- •Мазмұны
- •Сурет 1- Ақмола облысының әкімшілік – экономикалық картасы
- •Жер асты сулары
- •1.2 Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері
- •1.2.1 Табиғи ластану
- •1.2.2 Антропогендік ластану
- •1.3 Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері
- •0,55 И (0,33-0,36) – коэффициенттер
- •Сурет 1 - 2014-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (али5) салыстыру
- •Сурет 3 - 2014-2015 жж аралығындағы қр қалаларының атмосфералық ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) шрек-нан асу еселігі.
- •2.2 Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі
- •2.3 Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі
- •2.4 Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар
- •3. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.3 Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері
Атмосферада белгілі мөлшерде ешқандай зиянсыз ластаушы заттар болуы мүмкін. Өйткені онгда өзіндік тазалану процесі жүреді. Атмосфераның өзіндік тазалануы түскен жауын-шашынмен ғана емес, метеорологиялық құбылыстармен де байланысты.
Жер атмосферасы үнемі алмасуда: Жоғары көтерілген жылы ауа экваторда полюстен келе жатқан суық ауа ағынмен алмасады. Атмосферадағы болып жатқан климаттық және метеорологиялық процестерге байланысты ластаушы заттар шығарылған жердің маңында шоғырлнады немесе қаланың сыртына шығып тарап кетеді. Осы атмосферадағы алмасу процестері салдарынан ауаның ластануы әлемдік маңызы бар мәселеге айналды.
Ластағыш заттар концетрациясы мен олардың қозғалуының басты күші жел. Қалыпты жел ластағыш заттарды қаладан әкетіп көп көлемді ауада таратады. Концентрация нәтижесінде ластану азаяды. Белгілі бір физико-географиялық жағдайда қатты жел керісінше ауадағы шаң концентрациясын көбейтеді (мысалы, топырақ-өсімдік жамылғысының бұзылуы шаңды жел пайда болуына әсер етеді). Тағы да бір ескеретін жай қатты жел кезінде ластану проблесы жоғалмайды, ол кеңістікте ығыстырылады. Баяу желде ластаушы заттар қауіпті концентрацяда шығарылған жерінде жиналады.
Жел бағыты ауадағы қозғаушы градиент-атмосфералық қысымға байланысты, ал жел жылдамдығы атмосфералық ауа қысымы төмендегенде артады.
Атмосфералық ауаның ластануына оның горизонтальді ғана емес вертикал алмасуы да әсер етеді. Ауа массасы жер бетіне параллель алмасуы мүмкін, сонымен қатар жылу градиенті әсерінен пайда болатын вертикалды ағымдар арқылы да алмасады. Жер бетіне жақын атмосфера қабатының турбуленттік араласуы не топырақтың беткі қабатымен алмасқанда, немесе атмосфераның жылулық жіктеуінен болады. Механикалық және жылулық араласулар бір мезгілде байқалуы мүмкін.
Циклон кезінде баяу, ұзақ ауа ағымдары үстем болады да, ластану биіктікте атмосфера қабатында реттеліп таралады және жоғарғы концентрация құрамайды. Ауа райының циклондық шартына лайық жауын мен қар ауадағы қатты және газ тектес қоспаларды шайып шығарады. Қатты жауында ластаушы заттар жоғарғы биіктіктен,яғни стратосфераға дейін шайылады. Бірақ жаңбыр атмосфераны толық шаңнан да тазалай алмайды. Көлемі 3-4 мк кем қатты бөліктер тұрақты, шайылып кетпейді. Олар ауа молекуласымен ұсталып тұрады да атмосферада 1 жылға дейін болады.
Антициклон кезінде жауын-шашын жоқтығы ластағыштардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуына әкеледі. Атмосфераның антициклондық жағдайындағы ластағыш заттардың көп мөлшердегі шығарындылары өте қауіпті және жалпы улануға әкеледі.
Атмосферадағы зиянды заттардың болуына олардың турбулентті ағыспен таралуы, жауын-шашын әркеті және олардың гравитациялық күш арқылы болуы әсер етеді.
Атмосфераның өздігінен тазалануына жел жылдамдығы және күн радиациясының 10-20 пайыз төмендеуі кедергі жасайды. Ауаның баяу қозғалуынан қала үстіндегі жылулық аномалиялар 250-400 м ауданды қамтиды, ал қарама-қарсы температура 5-6°С жетуі мүмкін. Бұларменен жоғарғы ластануға, тұман, смогқа әкелетін температуралық инверсиялар байланысты.
2 АСТАНА ҚАЛАСЫ АТМОСФЕРАСЫНЫҢ ӨҢДІРІСТІК ШАҢ –ТОЗАНДАРЫҢ ЗЕРТТЕУ
2.1 Астана қаласының атмосфералық салыстырмалы шаң - тозандарың сипаттамасы
Шаң дегеніміз жұмыскердің денсаулығына зиянды ықпал ететін жіңішке дисперсиялы аэрозоль. Адам ағзасына шаң ұзақ әсер еткен кезде шаң бөлшектері тыныс жүйесіне түсіп, пневмоканиоз деп аталатын ауыр емделетін ауру туғыза отырып, өкпеге қауіпті өзгертулер әкеледі.
Басқада өндірістегі зиянды факторларға шуыл мен дірілдеу кіреді, олардың узақ уақытқы әсері, жұмыскерлердің жұмыс қабілеттілігінінің төмендеуіне әкеледі. Олар адам ағзасына бірте-бірте әсер етеді және көпке дейін зақымданғандарын адамдар сезбейді.
Қазіргі кезде тұрғындар денсаулығын сақтау және нығайту көп жағдайда қоршаған ортадағы нысандардың сапасына да байланысты екендігі мәлім. Адамның тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта дамыған қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің біріне жатады [5]. Қоршаған ортаның ластануы ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуіне әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде ағзада әртүрлі патологиялық жағдайлардың дамуына ықпал жасайды. Қазіргі уақытта өндіріс орындарына, энергетика және автокөліктерге таза, қалдықсыз технологияның енгізілгендігіне қарамастан, ластанған ауа әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін қатерлі болып табылады. Көптеген зерттеушілер атмосфералық ауа және оның құрамындағы ластағыштар урбанизацияланған аймақтарда тұратын тұрғындардың денсаулығына жоғары деңгейде қауіп-қатер туғызатын «бірінші дәрежелі фактор» деп бағалайды.
Қазіргі кезде кез-келген елді мекендердегі ауа бассейіні жүздеген химиялық заттардың түрімен ластанған, бұлардың деңгейі шекті деңгейден әлдеқайда жоғары, ал оның ағзаға тигізетін қосалқы әсерлері өте жоғары болып отыр. Барлық тұрғылықты мекендердегі атмосфералық ауаның ластануы ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Экологиялық мониторинг Департаментінің ресми мәліметтері бойынша алынған атмосфераның ластану индексі (АЛИ5) кешенінің көрсеткіштері бойынша бағаланады. Республиканың ластанған қалаларына (АЛИ5 ≥ 5) 12 қала кіреді, соның ішінде ауаның жоғары деңгейде ластанған қалаларына (АЛИ5 ≥ 7) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) кіреді .
Қазақстан Республикасы қалаларының ауа бассейінінің ластануына жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша ең жоғары ластану деңгейі Алматы қаласында байқалды (АЛИ5 – 11,7) (Сурет 1).
Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі бойынша динамикасын талдау барысында мынадай нәтижені көрсетті; өткен 2014 жылға қарағанда 2015 жылы, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қалаларында АЛИ5 (атмосфераның ластану индексі) төмендегендігі байқалса, ал Шымкент, Теміртау, Астана, Қызылорда қалаларында ол керісінше жоғарылады. Ал қалған Тараз, Қарағанды, Атырау, Жезқазған, Петропавл, Қостанай, Семей, Ақтау, Павлодар қалаларында өзгеру үрдісі байқалмады.
