Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TKN_Lektsia_tezister(1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835 Кб
Скачать
☆

2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік

Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.

Естен тану — орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.

Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі.

Естен танудың ауырлығы бойынша үш түрлі дәрежеге бөлінеді.

І дәреже — жәй естен тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, алайда әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді. Көздің карашығы улкеймейді, жарықтан тітіркемейді.

Тамырдың соғысы бір қалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм.

Тыныс алу бір қалыпты, терең, кейде жиілейді.

II дәреже — қатты естен тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ. Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді. Көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түске еніп бозарып ақшылдана-ды, ұстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.

III дәреже — өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ. Тері бозарады, суық, салқын тері шып-шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді. Күре тамырлық қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бір қалыпты емес. Дененің құры-суы мүмкін.

Естен тануға қарсы шаралар

Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті кажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі-дәрмек: прөмедол, морфин, аналгин 5% - 2мл ерітінді, олар болмаса 0,5г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінде жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді.

Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей медицина мекемесше жеткізеді.

3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы

Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.

Сіңірдің созылуы секірген, құлаған, ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері - буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиыңдығы.

Алғашқы медициналық көмек

Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз, егер қолыңызда докі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріндеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г аналыин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Буынның шығуы — бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатономиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді.

Барлық ықтимал құралдармен сырқырауды тоқтату және көлік шиналарын қою да көмек көрсетудің қажетті шарттары.

Шиналар сүйектердің зақымданғандығына немесе зақымдан-бағандығына қарамастан қойылады.

Оқиға орнында көмек көрсету

Оқиға орнындағы көмек екі кезеңмен көрсетіледі.

Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астында қысылып қалған аяқ-қолды қалайша жылдам босатуға байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]