Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана каласынын шан тозанын зерттеу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.3 Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі

Астана қаласының атмосфералық ауасына ластаушы заттарды шығару компонентерінен 2015 ж күкірт диоксиді (59 пайыз) басымдылық көрсетуде, сондай-ақ ( 20 пайыз) көміртегі оксидінің анықталып отырғанын сурет 8-де көрсетілген. Қаланың ерекшеліктері – оның орналасуындағы ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етпейтін физико-географиялық жағдайлары, сонымен қатар, қала аумағындағы өндірістік кәсіпорындардың шоғырлануы (жылуэнергетикасы, су тазалау, астық өнімдерің өңдеу).

Тасталынымдардың біршама үлесін күкірт диоксиді 37 пайызды құрайды. Атмосфераны ластауға азот қышқылы мен көміртегі оксиді де басымдылық көрсетуде және оның анықталуы, 9 сурет.

Соңғы жылдары Астана қаласының атмосферасына көлік әсерінің күрт өсуіне байланысты жағдай қиындай түсті. Статистика көрсеткендей, қалада жылына 2 мыңнан 3 мыңға дейін көлік құралдары тіркеледі.

Бақылауға жататын ластаушы заттардың тізбесі атмосфераға шығарылатын тасталындылардың құрамы мен көлемін, сонымен қатар, нақты елді мекенде ауа бассейнінің ластануының алдын ала зерттеу

Сурет 8 - 2015 ж ингредиенттер бойынша Астана қаласының атмосферасына ластаушы заттарды шығару пайызы, (Астана статистика бойынша Есептеу орталығының мәліметтері).

Сурет 9 - 2015 ж ингредиенттер бойынша Астана қаласының атмосферасына ластаушы заттардың шығару пайызы, (СҚО статистика бойынша Есептеу орталығының мәліметтері).

Сапаның негізгі өлшемдері жергілікті жерлерде ауадағы ластаушы заттардың мүмкін шектегі концентрациясының мәні болып табылады. Атмосфераның ластану деңгейі мүмкін шектегі концентрацияға көбірек реттелген 5 зат бойынша есептелетін атмосфера ластануының кешенді индексінің көлемі бойынша бағаланады. Бақылаудың көпжылдық талдаулар мәліметі өнеркәсіптік қалалардың атмосфералық ауасының жоғарғы ластану деңгейін растайды. Атмосфераның ластану жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамы туралы мәліметтер болып табылады. Химиялық талдауға сынама жинау бір әдіс бойынша және бір типті құралдар қолдану арқылы жүргізіледі, 10 сурет.

Атмосфераға түскен шығарындылар

Ластағыш заттардың атмосферада таралуы

Л астағыш заттардың су бетіне және жер үстіне шоғырануы

Ластағыш заттардың а дам ағзасына түсуі

Ауыл шаруашылығына зиян

С у ортасының ластануы

Сурет 10 - Атмосфера ластануының қоршаған ортаға және адамға әсері

Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның бағдарламасы бойынша жауын-шашын мен қар сынамаларында катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний; аниондар - сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; рН көлемі мен гидрокарбонаттар анықталады.

Жауын-шашын сынамаларын жинау қаланың метеостанциясында жүзеге асырылады.

Бақылаулар сараптамасы көрсеткендей атмосфералық жауын-шашынның рН сілтіге қарай қозғалған кесте 7 келтірілген.

Кесте 7- 2015 жылдың 9 айындағы атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамы

Метеостанция

Жауын-шашын мөлшері мм

Иондар концентрациясы, мг/л.

Иондар

саны,

мг/л

рН

- 

- 

Аниондар

Катиондар

- 

- 

 -

 -

SO4

Cl

NO3

HCO3

NH4

Na

K

Mg

Ca

 -

- 

Астана

261,5

2,75

1,69

1,01

1,63

0,58

0,60

0,28

0,37

1,08

10,02

5,61

Атмосфера химиясын тексеру жұмыстарының қорытындылары бойынша («Астана қаласы аумағын және халық денсаулығын кешенді геоэкологиялық зерттеу», «Астана қаласы атмосферасының химиясын зерделеу», «Астана қаласының атмосферасына автокөлік әсерінің үлгісін жасау») қала атмосферасының ластануына автокөліктердің айтарлықтай әсерін тигізетіні расталды.

Анықталған қоспалар мыналар: шаң-тозаң, күкірт диоксиді, көміртегі диоксиді, фенол, формальдегид, хлор, хлорлы сутек, фторлы сутек, күкірт қышқылы, күкіртсутек, аммиак, бенз(а)пирен және металдың 6 элементі: қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, бериллий, сынап.

Зертханалада сынамалар алып келе салысымен тексеріледі. Егер ауада сейілуіне ықпал етсе, онда постарда алынған сынамалар зертханаға екі мерзім сайын жеткізіліп тұрады, ал қолайсыз жағдай күндері немесе штаттан тыс жағдайларда – әрбір сынама алынған уақыттан кейін жеткізіледі.

Химиялық сараптамалар қорытындылары өңделіп, синоптикалық жағдаймен байланыстырылады. Инженер-синоптикпен бірлесе отырып күн сайын қаладағы экологиялық ахуал талқыланады. Сараптама қорытындылары синоптиктермен қолайсыз метеожағайлар туралы болжам жасау үшін қолданылады [ 17; Б.135].

Сынамаларды алу орнына күкірт диоксидін, азот диоксидін, көміртегі оксидін анықтауға арналған газоанализатормен жабдықталған қозғалмалы зертхана шығады. Газоанализаторлардың жұмысы басталғаннан 20-30 минуттан кейін алынған қорытындылар рация бойынша әрі қарай тиісті ұйымдарға жіберіледі. Арнайы қосылыстарға (шаң, фенол, формальдегид, хлор, күкірт қышқылы, фторлы сутек, күкіртсутек, аммиак) алынған сынамалар талдауының қорытындысы сынамалар зертханаларда өңделгеннен кейін 2-3 сағаттан кейін жіберіледі.

Астана қаласының ауасының ластануының жоғары деңгейі түсті металлургия, жылуэнергетика кәсіпорындарының, автокөліктің тасталынымдарына, сонымен қатар, ластаушы заттардың сейілуіне қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты.

Астана қаласының соңғы бес жылдық көрсеткіші бойынша атмосфералық ауаның күкірт диоксидімен ластануы бір қалыпты болып, ал 2015 жылы қайтадан біршама жоғарлағаны, сурет 11.

Астана қаласының атмосфералық ауаның шаң тозаңмен ластануы көрсеткендей 2015 жылы шаң тозаң көлемі ұлғайып, ал 2010-2012 жылдары төмендеу мен тұрақтану байқалғанын, сурет 12.

Жоғары ластану жағдайлары ай бойында байқалған жоқ. Ай бойы Астана қаласы бойынша метеостанция мәліметтері бойынша солтүстік бағытындағы жел сақталған. Штиль барлық бақыланған желдің 40 пайызын құрады. Жауын-шашынды күннің саны – 17, жауын-шашын мөлшері – 44,8 мм.

Сурет 11- Астана қаласында атмосфералық ауаның күкірт диоксидімен ластануының динамикасы.

Орташа жылдық концентрация

мг/м.куб

2010 2011 2012 2013 2014 2015

Сурет 12 - Астана қаласында атмосфералық ауаның шаң-тозаңмен

ластануының динамикасы.

Атмосфералық ауаның ластану индексі өткен аймен салыстырғанда 6,2-ден 6,8 көбейді [ 18; Б.94].

Хлор (лат.Сhlorum) С1 – суды тазалауда қолданады «Астана су арнасы» өндірісінде. Хлор - Менделеевтің периодтық системасында 7 топтың химиялық элементі, атомдық номері 17, атомдық салмағы 35,453; галогендер қатарына жатады. Қалыпты жағдайда (0°С, 0,1 Мн/м кв) сарғыш-жасыл газ, өткір иісті, тітіркендіргіш қасиеті бар. Табиғи хлор тұрақты екі изотоптан тұрады: 35С1 (75,77 пайыз) және 37С1 (24,23 пайыз). Жасанды жолмен радиоактивті көп санды изотоп алынды 32, 33, 34, 36, 38, 39, 40 және жартылай ыдырау периоды Т½ 0,31; 2,5, 1,56 сек; 3,1*105 жыл; 37,3;55,5 және 1,4 мин.сәйкес. 36С1 және 38С1 изотоп индикаторы ретінде пайдаланылады.

Хлорды алғаш рет 1774 жылы К.Шееле тұз қышқылы мен пиролюзиттің MnO2 өзара әсерінен алды. Сарғыш жасыл газды К.Бертолле мен А.Лавуазье белгісіз мурий элементінің тотығы деп аталуын ұсынды. Г.Дэви 1810 жылы хлордан оттегі алу нәтижесінде бұл нағыз хлор екеніне көзі жетті. 1813 жылы Ж.Л.Гей-Люссак бұл элементтің хлор атауын ұсынды.

Хлор деген сөз грек тілінен алынған -Сhlorum- сарғыш-жасыл. Хлордың қайнау температурасы 34,05°С, тығыздық температурасы 101°С. Газ тектес хлордың тығыздығы қалыпты жағдайда 3,214 г/л, TiC14, SiC14, SnC14 және ауадан 2,5 есе ауыр кейбір органикалық ерітінділерде(әсіресе гексан мен төртхлорлы көміртекте) жақсы ериді. Хлор молекуласы екі атомды (С12). Термикалық диссоциация сатысы С12+243 кдж↔2С1 1000 К=2,07*10-4 пайыз, 2500 К 0,909 пайыз.

Хлордың сыртқы электрондық конфигурациясы С1 3s²3p5. Осыған орай қоспаларда хлор мынадай тотығу сатыларын көрсетеді:-1, +1, +3, +4, +5, +6 және +7.Атомның коваленттік радиусы 0,99 А, иондық радиус С1- 1,82 А, хлор атомының электронға туындысы 3,65 эв, ионизация энергиясы 12,97 эв

Химиялық хлор активті металға жатады. Ол барлық металдармен әрекеттеседі, (кейбір металдармен ылғал немесе жылытқанда), метал еместермен (тек көміртек, азот, инертті газ) хлоридті құрайды, көп қоспалармен реакцияға түседі. Шектік көмірсутектерде сутекті алмастырады және қашықтаған қоспаларға қосылады. Хлор бром мен йодты олардың сутек және метал қоспаларынан ығыстырады, хлор мен осы элементтердің қоспаларынан фтормен ығыстырылады. Сілті металдар ылғал белгілері болса хлормен әрекеттеседі, көпшілік металдарға құрғақ хлормен жылытқанда әсер етеді. Болат және басқа металдар құрғақ хлорлы орташа температурада тұрақты сақталады. Сондықтан оларды аппаратура жасағанда немесе құрғақ хлорды сақтауға арналған қоймаларды жасауға пайдаланады. Хлор атмосферасында фосфор жалындайды, PC13 қоспасын жасайды, ал әрі қарай хлордаған кезде PC15; күкіртті хлормен жылытқанда S2C12, SC12 және SnC1m береді. Мышьяк, сурьма, висмут, стронций, теллур хлормен жақсы әрекеттеседі. Хлормен сутек қоспасы түссіз немесе сарғыш-жасыл түсті хлорлы сутек жасап жанады.

Хлорлы сутектің жоғарғы жану жалыны 2200°С. Құрамында H2 5,8 - 88,3 пайызы бар хлор мен сутек қосындылары қауіпті.

Оттек пен хлор мынадай тотықтарды жасайды; С12, С1О2, С12О6, С12О7, С12О8 сонымен қатар гипохлоридтер, хлоридтер, хлораттар және перхлораттар. Оттегі мен хлордың қоспаларының барлығы өрт қауіпті және жеңіл тотығатын заттар жасайды. Хлор тотығы тұрақсыз, өзінен-өзі атылуы мүмкін. Гипохлоридтер сақтаған кезде жай ыдырайды, хлораттар мен перхлораттар инициатордың әсерінен атылады.

Суда хлор тұз және хлор тәрізді қышқылын түзе отырып гидролизденеді: С12+Н2О↔НС1О+НС1. Су ерітінділерінің сілтілерін хлорлағанда аязда гипохлорит және хлорид пайда болады: 2NaOH +C12↔NaС1О+NaC1+ Н2О, ал жылытқанда-хлорат. Хлорлы әкті кальцидің құрғақ су тотығын хлорлаған кезде алады. Аммиак пен хлор өзара әсер еткенде үш хлорлы азот пайда болады. Шекті қоспаларды хлорлаған кезде хлор не сутекті алмастырады: R-H+C12=PC1+HC1, немесе қысқа байланысып хлор құрамдас органикалық қоспалар жасайды.

Хлор басқа галогендермен галогенаралық қоспалар жасайды. Фторидтер С1F, C1F3, C1F5 өте реакция тудырғыштар. Мысалы, атмосферадағы С1F3 пияла, мақта тез өздігінен жанады. Хлордың оттегімен және фтормен қоспалары – хлордың оксифторидтері: C1O3F, C1O2F3, C1OF, C1OF3 және фтордың перхлораты FC1O4.

Хлор бос күйінде тек вулкан газдарында ғана кездеседі. Табиғатта тек қоспаларда ғана кездеседі. Орта есеппен жер қабатында хлор 1,7*10-2 пайыз салмағында ғана, ал граниттерде 2,4*10-2, негізгі және ультранегізгі 5*10-3.Су миграциясы жер қабатындағы хлорға әсер етеді. Хлор ион түрінде С1- дүние жүзілік мұхитта (1,93 пайыз) жер асты тұз сөлдері мен тұз көлдерінде болады. Меншік минералдар саны (негізінен табиғи хлоридтер) 97, ең негізгісі-галит NaC1. Калий, магний және аралас хлоридтердің мекен-жайы белгілі: сильвин KC1, сильвинит(Na,K)C1, карналлит KC1*MgC12*6H2O, каинит KC1*MgSO4*3H2O, бишофит MgC12*6H2O.

Хлор биогенді элементтердің бірі, ол өсімдік пен жануар ткандерінің тұрақты компоненті. Хлордың өсімдіктегі құрамы (галофиттерде хлор көп) проценттің мыңнан бір бөлігінен бір процентке дейін, жануарларда проценттің оннан және жүзден бір бөлігі. Ересек адамның хлорға қажеттілігі (2-4г) тамақпен толтырылады. Натрий хлориді немесе калий хлориді түрінде тамақпен хлор толық организмге барады. Нан, ет және сүт тағамдары хлорға бай. Хлор қан плазмасында, лимфа, жұлын және кейбір тканьдердің белсенді заты. Тұз- су алмасуында үлкен рөл атқарады, ткандердің су ұстап қалуына әсер етеді. Хлордың қан мен ткандерде біркелкі тарауы ткандегі қышқыл – сілтілік тепе-теңдікті ұстайды. Хлор сонымен бірге өсімдіктердег ізат алмасу, фосфорлендіру және фотофосфорилендіру процестеріне қатысады. Тамырлардың оттегін жұтуына хлор жақсы әрекет жасайды. Фотосинтез процесінде жекеленген хлоропластарға хлор оттегін жасау үшін қажет. Жасанды культивацияланған өсімдіктерге тамақтандыруға кірмейді. Өйткені өсімдіктің өсуіне хлордың кішкентай концентрациясы жеткілікті.

Қоршаған орта мен біздің организм-ол бір бүтін, атмосфераға түскен ластағыш заттар мен шығарындылар біздің организмге көп зиян әкеледі. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі адамның денсаулығы және оның іс-әрекетімен тығыз байланысты.

Атмосфера өзін-өзі тазалай алмаса, ластайтын заттар атмосфералық ауада көпке дейін тұрып, ақыры ластайтын орынға қонып экожүйеге және адам организміне әсер етеді.

Хлор сарғыш-жасыл газ, өткір тұншықтырғыш иісті, t=10°С суда жақсы ериді, қою-жасыл сұйықтыққа тез айналады. Хлор вирус, микробтардың жартысын өлтіреді, бірақ басқа органикалық қосылыстармен физика-химиялық өзара байланысқа түсіп улы зат тудырады. Улылығы: өте улы, бірінші қауіптілік класына жатады.

Хлор пайдаланған жерде оның диоксині пайда болатыны белгілі. Бұл заттар супертоксиканттар, барлық тіріні өлтіреді. Бұл топтың агенті тетрахлор-р- диоксин (ТХДД) циандық калийден 67 есе, және стрихниннен 500 есе улы.

Хлор озон қабатын бұза алады. Оның әсер ету жұмысы мынадай: хлор озон молекуласымен соқтығысқан кезде оның бір атомын бөліп шығарады.

Қоршаған орта мен біздің организм-ол бір бүтін, атмосфераға түскен ластағыш заттар мен шығарындылар біздің организмге көп зиян әкеледі.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі адамның денсаулығы және оның іс-әрекетімен тығыз байланысты.

Атмосфера өзін-өзі тазалай алмаса, ластайтын заттар атмосфералық ауада көпке дейін тұрып, ақыры ластайтын орынға қонып экожүйеге және адам организміне әсер етеді.

Хлор құрамдас қоспаларды шығару өндірісі адам денсаулығына зиянды, сондықтан өндіріс орны да зиянды жұмыс орнына жатады. Астана қаласы тұрғындарының дем алу мүшелері ауруына ерекше әсер ететін атмосфералық ауаның ластануы және климаттың қолайсыз жағдайы мынадай ауруларды қоздырып отыр (пневмония, бронхит, астма) 2010 жылда емдеу-профилактикалық орындарында 179,9 мың тыныс алу инфекциясымен ауырғандар, 11,8 мың гриппен тіркелген. Қаладағы ең жиі медициналық көмек сұрайтын тыныс алу мүшелерінің ауруы бойынша бірінші орын алады. Ауаның ластануы аурудың созылмалы түріне әкеледі. Балалардың респираторлық аурулары ластанған аудандарда 2-2,2 есе ұзақ байқалады таза аудандарда тұратын балалардікінен қарағанда. Ғалымдардың айтулары бойынша ластанбаған жерлерде грипп эпидемиясының саны 20 пайыз өссе, ал жоғарғы ластанған қалаларда ол 200 пайыз болады.

Атмосферадағы ауаның ластануы тұрғындар денсаулығына әсері мынадай объективті фактормен белгіленеді:

Біріншіден, ластанудың әртүрлілігі, адамға бірден неше жүз мың химиялық заттардың әсер етуі. Белгілі бір аудандарда химиялық заттардың белгілі мөлшері пайда болады, бірақ олардың концентрациясы өте жоғары. әр түрлі атмосфералық ластанушылар улы әсер етеді.

Екіншіден, көп мөлшерде әсер етуі. Адам үзіліссіз дем алып, тәулігіне 20 000 литр ауа жұтады. Химиялық заттардың кішкентай ғана мөлшерінің өзі адам организміне улы әсерін тигізеді.

Үшіншіден, ластағыш заттар адам организміне тікелей кіруі. Өкпенің көлемі 100м². Адам демалғанда тікелей қанға барады. Қанда ауаның ішіндегі заттардың барлығы ериді, өкпеден қан үлкен қан айналымына, яғни бауырдан өтпей барады. Улы заттар тікелей демалған кезде өкпеге барғанда 80-100 есе күштірек әсер етеді.

Төртіншіден, қорғанудың қиындығы. Адам кір немесе ластанған азық-түлікті пайдаланбауына болады, бірақ ластанған ауамен дем алмауы мүмкін емес. Сонымен ластанушы заттар ауа арқылы тәулік бойы барлық адамға әсер етеді.

Өндіріс қалдықтары өсімдіктерге, ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен қаланың жасыл желегіне және маңайына көп зиянын тигізеді. Әсіресе өндіріс қалдықтарының газ тектестері өте улы, солардың біріне хлор да жатады. Бұл газдар жапыраққа төменгі эпидермистің сағасы арқылы түсіп, мезофилланың паренхимасына тікелей әсер етеді. Паренхиманың клетка аралықтарында улы заттар жиналып диффузия кезінде клетканың сөлімен клетканың ішіне кіреді. Сыртқы қабығы арқылы газдар өсімдікке кіреді. Олар жапырақтың клетка және ткандерінде әр түрлі зиянкестік жасайды. Соның салдарынан физиологиялық процестер бұзылады: сағаның реттеуші әрекеті бұзылады, протоплазма мен хлоропластар бұзылады, мезофилла қабырғалары қалыңдайды, клеткалардың бөліну және созылу процестерін тежейді, ткандердің некрозы және басқа да патологиялық құбылыстары пайда болады. Өндірістік газдардың әсерінен фотосинтез тежеледі, су алмасу процесі бұзылады, көптеген биохимиялық процестер бұзылады, транспирация төмендейді, өсімдіктердің өсіп-дамуы бәсеңдейді. Бұл кезде жапырақтың түсі өзгереді, дәндер сүйектерге жабысады, т.с.с. жазғы уақыттағы УК ТМК-ның маңайындағы ағаш алқаптарына барғанда осыны байқауға болады. Зиянды әрекетке көбірек ұшырайтын қылқан жапырақтылар: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай.

Атмосферадағы улардың тарауы ауаның горизонтальді, вертикальді және жеке ағындардың бағытымен анықталады. Атмосфералық ауаның концентрациясы ауаның температурасына байланысты, бұлтты болуына, тұмандауына, жауын-шашын және тағы басқа ауа қабатының араласуына, ауаны горизонтальді және вертикальді жылдамдығына байланысты. Ластаудың таралу қашықтығы оның пайда болған уақытына, метеожағдайдан, атмосферадағы ағын бағытына байланысты болады. Мысалы: күкірт ангидридінің қалдықтары атмосфераға көп мөлшерде түссе де өмір сүргіштігі 4-5 тәулік, ал фреон атмосферада 75-тен 100 жылға дейін өмір сүреді.

Тәжірибе бойынша атмосфераның ластану дәрежесінt 2 нормативті пайдаланады: шектеулі рауалы концентрация орташа тәуліктік (ШРК о.т) және максимальді бір жолғы шектеулі рауалы концентрация (ШРК м.б).

Бақылау қорытындысы бойынша ауаның ластануын анықтау үшін өлшенген мәндерді максимальді біржолғы шектеулі рауалы концентрациямен салыстырады, сонан шектеулі рауалы концентрацияның қашан жоғарылағанын және ШРК- неше есе көп болғанын анықтайды. Концентрацияның мағынасы бір ай немесе бір жылғы орташа мәндері – орташа тұрақты ШРК-мен салыстырылады.

Астана қаласы атмосферасының хлормен ластануы бір методикамен бақыланады. Бұл қаланың әр түрлі аудандарында ластанудың деңгейі бойынша маусым және жылдар бойынша салыстырмалы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Хлорды анықтау әдісі.

Бұл тәсіл ауа көлемі 20 дм3 болғанда елді - мекеннің атмосфера диапазоны 0,012-0,3 мг/м³ жағдайында атмосферадағы хлор концентрациясын анықтауға арналған. 0,3-1,0 мг/м³ диапазонындағы үлкен концентрацияны анықтағанда зерттеуге алынған ауа мөлшерін 5 дм3 дейін азайту керек. Қатты тотықтыратын және қайта қалпына келтірушілер озон мөлшерін анықтауға кедергі жасайды. Олар сіңіргіш сұйықтың бояуын хлорға қарағанда 10 есе азайтады. SO2 және басқа күшті қалпына келтіргіштер анализ қорытындысын төмендетеді.

Нақты нормалар.

Эксперттік бағалау бойынша атмосферадағы хлор концентрациясын 0,012-0,30 мг/м³ диапазонында анықтау кезінде жалпы қателесу 25 пайыздан аспау керек.

Өлшеу әдісі.

Бұл әдіс хлорды ауадан метилоранж сұйықтығы арқылы сіңіруге және метилоранж сұйықтығының әлсіреуін фотометриялық анықтауға негізделген.

Қала атмосферасы ауасын ластайтын хлор концентрациясының өзгеру динамикасы маусымдық құбылыстар мен метеорологиялық факторлардың атмосфералық ауа ластануының мөлшері мен өзара байланысын көрсетеді. Концентрацияның ең жоғарғы көрсеткіші сәуір, мамыр, қыркүйек, қазан айларына келеді, бұл кезде НМУ(жағымсыз метеожағдай) дың ұзақ кезеңінде күндізгі және түнгі уақыт температурасы арасында үлкен алшақтық байқалады. Хлордың жинақталуына мынадай метеожағдайлар әсер етеді: температура инверсиясы мен желсіз, жаңбырсыз күндер. Хлор атмосфераға хлорды өз технологиясында пайдаланатын өндіріс көздерінен түседі. Біздің қалада олар-«Астана су арнасы» , «ТЭЦ». Водоканал хлорды суды хлорлауға пайдаланады, сондықтан оларда хлор қоймасы бар, ал олар апат кезінде атмосфераны ластайды.

Астана қаласы бойынша 2010 жылдан бастап жылдар бойынша атмосфералық ауаның хлормен ластану графигінен УК ТМК жұмысы мен атмосфералық ауаның хлормен ластануы арасынан мынаны байқауға болады. 2010 ж хлор шығарындыларының атмосфераға көп түсе бастағаны байқалды (0,03 мг/м3-1 ШРК)- өндіріс орны қайтадан толық қуатпен жұмыс істей бастады. ШҚ гидрометеорология орталығы мәліметтері бойынша 2011 ж бастап Астана қаласының атмосфералық ауасында хлор құрамы азая бастады. 2012 ж УК ТМК-да халықаралық стандарт ISO 14001 және OHSAS 18001 талабына сәйкес қоршаған ортаның менеджмент жүйесінің сертификаты өтті.

Сурет 13 - Астана қаласы атмосфералық ауасының хлормен ластану динамикасы

Сурет 14 Астана қаласы атмосфералық ауасындағы хлорсутек концентрациясы 2015 жылғы 1 қазаннан 30 қазанға дейін

Сурет 15 - Астана қаласы атмосфералық ауасындағы хлорсутек концентрациясы 2015 жылғы 1 қарашадан 30 қарашаға дейін

Сурет 16 - Астана қаласы атмосфералық ауасындағы хлорсутек концентрациясы 2015 жылғы 1 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін

Технологияны жетілдіру хлор қалдықтарын азайтуға себеп болады. ТМК-ны алғаш өндіріс көзіне қосып технологияны енді ғана ендіргенде хлор шығарындылары ШРК-дан бірнеше есе көп болса, қазіргі кезде хлор шығарындылары азайған.

ГСС УК ТМК лабораториясы мәліметтері негізінде Астана қаласы атмосферасындағы хлордың өсуі өндірістің өнім көлеміне тәуелділігін көруге болады. Магний өнімін көбейткен кезде (шілде, тамыз, қыркүйек айларында шыңға жетті) хлор да көбейеді, себебі магний атмосфераны хлормен ластаудың негізгі көзі (35 пайыз).

Метеожағдайдың қолайсыздығы хлордың жинақталуына әсер етеді, бірақ НМУ(жағымсыз метеожағдай)-да НМУ-дің деңгейі тәуелділігіне қарай кәсіпорын басқа жұмыс режиміне енеді. ГСС мәліметі бойынша бұл кезде хлор сирек анықталады.

Егер газ тектес заттардың шығарындылар көлемін 100 пайыз деп алсақ, осыдан қанша пайызы хлорға келетінін кесте арқылы көруге болады.

Әрине қала атмосферасына хлор шығарындыларының түсуі үлкен емес. Күкірттің бейорганикалық қосылыстары техногенді лақтырулармен ластанулардың жалпы массасында ең қомақты үлесті құрайды.

Кесте 8 - 2013-2015 ж аралығында ТМК бойынша зиянды заттардың атмосфераға шығарындылары

Атауы

Өлшем бірлігі

2013

2014 ж

2015 ж

Газ тәрізді

тонна

472,9

533,337

533,337

Соның ішінде хлор

тонна

59,2

47,043

47,043

Атмосфераға күкірт негізінен алғанда S02 және H2S түрінде, мұхит планктонының және кұрғақ жердің биотасының тіршілік әрекеті үдерістерінің, жанартаулардың атқылауының және адамның техногенді іс-әрекетінің нәтижесінде келіп түседі. Күкірттің бip бөлігі диметилсулфид түрінде келіп түседі.

S02-нің негізгі эмиссиясы құрамында темір сулфиді бар тас көмірді және осында құрамында күкірт бар органикалық қосылыстар үнемі кездесіп отыратын мұнайды жаққан кезде жүріп отырады. Күкірт диоксидінің шығарылуларының 80-90%-ы жылу электростанцияларының шығаруларының үлесіне келеді. S02-нiң айтарлықтай мөлшері атмосферага металл қорытқан кезде бөлінеді.

Атмосферада SO2-нің S0з-кe жылдам трансформациялануы жүреді және ауада жауын-шашынмен түсетін H2S04 аэрозолі түзіледі. S02-нің атмосфераға бастырмалата эмиссиялануы және оның атмосфералық жауын-шашынмен шайылуы қышқыл жаңбырлар деп аталатынның нeгiзгi ceбeбi болып табылады. Қышқыл жаңбырлар ең алдымен жер бетіндегі экожүйелерге тepic әсерін тигізеді. Олар ормандар деградациясының себептерінің бipi болып табылады, ағаштардың кылкандарын және жапырактарын зақымдайды, сонымен қатар топырақтан олардың өcyi үшін қажетті биогенді элементтерді сілтіден айырады. Қышқыл жаңбырлармен зақымдалған ормандарда топырақтардың қышқылдығын төмендету үшін ізбестеуді қолданады.

Қышқыл жаңбырлар топырақ эрозиясына, су қорларының азаюына, сулы экожүйелердегі өзгерістерге алып келеді. Өзендер мен көлдердің суы қышқылданған кезде оларды мекендеген организмдердің көпшілігінің қырылуы мүмкін.

Жалпы алғанда, күкірт косылыстарының шығарылуының зиянды әcepi алуан түрлі. Атмосфералық жауын-шашындармен түсе отырып, күкірт оксиді өсімдіктердің, топырақ және тұщы су биота­сының дамуына кысым жасайды, халықтың ауруға шалдығуын тудырады, әртүрлі металдардың коррозиясын жеделдете түседі.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық төгінділердегі күкірттің еритін қосылыстары құрылық iшіндегі ipi су тоғандарының және шелф суының экожүйелерін зақымдайды.

Атмосфераны ластаушы заттар - азот оксидтері NOx (NO, NO2, N204) және аммиак табылады. Табиғатта азот оксидтepi найзағай разрядтарының, өрттердің, фотохимиялық үдерістердің нәтижесінде түзіледі. Азоттың диоксиді және тетраоксиді судың аэрозолінде азот қышқылын түзе отырып epiп кетуге қабілетті, күкірт қышқылымен катар, азот қышқылы қышқыл жауындардың түсуіне ceбeптi болады.

Азот оксидтерімен бipгe атмосфераға N20 азоттың шала тотығы келіп түседі. Оның табиғи көздері - құрғақта және мұхитта өрбитін микробиологиялық нитрификация және денитрификация үдерістері. Азот оксидтері озонның түзілуі мен ыдырауының катализдш циклдеріне катысады. Атмосфераның жоғары кабаттарында олар мұның бұзылуына алып келетін негізгі факторлардың бipi болып табылады. Бip NO молекуласы шамамен алганда озонның 0з іООО молекуласын бұзады. Атмосфераның жер үстіндегі қабаттарында N02, ултракүлгін сәулеленудің күшті ciңipyшici бола отырып, фотохимиялық реакциялар тудырады, бұл фотохимиялық тұмшаның құрылуына ықпал етеді. Фотохимиялық тұмшаның қоңырау реңкі негізінен алғанда онда NOx болуымен байланысты.

Атмосфераға азот оксидтерінің шығарылуларының негізгі көздері - органикалық отында жұмыс істейтін жылу электр станциялары және автокөлік.

Аммиак атмосфераға микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне орай келіп түседі. Аммиактың атмосфераға ұшып кетуі топырақтағы аммонификация үдерісінің - аммиакты азот эмиссиясының негізгі көзінің нәтижесінде, әcipece қарқынды болады.

Басқа поллютанттармен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде аммоний иондарын және аммоний тұздарын түзе отырып, газ тәріздес NHз суда оңай ериді. Жер үстіндегі экожүйелердің бетінде аммонийдің күкірт диоксидімен немесе сулфаттармен бipгe тұңбаға түcyi, әcipece жиі байкалады. Одан арғы жерде топырақта микроорганизмдердің және өсімдіктердің аммонийлі азотты тұтынуының нәтижесінде шала тотықтану жүруі және өсімдіктердің өсуіне қысым жасалуы ықтимал.

Сулы орталарға бейорганикалық азот негізінен алғанда NH4+ және N0з- иондары түрінде келіп туседі.

Азоттың оксидтер мен аммиак түріндегі артық мөлшері, табиғи экожүйелерге келіп тусе отырып, атмосфералық ауаны ластайды, су және топырақ биотасына, өсімдіктер қауымдастықтарына, адам денсаулығына әсер етеді. Азот артық болған кезде заттар айналымының табиғи циклдары бұзылады. Биологиялық айналымга косыл- маган азот косылыстары су миграциясына белсенді тартылады, көлдерде, су қоймаларында шоғырланады. Сонымен бipгe ауадағы және судағы аммоний иондарының, нитраттар мен нитриттердің аса жоғары мөлшері нитрификация мен денитрификацияны ынталандырады, белсенді коррозиялық үдерістердің дамуын күшейте түседі. Байланысқан азоттың табиғи орталарға келіп түсуінің маңызды көзі - осында азот тыңайткыштары көп мөлшерде қолданылатын ауыл шаруашылығы. Дүниежүзілік ауыл шаруашылығында өңделетін топырақка минералдық тыңайтқыштармен бipгe жылына 100 • 10 6 т дейін минералды азот енгізіледі. Оларды шамадан тыс пайдаланған кезде топырақтың тұздануы мүмкін. Азот тыңайткыштарының аммиакты түрлерін қолданған кезде қарашіріктің шығындалуы жүреді.

Азот қосылыстарының қоршаған ортаға келіп түсуінің көзі болып сонымен қатар калалық және өнеркәсіптік тегінді сулар табылады. Тегінді сулардың бүкіл азотының 80-90%-ы аммиак немесе мочевина түрінде кездесіп отырады. Тегінді сулардың нитраттары мен нитриттері аэробты жағдайларда нитрификациялаушы бактериялардың дамуының нәтижесінде түзіледі.