- •Қ .А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті экономика факультеті «қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы
- •Лекция тезистері
- •Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Курстың мақсаты.
- •Пререквизиттер.
- •Постреквизиттер.
- •1.7. Қысқартылған сөздерге түсініктеме.
- •1.8.Ұсынылатын әдебиеттер.
- •1.9 Оқу жоспарынан көшiрме
- •Іі . Пән бойынша оқу - әдiстемелiк материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы 3 кредит.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Студенттің өзіндік жұмысының тізімі (сөж)
- •Лекция №1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
- •Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
- •2.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылык есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі
- •3.Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары
- •4. Есепте қолданылатын өлшеуіштер
- •5. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар
- •Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
- •2.Бухгалтерлердің кәсіби этикасы
- •3.Бухгалтерлік есептің тәсілдері
- •Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.
- •Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.
- •Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
- •2 Бөлім. Ағымдағы активтер
- •1.Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- •2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- •3. Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік
- •Ішкі шоттар
- •Аналитикалық шоттар
- •4.Шоттарды жіктеу
- •5. Бухгалтерлік есеп шоттарының шоттарының жұмыс жоспары
- •Есептік кезеңде қаржылық есепті ұйымдастыру
- •20__ Жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы
- •Типтік және Жұмыс жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасы
- •Бухгалтерлік шоттарды жіктеу кестесі
- •Синтетикалық бухгалтерлік шоттардың сызбасы
- •Шаруашылық операциялардың типтік өзгерістерінің сызбасы
- •1. Айналым ведомостері, оның маңызы мен құрылу тәртібі
- •Синтетикалық шоттары бойынша айналым ведомосы
- •Лекция №6 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Бухгалтерлік есепті құжатпен ресімдеу
- •1.Есеп регистрлері
- •2.Бухгалтерлік есеп формалары
- •3.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі
- •4.Бухгалтерлік құжаттар
- •5.Жаңылыс жазбаларды түзету
- •Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
- •Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
- •Лекция №8. Ағымдағы активтердің есебі: Алынуға тиісті шоттар және басқадай дебиторлық борыштар
- •Лекция №9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •1.Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
- •2.Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру
- •Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
- •3.Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу.
- •4.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
- •5.Қаржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
- •6.Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- •Лекция№11 Міндеттемелер есебі
- •Еңбек ақы есебі
- •Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
- •Еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •2. Еңбекақыны есептеу тәртібі.
- •1.Жарғылық капиталдың есебі
- •2.Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •3.Резервтік капиталдын есебі
- •4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі
Лекция№11 Міндеттемелер есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелер – бұл қарыз алушының операциялық циклының нақты күнінен бастап, төлеу мерзімі бір жылдан жоғары міндеттемелер.
Міндеттемелерді бағалау және өлшеу кезінде келесі принциптерді ескеру қажет: ұзақ мерзімді міндеттемелер қарызға алынған тауарлар және қызметтердің әділ нарықтық құны бойынша тіркеледі, пайыздарды кезеңдік төлеу міндеттемелерді шығару күніне сәйкес нарықтық пайыздық ставкаға негізделеді. Ұзақ мерзімді міндеттеменің баланс датасына келетін қалдық құны – эмиссия кезіндегі нарықтық пайыздық ставкаларға дейін дисконтталған, нақты ақшамен берілетін төлемдердің нақты құны. Бұл мақсатқа арналып қолданылып жүрген пайыздық ставка міндеттеменің мерзімі ішінде өзгермеуі қажет.
Облигация – ұзақ мерзімді негізде капиталдың үлкен сомасын қорғау үшін ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің шығаратын қарыздық куәлігі. Облигациялар ұйым эмитенттің облигацияларды ұстаушылардың инвестицияланған капиталын қайтару үшін негізгі сома және пайыздарды төлеуге берген формальды уәдесін білдіретін құжаттар.
Облигациялар бірнеше тәсілдермен өткізілуі мүмкін. Әдетте облигацияның барлық эмиссиясын инвестор – банкі арқылы сатылады. Инвестициялық банктер жеке кепілдік беруі мүмкін.
Көптеген облигация эмиссиялары құжаттық үлгіде жүргізіледі. Ұйым облигацияны шығарған кезде кредиторға мерзімдік сыйақы төлеуді және алынған соманы белгіленген күнде өтеуді міндетіне алады. Облигациялар егер бухгалтерлік есепте тіркелген күнінен бастап бір жылдан артық мерзімге есептелінген болса, онда олар ұзақ мерзімді болып саналады.
Шығарылған облигациялардың сатып алынуы және көптеген салымшылардың ұстауы мүмкін. Сондықтан ұйым облигацияларды ұстаушылардың құқыған, артықшылығын және қойылатын шектеулерді анықтайтын, облигацияның өтеу мерзімін, сыйақы төлеу күнін және олардың мөлшері көрсетілген облигациялық келісім деп аталатын қосымша келісім жасайды. Облигациялар бойынша берешек, сонымен қатар олармен байланысты өтелмеген жеңілдіктер және үстемелер бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі.
Облигацияларды номиналды құны бойынша сату кезінде есепте ақша қаржыларын есепке алу шоттарының дебеті және 3050, 4030 «Басқалар» шотының кредиті жазуымен көрсетіледі.
Сыйақы есептеу кезінде 7310 «Сыйақы түріндегі шығыстар» шотының дебеті және 3360 «Төленетін сыйақылар» шотының кредиті жазуы беріледі.
Номиналды пайыздық ставка – бұл облигацияның номиналды құнына негізделген облигацияларды ұстаушыларға төленетін пайыздық ставка. Мұндай пайыздық ставка және сома заимның барлық мерзімі барысында тіркелінген болып қалады.
Нарықтық пайыздық ставка – бұл заим және тәуекел шарттары ұқсас облигациялар бойынша инвестициялық нарықта төленетін сомаларға негізделінген ставка.
Егер нарықтық пайыздық ставка номиналды құнынан жоғары болса, облигацияның шығарылатын құны номиалды құнынан төмен болады. Мұндай жағдайда облигациялар жеңілдікпен шығарылады. Екінші жағынан, егер нарықтық пайыздық ставка номиналды құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда облигациялар сыйлық шығарылады. Сыйлық шығарылатын құнының номиналды құнынан артылатын сомасына тең.
Осыған орай, облигациялар бойынша сыйлық оның өз құны және номиналды құны арасындағы айырмасына тең, ал жеңілдік бұл өткізудің нақты және номиналды құндары арасындағы айырмашылық болып табылады. Бұл айырмашылықтарды инвестор облигацияларды пайдалану мерзімі барысында амортизациялауы және оларды өтеу мерзімі соңына қарай оның құнын номиналды құнына жеткізуі қажет.
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛЕР МЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Материалдардың өндірістік қоры жабдықтаушы мекеменің есебінен немесе жабдықтаушы өткізуші кәсіпорындар есебінен толтырылады. Мекемелер арасындағы шаруашылық қатынас келісім-шарт негізінде құрылады. Онда қаралатындары: Материалдардың (құндылықтардың) түрі, саны, бағасы; жабдықтау мерзімі; есептесу тәртібі; тасымалдау тәсілі;келісім-шартты орындамағаны үшін төленетін төлем, қабылдау тәртібі т.б.
Келісім-шарттық қатынас, мекеменің материалға деген сұранысын мына жадайда толық қамтамасыз ете алады. Материалдың керекті сапасы және белгіленген айқындалған мерзімі. Жабдықтаушы мекемелер жіберілген өнім үшін төлеу талабын, счет – фактураны толтырып оларды төлеу үшін банкіге жібереді және почта арқылы сатып алушыға жібереді.
Мекемелердің келісім-шарттық міндеттемесінің есебін жабдықтау бөлімі жүргізеді. Сондықтанда төлеу талабы 1-ші кезекте жабдықтау немесе қаржы бөліміне келіп түседі. Ол жерде келісім – шарттарға талапқа сәйкестігін тексеріп төлеу талабын тіркеу журналына тіркеп акцептейді. Төлеу талабы тіркелгеннен соң, ішкі тіркеу нөмерін алып, кәсіпорындардың бухгалтериясына төлем үшін жіберіледі, ал квитанциямен тауарлы транспортты накладной жүкті жеткізу және алу үшін экспедиция бөліміне жеткізіледі. Осы сәттен бастап кәсіпорындардың бухгалтериясында жабдықтаушылармен есептесу талабы туындайды. Жүктің қоймаға түсу сәтінен бастап кіріс ордері толтырылады. Одан соң тіркеліп бухгалтерияға тапсырылады, онда тексеріліп төлем талабына қосылып тігіледі. Банктің осы құжатты төлемнен өткізуінен бастап есеп айырысу счетындағы ақша қаражаттарының есептен шығару жөніндегі көшірмесін алады. Осымен жабдықтаушымен осы құжатпен жабдықтау жөніндегі есеп аяқталады.
Тауарлы – материалды құндылықтардың жабдықтаушыларымен, қызметтердің, мердігерлерімен есеп айырысудың синтетикалық есебі бухгалтерлік есеп шот жоспарының 3310,4110 ``Жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу`` счетында жүргізіледі. Балансқа қатысы бойынша бұл шот пассивті.
Кредитті бастапқы қалдығы кәсіпорынның жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қарызын көрсетеді. Дебиттік айналымы – есеп беретін айдағы төленген суммаларды көрсетеді, кредит айналымы – есепті айдағы төленуге тиісті, акцептелген төлем құжаттары, және фактураланбаған түсімдер көрсетіледі.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі журнал ордер N6 жүргізіледі.
Аналитикалық есебі әрбір төлем құжаты бойынша,немесе әр кіріс ордері бойынша ұйымдастырылады.
Журнал ордер N6 ай басындағы жабдықтаушылармен бітпеген мынадай есеп айырысулар бойынша ашылады:
Төлеу мерзімі келмеген немесе ұзартылған
а) акцептелген төлеу құжаттары бойынша
б) Акцептелген төлеу құжаттары бойынша төлем ақы төленген бірақ материалдар әлі келіп түспеген
в) Акцептелген төлеу құжаттар бойынша, төлем төленбеген, материалдар келіп түспеген
г) фактураланбаған жабдықтаулар бойынша ай басындағы сальдо (материалдар келіп түскен, төлеу құжаттары әлі келмеген).
Есепті айдың ішінде кәсіпорын бухгалтериясы жабдықтаушылардың төлеу талаптарын қабылдайды, оларды акцептейді, кіріс ордерлары мен қоймалардың қабылдау актілерін, есеп айырысу счетынан банк көшірмесін алады. Соның нәтижесінде екі жақ әр қайсысы өз міндеттемелерін орындаған соң жабдықтаушылармен есеп айырысуды бітіреді.
Журнал ордер N6 көрсеткіштері жабдықтаушылармен есеп айырысу жағдайын әрбір құжат бойынша біліп отыруға мүмкіндік береді. Журнал ордер N6-да счеттың номері жазылады, тіркеме номері, жабдықтаушының аты, тағы да қойманың кіріс ордерінің номері, келіп түскен материалдардың есептеулі бағасы бойынша құны, және жабдықтаушылардың төлеу талабы бойынша бағасы Есептеулі баға бойынша суммалар келіп түскен материалдың түрінен байланыссыз жазылады, ал жабдықтаушылардың төлеу талабы бойынша суммалар әр материалдың группасына бөлек – бөлек жазылады (негізгі, көмекші, жартылай полуфабрикаттар, отын т.б.)
Банк көшірмесі бойынша әрбір төлеу құжаты бойынша төленгені туралы белгіленеді.
Фактураланбаған жабдықтаулар деп – материалдық құндылықтар келіп түскен, бірақ олар бойынша төлеу құжаттары әлі келмеген, жабдықтауларды айтады. Қоймада оларды кіріске алады, қабылдау актісін жазып, ол құжаттарды бухгалтерияға жібереді. Бухгалтерияда материалдар есепті бағасы бойынша есепке алынады, келіп түскен материалдар болып журнал ордер N6-ға жазылады, сосын сол суммада материалдар группасына жатқызылады және акцептке ``Н`` деген белгімен алынады.
Фактураланбаған жабдықтаулар журнал ордер N6-ға ай соңында тіркеледі. Олар есепті айда төленбейді, өйткені төлеу үшін негіз болып төлеу талап құжаттары болып табылады. Бұл жағдайда келесі айдың басында жабдықтаушылармен есеп айырысу бітпейді. Келесі айда осы материалдар үшін төлеу талабы түскен соң, кәсіпорын оларды акцептейді, счеттар төленеді, бухгалтерияда журнал ордер N6-ға тіркеледі, матариалдар группасы бойынша. Ал алдыңғы айда есепті баға бойынша жазылған сумма ``сторно`` ға алынады.
Осылай жабдықтаушылармен есеп айырысу аяқталады.
Жолдағы материалдар деп – төлеу талап құжаттарын кәсіпорын акцептеген, ал материалдар әлі келіп түспеген жабдықтауларды айтады. Есепке банкпен төленген төленбегенінен байланыссыз барлық акцептелген төлеу құжаттары алынады. Журнал ордер N6-да төлеу құжаттары ай ішінде келіп түспеген материалдар үшін акцептелген суммада тіркеледі. Айдың соңында бұл материалдар құндылықтарды кәсіпорын міндетті түрде балансқа кіріске алу керек, яғни шартты түрде кіріске алу керек. Бірақ келесі айдың басында бұл жабдықтаулар бойынша есеп айырысулар .аяқталмайды
Материалды құндылықтар келіп түскен соң бухгалтерия қоймалардың кіріс құжаттарын алады, қоймаға кіріске алады және материалдар группасына жазылады, бірақ акцептелмейді өйткені төлеу талап құжаттары алдын-ала келіп түскенде акцептелген. Ай соңында журнал ордер N6 жабылғанда бұл материалдар группасы бойынша түсім ``сторно`` ға алынады, себебі екі рет кіріске алынған.
