Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана каласынын шан тозанын зерттеу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.4 Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар

Атмосфераның үлкен көлемде ластануы оны ластағыштардан жылдам және нәтижелі қорғауын талап етеді. Сонымен қатар ауаны ластаушылардың зиянды әсерін ескерту тәсілдері арқылы қорғау.

Атмосферада зиянды әсерін тигізбейтін белгілі мөлшерде ластаушылар болуы мүмкін, өйткені өздігінен тазару процесі жүреді. Кез –келген ластану табиғаттың нейтрализацияға бағытталған қорғаныс реакциясын тудырады. Табиғаттың бұл қабілеті көп уақытқа дейін адаммен ойсыз және жыртқыштықпен пайдаланылды. Табиғат өздігінен залалсыздандырып және сіңіреді деген есеппен өндіріс қалдықтары ауаға лақтырыла берді, қорғау ресурстарымен салыстырғанда шығарылған қалдықтардың көлемі аз болып көрінді. Бірақ ластану процесі күрт өсіп келеді, атмосфераның өздігінен тзалануының белгілі шегі болады, сондықтан табиғаттың өзіндік тазалану системасы ерте ме кеш пе мынадай қысымын көтермейді.

Атмосфералық ауа - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Сондықтан қазірден бастап оны қорғау жолында қандай шаралар қолдану керектгі жөнінде ойлану керек. Атмосфераның күрделі проблемалары тез арада шешілуді талап етеді.

Атмосфералық ауаны ластағыштардан практикалық қорғау мынадай шаралардан тұрады.

Қалада ауаны қатты ластайтын өндіріс орындарын орналастыруға рұқсат берімейді. Шаң-тозаң және газтәрізді қалдықтарды тарататын металургиялық, химиялық және басқа өндіріс орындары қаладан өте алыс жерге алшақтатылуы керек. Ластаушы заттары бар кәсіпорындарды жобалағанда оларды елді-мекендерден алысырақ орналастыру көзделеді. Келтіретін зиянына қарай барлық кәсіпорындар 5 класқа бөлініп олармен тұрғын үйлер арасында санитирлық-сақтау аймағы болу керек.

1-класқа жататын кәсіпорын мен тұрғын үйлер аралығында санитарлық-сақтау аймақтың ені 1000 м, 2 кл-500 м, 3 кл- 300м, 4 кл-100 м, 5 кл-50 м. Қажет болған жағдайда санитарлық-сақтау аймақтарын кеңейтуге болады. Мұндай аймақтарға ағаштар, бұталар отырғызылып, кедергі, қалқандар жасалып кәсіпорынның зиянды заттары тұрғын үйлерге өтпеуін ойластырады. Өйткені жасыл ағаштар биофильтр болады, ауадағы зиянды заттарды сүзеді. Санитарлық-сақтау зоналарында атмосфералық ауада газдармен өсімдіктерді қатты ластайтын өндіріс орындарында газға төзімді ағаштар, бұталар, басқа да жасыл-желектер егу қажет.

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық жағдайға байланысты өндіріс орындарына мынадай 2 талап қойылады.

Бірінші - өндіріс орындары тек қана материалдық игілік жасап қоймай, өз өнімдерін залалсыздандыруы қажет.

Екінші – қолданылып болғаннан кейінгі өндіріс өнімдері тез арада қайта өндіріс өніміне айналуы қажет.

Атмосфераны шұғыл қорғау тәсілдерінің біріне қалдықтарды атмосферға түспей жатып жою. Ол үшін қалдықсық технологияны пайдалану, зиянды материалдарды зиянсыздандыру, өндіріс орнының өзінде технологиялық процестерді герметизациялау, зиянды қалдықтарды қоқыстандыру, фильтрлердің жаңа конструкциясын пайдалану, ұстау қасиеті жақсы технологияны таңдау, шикізатты құрғақ әдіске қарағанда ылғалды әдіспен өңдеуді қолдану, автотранспорт двигательдерінің қалдықтарын тежелеу қажет.

Өндірістің барлық салаларында қалдықсыз өндіріс пайдалану көп қаржыны, күрделі инженерлік-технологиялық талаптарды шешуді қажет етеді. Ол үшін өндірістік энергиялық циклдарды қалыптастыру керек.

Кейбір жағдайда ауада тарату әдісін қолданады. Түтін мұржалары өте биік болу керек. Бұл тәсіл қалдық түскен жердегі ауаның ластануын азайтады. Бірақ желмен тасымалдау салдарынан зиянды заттар шығарылған жерінен үлкен кеңістікте болудың табиғи келбетін үлкейтеді. Сонымен бірге шығарындылар температурасы мен трубалардың орналасу жерін ескеру қажет. Кейбір өндірістерде факельді газдарды ғимараттарды жылытуға пайдаланады,ал артығын орталық жылу жүйесіне жібереді.

Зиянды қалдықтарды атмосфераға шығармаумен күрес жүргізу және жаңа тәсілдерді өңдеудің маңыздылығы ескеріледі. Өндірістің қоршаған ортаға әсерінің болжамын жетілдіру және соңғы шешім қабылдаған кезде соңғы нәтижесінің қалай болатынын ескеру.

Жаңа технологиялардың ішінде «НПО Градиентех» ұсынып отырған градиентті сепараторға көңіл бөлу керек. Ол зиянды газ шығарындыларын терең тазалауға арналған. Бұл тазалаудың тәсіліне негіз болған көпке мәлім қызықты табиғи құбылыс – құйын. Құйын болған кезде, ол тұмсыққа ұқсайды. Ол тұмсық шаңды ұйтқытып газды көлемге соруына себеп болады. Осыған ұқсас процесс Ю.Е.Агапов ұсынған қондырғыда да болады.

Бұл қондырғы гетерогенді газдар қоспасын ажыратады. Ангидрид, хлор, қостотықты азот, қостотықты көмірқышқылдардың градиентті сепаратордан шыққанын қазіргі өлшегіш аспаптар аңғармай қалатындығы тәжірибе түрінде дәлелденген. Осы градиентті сепаратормен тазалау тәсілі кез-келген технологиялық процесте қолдануға болады: энергетика кәсіпорынында, қара және түсті металургияда т.с.с. Гетерогенді газдар қоспасын ажырату зиянды газ тастамаларын тоқтатып қоймай осы компоненттерді технологиялық шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңы проблеманы жан-жақты қамтиды. Ол өткен жылдардағы жасалған және тәжірибеде нақтыланған талаптарды қорытындылады. Мысалы: кез-келген кәсіпорын жұмыс кезінде ластау көзі болып табылса немесе атмосфералық ауаға кері әсерін тигізсе онда ондай өндіріс орындарын жұмысқа кіргізбеу туралы ереже қабылдау керек.

Ауаның ластануымен байланысты ауа сапасының критерийлерін және сапа стандартын өңдеу зиянды әсерді бекітудің алғашқы қадамы болып табылады.

Адам өмірнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауаның ластануымен байланысты сапа стандарты ауа сапасының деңгейін және шектеулі рауалы шығарындыны көрсетеді. Бақылаушы органдар санды және сапалы бақылау жүргізу керек. Ауа тазалығын санитарлық бағалауда ластанудың 2 түрін ажыратады: максималды бір жолғы және орташа тәулікті концентрация. Әртүрлі ластанудың сатысын иісі бойынша анықтайды. Жануарларды зерттеу үшін санитарлық эпидемиологиялық станциялар ШРК анықтайды. Гидрометеорология орталығы және санитарлық инспекция атмосфералақ ауаның тазалығын бақылайды.

Заң тек қана бақылау мен оның талабының орындалуын қадағаламайды, заң бұзушылықтағы жауапкершілікті қарастырады. Қоғамдық ұйымдардың және жеке адамдардың ауаны ластанудан қорғаудағы рөлі өте зор, өйткені олар мемлекеттік ұйымдарға ерекше бапты іске асыруға көмектседі. Заңда былай делінген: мемлекет атмосфералық ауаның қолайлы болуын сақтауға көп көңіл бөледі, адам өмірінің өмір сүру жағдайларының жақсаруына, олардың еңбек ету, демалу, денсаулығн қорғауға.

Егерде жоғарыда айтылғандарды бріктірсек, мынадай қағидаға келеміз: атмосфералық ауаны ластанудан қорғау аймақтық немесе жергіліктік емес. Ол бүкіл әлемдік іс. Өйткені ауада шекара жоқ және ол мәңгілікті қозғалыста.