- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
3.Резервтік капиталдын есебі
Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және баска да тараптардын таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды кұрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен аныкталады. Резервтік капитал жарғылық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5400 "Резервтік капитал" бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: "Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал" және "Басқа да резервтік капитал".
Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АК, және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердін жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3390— артыкшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510-шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)", 5520-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" — зиян шеккен соманы резервтік капиталдын есебінен жапкан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші "Баскада резервтік капитал" шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мәлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5510 шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)". 5520-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)".
Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік.
Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5510 -шоты пайдаланады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5510 шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:
- жыл ішінде алынған табыс сомасына
5610-ші "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліп, 5510-ші "Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.
Сонымен қоса, 5510 шоттың кредиті және 5410 шотының дебеті — есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5510 -шоттың кредиті және 5410, 5420, 5430, 5440, 5450 шоттарының дебеті есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша кайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5510 -шоттың кредиті және 5210 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.
5510 шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылык, операциялары көрініс табады:
5410 " Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал", 5460 "Басқа да резервтік капитал" шотының кредиті қолданылып жүрген зандарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 3030 "Жай акциялар бойынша есеп айырысулар", "Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар", 3390 "Басқада кредиторлық қарыз және есептесулер" шоттарының кредиті — жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 5210 "Қайтарылып алынған капитал" шотынын кредиті -акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.
Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:
бөлінбеген табыс сомасына: 5510 --шот дебеттеледі,5520 -шот кредиттеледі;
бөлінбеген зиян сомасы: 5520 шот дебеттеледі, 5510 шот кредитгеледі.. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510 шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондыктан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.
Өткен жыядардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жьтлдан бұрынғы жылдары пайда болған бәлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5520 шотта жүргізіледі.
5520 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары:
-өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5510 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 5410, 5460 шоттарының дебетінде көрініс табады.
5520 шоттын дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары:
өткен жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5510 шоттың кредитінде; шаруашылық серкітестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивиденттердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 3030, 3390 шоттарының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 5000 шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіпорынның келтірген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті болуы мүмкін.
Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6010 "Негізгі қызметтен түскен табыстар" бөлімшесінің шоттарында, 6210 "Негізгі емес қызметтен түскен табыс" бөлімшесінің шоттарында, 7010 "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік кұны" бөлімшесінін шоттарында, сондай-ақ 7110, 7410, 7710, 6310, 6410,6420 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.
Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады:
6010 "Негізгі қызметтен түскен табыстар" бәлімшесінің және 6210 "Негізгі емес қызметтен түскен табыс" бөлімшесінің шоттары дебеттеледі, 5610 "Жиынтыктабыс (зиян)" шоты кредиттеледі.
Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы аныкталады:
6310 "Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зияндар)" белімшесінің шоттары және 6410,6420 "Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар (зиян)" шоттары дебеттеліп, 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шоты кредиттеледі.
Жыл аяғында 7010, 7110 , 7310 , 7410 шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотының дебетіне көшіріледі.
6020 "Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде берілетін жеңілдік, сондай-ақ бағаны кеміту" бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 6020 бөлімшенің 6020, 6030 шоттарының дебеті бойынша және 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 6020, 6030 шоттарының кредитінен 5610 шоттың дебетіне көшіріледі.
5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады: онда табыстар (5610-шоттың кредиті) және зияндар (5610-шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 5610-шоттың дебеті бойынша және 5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын 5610-шоттың кредиті және 5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотының дебеті бойынша кәрініс табады.
Лекция№13 Қаржылық қорытынды есеп беру
Қаржылық есеп берудің маңызы.
Есеп берудің құрамы қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
1. Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорындардың есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Кәсіпорындардың мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорындардың қаржылық есеп беруінде кәсіпорындардың мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Кәсіпорындардың қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын құнының қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіптерден мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, айналым құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының, қаржы қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп беруден деректері бойынша қорлармен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын және кемшілігін анықтайды. Қаржылық есеп беру кәсіпорындардың несиеге, қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттермелерді жабу дәрежесімен анықталады.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің ролі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорындардың нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.
2.Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорын үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдық 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы, жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорындардың басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді.
3. Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы-есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішнде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуметті инвесторлар, кредиторлар жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
4.Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің N3 стандартында ашылып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
негізгі қызметтен (өнімдерді жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс
сатылған өнімнің, жұмыстың өз құны
жалпы кіріс
кезең шығындары (жалпы және әкімшілік шығындары проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар)
негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян
салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян
табыс салығы
салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян
төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян
таза кіріс немесе зиян
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл кәсіпорындардың әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек.
Стандарт сондай-ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс: тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі), тоқтатылған операциялардан алынған кіріс немесе зиян өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорындардың әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.
Стандарт бағалауды өзгертуден әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есепті бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады.
есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе
өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге
егер өзгеріс оларға да әсер етсе
5.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттарымен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат біріншіден кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әртүрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі.
негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері
инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері
қаржыландыру жөніндегі қызмет
Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.
Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:
тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері
сыйақылардың комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері
тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері
қызметкерлерге ақша төлемдері
ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса
шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемдер
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысалболып табылады: негізгі құралдарды, материалды емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері
меншікті капиталды немесе басқа кәсіпорындардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері
басқа кәсіпорындарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз
басқа кәсіпорындарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.
Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:
акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері
акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың өтемін төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері
қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды вексельдерді, облигацияларды шығарудан түскен ақша түсімдер
алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру 2 әдіспен жасалады: тікелей әдіс және жанама әдіс.
