Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана каласынын шан тозанын зерттеу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сурет 1- Ақмола облысының әкімшілік – экономикалық картасы

Жалпы мәліметтер. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде, Қазақтың ұсақ шоқыларымен Теңіз сатылы шеңберінде орналасқан. Ол 1939 жылы 14- қазанда құрылған. Облыс территориясының ауданы 96, 8 мың шаршы шақырым.Батыста Қостанай, солтүстікте Солтүстік – Қазақстан, шығыста Павлодар, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.

Рельефі. Территориясының беті біркелкі емес: Ұсақ шоқылар, биік емес таулар аздап тілімденген жазықтық және өзен аңғары. Рельефтің пішіндерінің мұндай әр түрлілігі оның геологиялық құрамын және геологиялық тарихын күрделілігімен анықтайды Геоморфологиялық жағынан облыс территориясы цоколді төбешікті таулар елінің солтүстігінде Көкшетау қыратының етектері созылып жатады. Төбешікті таулардың орташа биіктігі 400-500 метрге жетеді. Аласа таулар оңтүстік бағытында кішігірім аңғарлар және жыралар тілімделген. Олардың бірі Жабай өзенінің аңғары. Балкашин ауданының территориясында төбешіктердің шынында кристалданған тау жыныстардың көбірек ашылулары кездеседі. Оңтүстігіне қарай ендік бағытында кең байтақ территорияда Атбасар жазықтығы орналасқан. Облыстың солтүстік – шығыс бөлігінде мередияндық бағытта сілеті жазығы созылып жатыр. Атбасар жазықтығымен салыстырғанда абсалюттік биіктігі төменірек (250-300). Оңтүстігінде биігірек Теңіз жазықтығы шектеседі, оның орталығында Теңіз және Қорғалжын көлдері бар. Теңіз ойпатының жазықтықтары жоғарыдан қарағанда дұрыс емес овал пішінде болып, ендік бағытта созылған ойпаатың көпшілік бөлігі абсалюттік биіктігі 250-400 метр болған Нұра және Терісаккан өзендерінің аккумлятивтік жазықтығынан құралған. Терісаққан өзені бассеиінінде үлкен аңғарды алаңдары өте өткір тілімденген және өзен алды ұсақ шоқыларға айналған. Теңіз ойпатының солтүстік батыс бөлігі Ишим өзенін алабы мен ашылған, оның оңтүстік шығыс бөлігінде су ағыны жоқ. Бұл жерде көп көлдер шоғырланған. Жоғарыда айтылған төбешікті – толқынды жазықтар негізінде ежелгі тау жыныстардан болып, оларды қалың төрттік дәуінірің сары-қоңыр лессті саз башықтары жамылып жатыр.Кей жерлерде жазықтарды сайлар, жыралар және өзен аңғарлары қиып өтеді. Кейінгі кездерде дала зонасының бедерін беткейлерін жыралар мен сайлар тілімдеген.Облыстың орталық бөлігіндегі жазықтардың обсалюттік биіктігі 300-450 метірден аспайды. Төбешіктердің салыстырмалы биіктігі 100-150 метрге жетеді.

Орталық- Қазақстан аласа таулы белдеуінен Солтүстікке қарай екі үлкен рельеф баспалдағы күзетіледі. Орта баспалдақ денудатциялық жазықтан құрайды. Төменгі баспалдақта денудациялық жазық болып оның ішінде жекелеген төбешіктер көтеріліп тұрады. Сарақаның биік емес төбешіктері Шортанды, Алексеев және Макинск аудандарының териториясында кездеседі. Олар желеген тізбекті қырқалы немесе салыстырмалы биік төбешіктері болған төбешікті бедерден құралған. Аласа таулар және төбешікті таулар кайназой эрасында белсенділенген кесек тас тәрізді тектоника әсерінен пайда болған. Ұсақ шоқыларының екі түрі кездеседі. Су айрықтың және өзен алды беткейіндегі. Біріншісі тізбек сияқты көтерілулер немесе жеке төбешіктер, олар палеозой тау жыныстарынан тұрады. Едәуір төменірек деңгейдегі және эрозия базисінен төмендегі өзен бойындағы ұсақ шоқырлар қазіргі заман денудация бетін құрайды, өзен жағалауында және кейбір жерлерде Ишим өзенінде. Облыс территориясында Ериментау таулары ерекше ажыратылып тұрады. Ол мередиян бағытта созылған, палеозой тау жыныстарынан құралған құзды тізбектер сериясынан тұрады. Қоршаған ортадан орташа биіктігі 400-500 метр. Бұл аласа таулы массивінің рельефінің оның беткейлерін экспозициясы құраған тау жыныстарының құрамына сәйкес рельеф тән болды. Кварциттер, граниттер таралған учаскелерге ең өткір ерекше рельеф пішіндері сәйкес келеді. Тақтатастар, құмтастар мен конгломмраттар таралған учаскелерге рельефтік жайпақ жұмсақ пішіндері сәйкес келеді.

Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жеке тізбектер түрінде Сарыарқаның етектері шығады. Оларға биік емес аралдық таулар кіреді.

Геологиялық құрлысы. Жерінің геологиялық құрлымы каледон және герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Палеозой эрасының соңында континенттік түзілу кезеңі басталды.Өте ұзақ мерзімге созылған текістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке Мезазой эрасында бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палеозойдың метаморфталған тақта тастарынан, кварциттерінен, құм тастарынан, альбитофирлерінен, әк тастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро, тағы басқа) және эффузиялық жыныстар кең таралған Байырғы платформалық қабатын жыныстарды неогенмен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жатыр.Кең байтақтарынан алтын, уран, боксит, сүрьме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құрамы, құрылыс материалдары, тағы басқалары өндіріледі.

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5, 5 айға созылады), суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16-180 с шілдеде 19-210с. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташ қалыңдығы 20-220см. Жауын шашын шамамен орташа көрсеткіші солтүстігінде жылына 400 мм оңтүстігінде 250 мм.

Аймақтың климаты күрт континентальды әрі құрғақ. Ауаның температурасы жыл мезгіліне қарай шұғыл ауысып отырады. Қыста цельсий бойынша 300 с дейін суытса, жазда 350 с градусқа дейін қызады. Қыста күні қарлы борандар ұйытқиды, ауаның температурасы әсіресе ақпан айында күрт төмендейді. Жазда шаң борайды, аңызақ жел тұрады, күн әсіресе тамызда қатты ысиды.

Бірақ бір нәрсені айтып кетпеске болмайды. Қазір климат жылдан жылға өзгеріп бара жатыр. Ол баршамызға мәлім. Көне көздердің айтуынша бұрын Ақмола және орталық Қазақстанның басқа да қалалары қар астында қалады екен, қардың қалыңдығы кейде жер үйлерді көміп тастаса керек. Бірақ кейінгі жылдары қыста қар аз жауып, күн жылы болатынын көріп жүрміз. Жылдан жылға күн жылып қыс кеш түсе бастады.Ауа райының осындай құбылыстары өзгерісін елорданы Алматыдан Астанаға көшірген кезден бастап көшу дейміз. Осы орайда Астаналықтардың Алматылықтар жылуды өзімен ала келді деп қалжыңдап айтып жүргендер де бар.

Жер шаруашылық құамында сортандалған қара топырақ және сортаңды топырақтар негізгі топырақтарға кіреді. Айдауға жарамсыз жерлердің негізгі аумағын қиыршықталған және түйіршік тастары бар топырақтар иеленеді. Олар негізінен төбелерде және жердің жоғары беткейлерінде кездеседі.

510 солтүстік ендіктің оңтүстік жағасында қара топырақ зонасы біртіндеп қызғылт қоңыр топырақтарға өте басым. Қызғылт қоңыр топырақ аумағы 7340.3мың га тең болып, оның 70пайызы ауылшауашылыққа пайдаланылады. Бұл подзонаның ең жақсы топырағы қызғылт қоңыр корбанатты, орташа саздақты тоырағы саналады. Осы топырақтың қарашірік горизонты 35-45см жетеді.Топыраақтың қарашірік мөлшері3 тен 4 пайыз аралығында болады. Бұл топырақта қара топыраққа қарағанда сіңдірілген алмасу негізі құрамындағы Магнийме Натрийдің мөлшері көп болады. Оңтүстікке қарай топырақ сортаңдау болып келеді.Сондықтан бұл жерлерде сортаңдау процесін болдырмауға қарсы шаралар қолдану қажет. Облыстың шығыс бөлігінде қыратты майда шоқылы жазықтықтарда қызғылт қоңыр топырақтар жайғасқан. Бұлардың ішінде ең негізгі топырақ қызғылт қоңыр топырақ аз қабатын, орташа- ауыр саздақты топырақ саналады. Бұл подзонаның топырақтары эрозияға қарсы күресетін іс шараларды қолдануын талап етеді, сонымен бір қатарда фосфор, ал кейбір жерлерінде азот тыңайтқыштарын салу керек екендігін білдіреді. Топырақтың тығыз болуы су өткізгіштігін жақсарту үшін ағып келіп жатқан суды және судан түскен ылғалдықты жинау үшін қосымша іс- шараларды жургізуді керек етеді.

Ірі өзендері Есіл мен Нұраны бөліп айтуға болады. Теңіз көлінің аты баршаға белгілі. Одан басқа қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл және Қыпшақ көлдері де баршаға ірі көлдердің қатарына жатады.

Астанадан батысқа қарай көлдер шалқыған өңірде дала табиғатының тағы бір кереметі-Қорғалжын қорығы жатыр. Бұл табиғат кешені теңіз ойпатының оңтүстігінде, одан әрі қазақтың ұсақ шоқыларына ұласады. Қорықтың жүрегі –өзара жалғасқан теңіз және Қорғалжын көлдер жүйесі. Теңіз көлінің аумағы 159мың га құрайды, бұл Женева көлінен екі есе артық. Суының минералдануы әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе жоғары. Көлде құстар ұя салатын үлкенді –кішілі 70-ке жуық арал бар. Қорғалжын көлі Теңіз көліне мүлдем ұқсамайды. Оның алып су ауданын қамыс пен қоға араласа өскен қопа басқан. Осы тамаша қорықта өсімдіктер дүниесінің 350-дей түрі өседі, оның 90 пайызы шөптер. Аймақтың ірі өзендері –Есіл, оның салалары –Қал – құтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңді, Құланөтпес т.б. өзендер бар. Көлдері туралы айтар болсақ ;Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т.б. тұзды көлдері ; Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вечеслав (Есілде) Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі 180.6 млн. М3. Қоғалжын көл жүйесін сумен толыстыру және Астана өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70-74млн метр куб Ертіс суы беріледі.