- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •4.1. Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.4. Химиялық қауіпті объектілердегі және химиялық төтенше жағдай.
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •4.5. Радиациялық және химиялық барлау.
- •6.2. Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері.
- •6.3. Тіршілік әрекеті аймақтарындағы қауіпсіздікті іске асыру әдістері.
- •1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
- •3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
- •4. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
- •Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
- •Химиялық апаттардың топталуы.
- •5. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
- •Жедел сәуле көздері
- •6. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
- •7. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
- •8. Көлiк апаттары
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •1. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •2. Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.
- •3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі.
- •Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Су басу
- •Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Вулкан атқылауы
- •Опырмалар
- •3. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •4. Өрттің жалпы сипаттамасы.
- •2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •Лекция-14. Тақырыбы: Жарақаттар
- •1. Жарақаттар түрі
- •2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы
- •Алғашқы медициналық көмек
- •Бас жарақаты
- •Алғашқы медициналық жәрдем
- •Кеуде мен іштің зақымдалуы
- •Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •Лекция №15 Лекция тақырыбы: Жаралар
- •1. Жаралар, жаралар инфекциясы
- •2. Жарақаттар кезінде асқынушылық
- •3. Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі
- •4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек
- •5. Қан кетуі
- •Пайдаланылған оқулықтар мен web сайттар тізімі
Табиғи өрттер.
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.
Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол мүмкін болмғанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кеткен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.
Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондй-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.
Өрт адамға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Төтенше жағдай деген не?
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың болу себептері.
3.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оның пайда болу себептері
4. Жер сілкінісі.
5. Сел.
6. Қар көшкіні.
7. Опырмалар.
8. Қар басу.
9. Дауыл.
10. Су тасқыны.
11. Табиғи өрттер.
9-лекция. Тақырыбы:Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері.
Жоспары: 1. Халықты қорғау принциптері
2. Халықты эвакуациялау бойынша шараларды ұйымдастыру
3. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері
Мақсаты: Төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін, эвакуация тәсілін оқыту, эвакуациялық комиссиясының міндеттерін түсіндіру.
Халықты қорғау принциптері. Эвакуация.
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
Халық аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға теміржол, автомобиль, авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытындада жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшірі шаралары:
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.
Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет: көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әрекеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдісі, көшірілетін орны, жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т.т.)
Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардың халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен; адамдарды жекеленген таныс қорғау құралдарымен қамтамасыз етумен; баспаналарда, радиацияға қарсы баспаналарда және басқа да қорғаныс ғимараттарында жасырынумен; зақымдану аймағынан тасып шығарумен; радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен; радиацияға қарсы профилактика, объектілерге, техникаларға, жабдықтар мен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен; өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді.
Жеке қорғау құралдарын құру, жинау.
Санатталған қалалардың ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне – ұйымдардың қаржысы есебінен; санатталған қалалар мен елді мекендердің халқы үшін жеке қорғану құралдарын жинаіу жүргізілмейді, қорғану құралдарының қарапайым түрлерін халық өздері дайындайды (мақта-дәке жара таңғыштары және т.т.).
Радиациялық және химиялық қауіпті өндірістердің жұмысшыларын, қызметкерлерін, осы объектіге жақын тұратын және болуы мүмкін зақымдану ошағына жататын халық, сондай-ақ осы объектілердегі аварияларды жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныстың құрамалары қорғану құралдарымен осы ұйымның қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.
Халықты радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайына іс-қимыл жасауға дайындау мақсатында оларды ережелерге және іс-әрекет жасау тәртібіне, өзді-өзіне және бір-біріне өзара көмек көрсетуге үйрету жүргізіледі.
Халықты қорғау жөніндегі ерекше орында зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру қажет.
Төтенше жағдайларда жедел дәрігерлік көмек көрсету қызметінің алдында төмендегідей мақсаттары болады:
уақытында дәрігерлік көмек көрсету;
зақымданғандарды көшіру және емдеу, оларды еңбекке қайта оралту мақсатында денсаулықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ дәрігерлік эвакуация кезіндегі болатын адам шығынын азайту;
апаттың халыққа әсер еткен жүйке-нервологиялық және сезім әсерін азайтуға бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу;
апат ошақтарындағы болуы мүмкін жұқпалы аурулар туралы, олардың түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы халыққа дер кезінде ақпарат бері.
қаза тапқандардың өлімінің себебін және жаралылардың жарақаттарының дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық куәландыру және жұмысқа жарамсыздығын бағалау жататын сот-медициналық сараптау.
Төтенше жағдайларда халықты дәрігерлік қорғау екі саты бойынша жүргізіледі.
Бірінші сатыда дәрігерлік көшіру жүргізіледі және төтенше жағдай аумағында сақталған емдеу мекемелерінің, апаттар медицинасы қызметі құрамаларының күштерімен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Екінші сатысында төтенше жағдай аумағынан тыс орналасқан емдеу мекемелерінде, сондай-ақ кәсіби және мамандандырылған медициналық көмек көрсету және зақымданғандардың толық емделіп шығуы үшін, қосымша құрылған емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетеді.
Соғыс уақытында бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жаппай санитарлық шығын ошағында бірінші дәрігерлік көмек төтенше жағдай кезіндегідей көрсетіледі.
Одан басқа Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттн соғыс жағдайына ауытыру жөніндегі шараларды өткізу кезінде санатталған қалалардан емдеу мекемелерін эвакуациялау есебінен селолық жерлер мен санатталмаған қалаларда медицина мекемелері құрылады.
Болжамдалған санитарлық шығындарға сай аурухана кереуеттің саны алдын ала жоспарланады. Бір мезгілде дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтардың және мүліктердің қоры құрылады, сондай-ақ қоғамдық үйлерде медицина мекемелерін орналастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.
Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері.
Бейбіт уақытта Төтенше жағдай жөніндегі басқармалармен бірлесіп, халықты орналастыру және эвокуациялау жағдайын жасайды.
Облыс әкімінің бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармаларымен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвокуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (оларды бекіткеннен кейін) бақылайды.
Жеке құрамаларды құруды, оларды жабдықтауды бақылайды.
Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвокуациялық және эвакоқабылдау комиссияларының даярлыққа келтірілуін бақылайды.
Халықты орналастыру мен эвокуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвокуациялық ұйымдарының жұмысын бақылайды.
Эвокуациялау жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.
Көлік органдарымен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктің түрлерін, санын, дайындығын нақтылайды.
Уақытша көшірілу кезінде адамдардың демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарын, қажетті қорғаныс құралдарымен қамасыз етілуін, келген адамдардың орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды.
Өзіне бағынышты және өзара әрекет етіуші эвакуациялық комиссиялармен бірге халықты қауіпсіз аймақта қабылдау, орналастыру және жабдықтау жоспарларын нақтылайды.
Халықты орналастыру және эвакуациялау өткізуге арналған өкімді алысымен, бағынышты эвакуциялық және көлік органдарымен тұрақты байланыста болады, халыққа хабарлау барысында және отырғызу пункттеріне көлік бөлуді бақылайды.
Эвокуациялық комиссиялардың, эвакуациялық жинау пунктінің және жаяу эвакуациялау маршруттары бастықтарының орналасатын және эвокуацияланатын халықты жинау мен оларды көліктің барлық түрімен және жаяу тәсілмен қауіпсіз аймаққа жөнелту жөніндегі жұмысына басшылық жасайды.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына уақытына және көлік түрлерімен әкетілетін (шығарылатын) халық санын хабарлайды.
Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың барысы туралы мәліметтерді жинайды және қорытындылайды, оларды Азаматтық қорғанысының бастығына және жоғары тұрған органдарға баяндайды.
Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әркет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады.
Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері болып:
- Ұйымның азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, олардың мүшелеріне сұрау салмастан), олардың тізімдерін жастайды.
- Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.
Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері.
Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколоналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлімдерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.
Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.
Эвакуциялық жинақталу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.
Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және эвокуациялық жиналу бекетінде орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.
Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері
Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы сирек. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Бұл өмірде өмірі мен тәнін аман сақтап қалған бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр және қиындықпен сауығады. Бұл – адамның жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.
Дегенмен, ТЖ – ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, имоционалдық күйіне қарай.
Кенеттен ТЖ – ға тап болған адам ағзасына күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ – да кейбір адамдарда (15-20 пайыз) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ – ға дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады.
Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.
Бейімделудің психологиялық кедергісі – бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.
Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.
Сангвиник – қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін.
Флегматик – ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды.
Холерик – мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.
Меланхолик – бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.
Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.
Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалуы (ступор)сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы. Қозу немесе сіресіп қалу жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады. Мұндай себептерді жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда адамдардың 12-15 пайызы өзгеріссіз өз қалпында қалатаынын айтып өтке жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.
Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады.
Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы мүмкін қауіпті сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын.
Бақылаусыз қорқыныш – мамандар оны үрей дейді. Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеі. Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжым жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады. Мұндай «теріс басшылар» әдетте, есірген өз өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдар аздаған қауіп үлкен болып көрінеді.
ТЖ психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:
Бірінші – нақты апат кезінде. Адамның барлық сезімдері, кейде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделіктегі өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде «хайуандық» қорқыныш жатады.
Екінші – құтқару жұмыстарын жүргізген кезде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқып, көмектен үміт үзеді.
Үшінші - өмірге қауіпті жағдай тоқталғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына қайта бейімделу қажетілігі.
Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Бірінші кезекте бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады. Мұндай жағдайда құтқару жұмыстарының өтуі мен орындалуы басшының моральдік – психикалық тұрақтылығы, төзімділігі мен батылдығына байланысты. Қорқынышты жеңудің ең бастысы, жеке жауапкершілікті сезіну, міндетті түрде жасалатын жұмыстың мағынасын түсіну мүмкіндік туғызады.
Бақылау сұрақтары:
Төтенше жағдайда халықты қорғау.
Эвакуация. Уақытша көшіру шаралары.
Жеке қорғау құралдарын құру, жинау.
ТЖ-дағы жедел дәрігерлік көмек көрсетудің мақсаттары.
ТЖ-да халыққа дәрігерлік қорғау жүргізудің негізгі сатылары.
Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері.
Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері.
10-лекция. Тақырыбы:Жаппай жою қаруынан қорғау.
Жоспары:
Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
Химиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.
Мақсаты: Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері түсіндіру.
