша жаңа сөздерді білу.

  • Студент істей білуі керек:

- Дені саудың – жаны сау мәтініне байланысты сұрақтарға жауап беру,

сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы).

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

2. Сөздерді жаттаңыз.

Ас – пища

Дұрыс тамақтану – правильное питание

Денсаулық – здоровье

Кепіл – залог

Ағза – организм

Дәрумен – витамин

Шымырлық – закаленность

Ұлану – отравиться

Дерт – болезнь

Хмиялық өндеу – химическая обработка

Ас қорту жүесі – пищеварительная система

Ұлттық – национальный

Жылқы еті – конина

Қаз еті – гусинное мясо

Әлеуметтік фактор – социальный фактор

Өмір – жизнь

Зиян – вредный

Темекі – сигареты

Уақыт – время

Дамиды – развивается

Күресу – бороться

Құбылыс – явление

Елбасы – президент

Дәлелдеу – доказать

Борыш – долг

Сау – здоровый

Ұрпақ – поколение

Байлық – богатство

Ерекше – особенный

Мәзір – меню

Дерт– болезнь

Ас қорыту жүйесі – пищеварительная система

Кепіл – залог

Ықылас – желание

Дұрыс тамақтану – правильное питание

Саршұнақ – суслик

Құнарлы – полезный

Ағза - орган

Әзірлеу – готовить

Әлеуметтік – социальный

Тұтастай – целиком

Қорытылу– усваиваться

Қытымыр қыс – суровая зима

3. Сөйлемді дұрыс құрастырыныз

А) қорыту, ас, ал, ондай, сөзсіз, әркімнің, салмақ, үнемі, түсірері, тұтыну, жүйесіне

Ал ондай үнемі тұтыну әркімнің ас қорыту жүйесіне салмақ түсірері сөзсіз

Б) жеңіл, құрамында, жылқы, қорытылады, холестерин, өте, болмайды, етінің

Жылқы етінің құрамында холестерин болмайды, өте жеңіл қорытылады

4.Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Салауатты –

Қажет –

Зиянды –

Дамиды –

Аурулар –

Болашақ –

Жауапкершілік –

Ынтымақ –

Денсаулық –

5. Мақал – мәтелдерді толықтырыңыз.

1. Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса, ...тәтті, ( жан)

2. ... өлім тілегенше

өзіңе жүрім тіле. ( біреуге )

3. Өлім деген ойран,

Өмір деген .... ( майдан )

6.« Дұрыс тамақтану» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

7.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз..

1.... - өсімдіктердің түбір тарамы....- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2. Адамдар... ду етіп күлді.... - жап - жазық жер. 3.... – газет, журнал, кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы... болып ауырған адам суық су ішпеуітиіс. Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.

8.Берілген мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын аш, орыс тіліне аудар

1. Сыйлап берсе, суын іш.

2. Тату үйдің тамағы тәтті.

3. Аштың ақылы астан әрі аспайды.

4. Ет – етке, сорпа – бетке.

5. Ас қадірің тоқ білмейді..

6. Асы бар аяқ әдемі.

7.Атың барда – жер таны желіп жүріп,

Асың барда – ел таны беріп жүріп.

8.Берген ас түске жетпейді,

Ниет естен кетпейді.

9. Дастарханда наны жоқтың,

Тамағының сәні жоқ.

10.Асы жоқ алтын аяқтың,

Алтынын ал да отқа жақ.