- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •4.1. Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.4. Химиялық қауіпті объектілердегі және химиялық төтенше жағдай.
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •4.5. Радиациялық және химиялық барлау.
- •6.2. Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері.
- •6.3. Тіршілік әрекеті аймақтарындағы қауіпсіздікті іске асыру әдістері.
- •1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
- •3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
- •4. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
- •Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
- •Химиялық апаттардың топталуы.
- •5. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
- •Жедел сәуле көздері
- •6. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
- •7. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
- •8. Көлiк апаттары
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •1. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •2. Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.
- •3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі.
- •Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Су басу
- •Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Вулкан атқылауы
- •Опырмалар
- •3. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •4. Өрттің жалпы сипаттамасы.
- •2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •Лекция-14. Тақырыбы: Жарақаттар
- •1. Жарақаттар түрі
- •2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы
- •Алғашқы медициналық көмек
- •Бас жарақаты
- •Алғашқы медициналық жәрдем
- •Кеуде мен іштің зақымдалуы
- •Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •Лекция №15 Лекция тақырыбы: Жаралар
- •1. Жаралар, жаралар инфекциясы
- •2. Жарақаттар кезінде асқынушылық
- •3. Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі
- •4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек
- •5. Қан кетуі
- •Пайдаланылған оқулықтар мен web сайттар тізімі
2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары зақымдану ошақтарындағы адамдарды құтқару, жапа шегушілерге көмек көрсету, зақымданудың қайта туындаған факторларынан материалдық шығындар мен адамдардың құрбан болуының алдын алу және кезекті қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.
Құтқару жұмысына жататындар:
- қозғалыс жасау маршруты мен жұмыс аймағын барлау;
- жұмыс аймағы мен қозғалыс жасау маршруттарындағы өртті сөндіру және жою;
- зақымданушыларды іздеу және оларды үйінділердің бүлінген және жанып жатқан ғимараттардың астынан алып шығу;
- қиратылған қорғаныш құрылыстарын ашу, оған ауа жіберу және ондағы адамдарды құтқару;
- зақымданған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды тасымалдау;
- халықты қауіпсіз жерге шығару, зақымданушыларды санитарлық өңдеуден өткізу және олардың киімдерін, аумақты, көлік пен техниканы залалсыздандыру.
Жедел қалпына келтіру жұмыстарына жататындар:
- үйінділердегі көлік пен техника қозғалысы үшін жүру құрылғылары мен лек жолдарына жол төсемдерін жасау;
- құлау төндіретін конструкцияларды нығайту және опырып құлату;
- энергетикалық желілердегі апатты жайылдырмау;
- құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған энергетикалық желілер мен байланыс желілерін уақытша қалпына келтіру.
Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарына АҚ-тың жалпы мақсаттағы әскерилендірілмеген құрамалары мен бөлімдері, әр түрлі мақсаттағы қызмет көрсету құрамалары (медициналық, өртке қарсы, инженерлік, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық және техникалық қамтамасыз ету жәнет.б.) тартылады.
Құтқару командалары келіп жеткенге дейін барлау топтары аймақтағы зақымдану деңгейін анықтайды, құрылыстарға кіру мен шығу жолдарын іздестіреді.
Өртті сөндіру және оны одан ары жайылдырмау жұмыстары өртке қарсы командалардың және құтқару құрамаларының көмегі арқылы жүргізіледі.
Қираған ғимараттардағы үйінділер астынан адамдарды іздеу және құтқару зақымдану ошақтарына құрамалар кіргізілген кезден бастап дереу басталады.
Зақымданушыларды іздеу кезінде адамдардың болуы мүмкін жерлер мұқият зерттеледі.
Құтқарушыларға кезең-кезеңмен дауыстап немесе ғимараттың сақталып қалған бөлігіне және үйінді элементіне соққы беру арқылы қатты сигналдар беріліп отырады.
Зақымданушыларды қазу және үйінділер астынан алып шығу әдетте үйіндінің үстіңгі жағынан қолмен қазу арқылы жүргізіледі.
Жанып жатқан, қиратылған ғимараттардағы адамдарды құтқару өртке қарсы құрамалардың инженерлік құрамалармен өзара әрекетінде өрттерді бір уақытта өшірумен жүзеге асырылады.
Құтқарушылар түтіндеген жерлерден адамдарды іздеу үшін сүзгіш газтұмылдырықтарда жұмыс істеуі қажет. Зақымданушыны түтіннен қорғау үшін шүберектер немесе тығыз емес матаның бөлігі қолданылады.
Үйілген қорғаныш ғимараттарын қазу мен ашу олардан шығару жұмыстары жалпы мақсаттағы құрамалардың өртке қарсы, инженерлік, апатты-техникалық және дәрігерлік қызмет көрсету құрамаларымен бірлесе әрекет етуімен жүзеге асырылады.
Қорғаныш ғимараттарын қираған құрылыстардың арасынан іздеп табу жұмыстары алдын-ала жасалған жоспар мен сипатты белгілері бойынша жүргізіледі.
Қорғаныш құрылыстарын іздеп тапқаннан соң ең алдымен онда тасаланып отырған адамдармен байланыс орнатып, олардың жағдайын, ғимараттың бүліну дәрежесін және оның ішкі жабдықтарын анықтау қажет.
Зақымданушыларға көрсетілетін дәрігерлік жәрдемді дәрігерлік қызмет көрсету мекемелері мен құрамалары ұйымдастырады. Объектілердегі құтқару жұмыстарын тікелей алғашқы дәрігерлік көмекті санитарлық дружиналардың жеке құрамы немесе АҚ-тың басқа да құрамалары көрсетеді.
Дәрігерлік көмекке зәру зақымданушылар тиеу орнына көлікпен тасымалданады да, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жасақтарына немесе қалалық дәрігерлік пункттерге жеткізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Зардап шеккен жердегі құтқару жұмыстары.
Қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.
Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі.
Панаханалар.
