- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
Жерді тұрақты пайдаляну құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңына сәйкес жер территориялық кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және территориялық негіздегі кез келген еңбек процесі белгіленген. Жер өндіріс процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың біркатар саласының, атап айтқанда, ауыл жөне орман шаруашылығының кажетгі материалдык алғы шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның койнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай-ақ, бекітілген зандар негізінде, шартгар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында жердің мемлекеттік те, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға кайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауына болады.
Мемлекет меншігіндегі жерден онын учаскелерін:
сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;
тұрақты немесе уакытша пайдалануына;
заң актілерінде қаралған шартгары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.
Жерді пайдалану құқы - ме.млекет меншігінде тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ (тұрақты) немесе белгілі бір мерзімге, немесе тегін пайдалануына құқығы бар. Жерді пайдалану құқығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық-құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.
Өкілетті органдардың беретін жер учаскелеріне құқын куәландыратын қүжаттар болып: жерді тұрақты және жер учаскелерін жеке меншікке пайдаланған кезде жерді тұрақты пайдалану құқын және жер учаскелерін меншікке беру құқын растайтын актісі;
жерді уақытша пайдалануға құны бойынша беру - жер учаскелерін жалға беру туралы келісім-шарты;
жерді уақытша тегін беру - жерді тегін беру туралы келісім-шарты.
Жерді тұрақты пайдалану құқығы мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі:
- ғимараттарға, кондоминиум объектілеріндегі үй-жайларға иелік ететін заңды тұлғаға;
Кондоминимум - қозғалмайтын мұлікке бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі меншіктің ерекше формасы, бұл жағдайда тұрғын үйдегі жекелеген пәтерлер азаматтардын немесе заңды тұлғалардың меншігінде болыл, ал тұрғын үйдің өзі кәсіпорынның (жеке меншік пәтерлердің кооперативтеріндегі тұрғын үй - оларға жалпы үлестік меншік құқықтарында тиесілі) иелігіне жатады.
ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаға;
жердің пайдалануын айрықша табиғи аймактарын қорғайтын заңды тұлғаға;
заң актілерімен қарастырылған, басқа да жағдайларда.
Жерді қыска мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге пайдалану үшін, оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Жерді басқа да құралдармен салыстырғандағы айырмашылығы — шаруашылық айналыстағы жердің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып қана қоймай (құнарлылығының кемуі), сонымен қатар, жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады.
Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің толем мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы №210-10 заңымен бекітілген.
Жер телімінің нақты бағалау құнын жеке меншікке берілетін жерлер үшін белгіленген базалық мөлшерлемеге сәйкес, өкілеттілігі бар органдар анықтайды. Елді мекендердің сыртындағы жер учаскілерін бағалау үшін жер үшін төленетін базалық мөлшерлеменің 10% алады.
Әрбір кәсіпорын жердің оперативтік және бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Әрбір жер телімі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктік карточкалары ашылып, жердің аналитикалықесебі жүргізіледі.
Карточкалар "Жер телІміне меншік құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану құқығы туралы Актілерінің" негізінде толтырылады. Карточкада: жер телімінің реттік немірі (код); жерді пайдаланушы (толык мекен жайы); жер телімінің аумағы (көлемі); жер телімінің пайдалану мақсаты; пайдаланудағы шектеулер және жер телімінің ауыртпашылығы (егер олар бар болса); жер телімінін, бөліну мүмкіндігі; "Жер теліміне меншік құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану актісінің" берілу негізі және басқа да мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Карточкеде, сондай-ақ жер телімінің шектесетіндері (аталған телімі кімдердін жерімен шектесіп жатыр); құнарлылық (пайдалануға жататын жердін) түрлері, топырақ типтері мен тип тармақтары (ауыл шаруашылығына арналған жер үшін), жер үшін төлем мөлшерлемесі (теңге); жер ақысына түзету коэффиииенті; жер телімі және бағалау құны және жерді пайдаланушының ырқы бойынша басқа да мәліметтер көрсетіледі.
Меншік құқы мен жерді пайдалану құқы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа да Қазакстан Республикасының заң актілерінде қаралған тәртіпте қорғалады.
Меншік иесі немесе жерді пайдаланушылардың шеккен зияндары толық көлемде өтеледі, егерде:
меншік құқығынан немесе жерді пайдаланушылардан мемлекеттің қажеттілігі үшін қайтарылып алынса;
меншік құқығына немесе жерді пайдаланушыларға жерді пайдаланудың айрықша тәртібі белгіленуіне байланысты шектеулер енгізілсе;
меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы бүзылса;
объекті салу және пайдалану нәтижесінде жердің сапасы төмендесе, нәтижесінде жер құнарлығы мен суару жағдайы нашарласа;
төтенше жағдай кезінде жерді қайтарып алса
Меншік иелерінің және жерді пайдаланушылардың шеккен зияны, соған зиян келтіргендердің есебінен өтеледі.
Уақытша әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі. Қолданыстағы заңға сәйкес шетелдік инвесторлар, басқа да заңды тұлғалар өндіріс процесінің белгілі бір уақыт мерзімінде пайдалану үшін Қазакстан Республикасының территориясына өндіріс құрал-жабдықтарын мен басқа да негізгі құралдарын уакытша әкелуге құқылы. Бұл негізгі құралдар өзгертілмеген күйінде әз иесіне қайтарылады, тек табиғи тозуынан басқасы. Республикаға әкелінбейтін негізгі құралдардың категорияларын Қазакстан Республикасы Министрлер кабинеті анықтайды. Негізгі құралдарды әкелуге кедендік органдар рұқсат береді. Әкелу мерзімі әкелу мақсатымен белгіленеді және ол әдеттегідей екі жылдан аспауы тиіс.
Негізгі қүралдардың Республикаға әкелінетін мүліктері толықтай немесе ішінара кеден салығынан босатылуы мүмкін.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының субъектісі кедендік территория шегінен тыскары шетелдерде өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі қорларын алып кетуіне құқылы.
Әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі келесі: 2411-2415 "Уакытша әкетілген негізгі құралдар" қосалқы шоттарында жүргізілуі мүмкін.
Уақытша әкелінген негізгі құралдарды есепке алған кезде негізгі құралдар шоттары дебеттеліп, 3390 шоты кредиттеледі.
Уакытша әкелінген негізгі құралдарды пайдалану процесінде олар бойынша белгіленген тәртіп бойынша олардың амортизациясы есептелінеді. Бұл жағдайда 2416 , 7110 , 7210 , 8400 , шоттары дебеттеледі де, соған сәйкес 2420 -Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің шоты, 3-ші "Уакытша әкелінген негізгі құралдардың тозуы" қосалқы шоты кредиттеледі.
Уақытша әкелінген негізгі құралдар қайтарылған кезде мынадай шоттар корреспонденциясы жасалынады:
уақытша әкелінген негізгі құралдардың бастапқы құнына: 3390 "Басқа да кредиторлык берешек және есептеулер" шоты дебеттеліп, 2410 "Негізгі құралдар" шоттарының бөлімше шоттары кредиттеледі;
есептелінген тозу сомасына: 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімше дебетгеліп, 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесі кредиттеледі.
Негізгі құралдардың әкетілуі 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесінін, дебетінде және тап осы бөлімшесінің 2411-2415, 1-ші "Меншікті негізгі құралдар" қосалқы шотынын кредитінде көрсетіледі. Уақытша әкетілген негізгі құралдар осыған керісінше жазбалар арқылы көрсетіледі.
Қолданыстағы нормалар бойынша есептелген тозудын сомасына 7470 "Негізгі емес қызмет бойынша баска да шығыстар" шоты дебеттеліп, 2421-2424 "Негізгі құралдардың тозуы" шотының 4-ші "Уақытша әкетілген негізгі құралдардың тозуы" деген қосалкы шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды әкелгеннен кейін 2421-2424 шотының, 4-ші субшотындағы сомасы дебеттеліп және 2421-2424 шотынын, 1-ші "Меншікті құралдардың тозуы" қосалқы шоты кредиттеледі.
Егер шаруашылық жүргізуші субъект шетел компаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылмаса әкелінген негізгі құрал баланстан тыс шотта есепке алынады.
Мысалы: ЖШС "Вега" "ENRON" компаниясымен 1 ақпанда 2000 жылы 12 айға құрал-сайманды жалға алу үшін келісім-шарт жасаған. Жалға алынған құрал-сайманның құны 2 000 000 АҚШ долларын құраған, ай сайынғы төленетін жалдау құны 5 000 АҚЩ долларына тең болған.
Сол құрал-сайман кеден бекетінен әткен кезде доллардын бағамы 139,45 теңгеге тең болған. Келісім шарттың жағдайы бойынша жал ақысы резиденттің алатын табысынан табыс салығы шегерілген сомадан төленетін болып келісілген. Енді біз келтірілген мысалға шоттар корреспонденциясын жасаймыз
Қа-тар №
|
ІІІарузшылық операцняларының мазмұны
|
Co Mac ы, теңге
|
Шоттар корреспонденциясы |
|
дебет |
Кредит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Жалғз алынган құрал-сайман келіп түсті (2 000 000 X 139,45) |
278 900 000 |
001 "Жалға алынған негізгі құралдар" |
- |
2. |
Жалға төлемі өндіріс шығынына жатқызылды (5 000 х 24 х 145,65) |
17478 000 |
7210 |
3540 |
3. |
Бағамдық айырмасы бойынша шығыеы жатқызылды [120000х(151,3- 145,65)]
|
678 000
|
7430 |
3540 |
|
||||
4. |
Резндент еместүлғаның табысынан табыс салығы үсталыңцы (17 478 000 -t 678 000) х 20% |
3 631200 |
3540 |
3110 "Төлеуге тиісті корпоративті табыс салығы" |
5. |
Шетел компаниясына жалғаға берілген қарызы етелді |
14 524 800 |
3540 |
1050 |
6. |
Ре-зидент емес тұлғадан үсталған табыс салығы бюджетке. аударыпды |
3 631200 |
3110"Төлеуге тиісті корпоративті табыс салығы" |
1030 |
7. |
Жалға мерзімі аяқталған соң, шетел компаниясының құрал-сайманы өзіне қайтарылды |
278 900 000 |
|
001 |
