- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Еңбек ақы есебі
Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
Еңбек ақыны есептеу тәртібі
1. Еңбекақы есебі оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.
Жұмысшы мен жұмыс беруші арфсындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтік актілермен , «Қазақсатн республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Жұмысқа қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сурауы бойынша толтырылады.
Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшыларды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім) » нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім)» негізінде беріледі.
Еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Қызметкерлерге белгіленген қызметақы бойынша жұмыс істелген уақыт үшін есептелінеді.. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелгмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Негізігі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісім шартында белгіленген көлемінде еңбек уақытымен есептеу тізімінің негізінде есептелінеді. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу нысанын қолданады. Осы нысына бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады., еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.
Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі. Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі өндеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін бухгалтерияда еңбекақыға арналған кітап қолданылады. Онда әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі.
Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнге төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді.
Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді:
демалыс уақытына төлем, пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы;
жұмыс сипатының өзгеруіне немесе көлемінің қысқаруына (ұйым жабылып қалған кезде, құрамның , штаттың және т.с.с. қысқаруы кезінде, сондай-ақ өндірісте жазатайым уақиғаға байланысты жұмыстан босату) байланысты босатылған жұмысшыларға демалыс жәрдемақысы;
қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқаруымен, ұйымның қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома,
жұмысшының орындаған жұмысына байланыссыз белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, мысалы баланың өмірге келуінде, ақылы операция жасау кезінде және құжатпен расталған басқа да жиынтық емес сипаттағы төлемдер; өндірістік жарақат нәтижесінен еңбек қабілеттілігін жоғалтумен байланысты жәрдемақы, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде зиян шеккен адамдарға зиянның орнын толтыру;
уақытша еңбекке жарамсыз, екіқабат және баланы дүниеге әкелуге байланысты және т.с.с., жұмысшының денсаулығына зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру.
Демалыс ауқытына төленетін төлем. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталған орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына байланысты анықталады.
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы. Жеке еңбек келісімшартының қандай негізінде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді.
Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы. Жәрдемаққы қызметкердің сырқаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде, протездеу, жанұя мүшелерінің біреуі ауырған кезде қарауға кеткенде, карантин және туберкулез ауруына шалдығуына немесе кәсіптік сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша аудару кезінде, басқа жағдайларда үкімет белгілеген тәртіпте төленеді. Уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеудің және есептеудің негізі еңбекке жарамсыздық парақшасы немесе аңықтамалар болып табылады.
Еңбекке жарамсыздық парақшасы- еңбекке жарамсздығын растайтын құжат, жұмыстан босату және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық парақшасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын кез-келген жұмыста істейтін тұлғаларға беріледі.жұмыстан шығарылған тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді.
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.
Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол объектіде бекітілген еңбекақы төлеу жүйесімен қарастырылған жалақының, ақшалай сыйақылардың барлық түрлері, үстемеақы және қосымша төлем, еңбексінірген жылдар үшін және жыл нәтижесі бойынша сыйақылар кіреді.
Азаматтарға мынадай жағдайларда жәрдемақы берілмейді: қылмыс жасау нәтижесінде жарақат алған кезде, ішімдік, нашақорлық және т.с.с. пайдалану кезінде өз денсаулығына қасақана қастандық жасаған кезде. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша мәжбүрлі емделуге тартылған (психикалық аурумен ауратындардан басқа), олардың кінәлары анықталған кезде сот-медициналық сараптамасынан өтетін, сондай-ақ қамалудағы тұлғаларға берілмейді.
Әйелдерге жүкті болуына және бала босануына байланысты 70 күнтізбелік күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс кезінде жалақының 100 пайыз көлемінде белгіленеді және төленеді. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Сонымен қатар сол банкте қанша уақыт жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі.
Жерлеуге төленетін жәрдемақы . Сол жылғы республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді өз мойнына алған басқа да жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Өлі бала туылған кезде жерлеу үшін жәрдемақы жалпы негізде беріледі.
