Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TKN_Lektsia_tezister(1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835 Кб
Скачать
☆

4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек

Алғашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттср мыналар: қанның кетуін тоқтату, жараны ластану мен жұктырудан қорғау, кан кеткен кезде пайда болатын ауруларды еекертуге бағытталған шараларды жүргізу. Жараларды дәрігерлік көмек көрсету үшін хирургиялық стационарға жеткізу.

Жарақаттанудан кейіңгі алғашқы сәтте қанның кетуі айырықша қауіпті, сондықтан да кез келген ықтимал әдіспен қанды тоқтатуға тырысу керек: күйдіргі, тамырды қысу, қатты таңғыш байлау.

Қан кеткен кезде жарақаттанушыны мидың анамизациясынан (қанның азаюы) ескерту мақсатында тегіс жерге жатқызу қажет. Адамды талықсытатындай қан көп кеткен кезде оның екі аяғын көтеріп жатқызады.

5. Қан кетуі

Қанның кетуі жарақаттың ушығуы, адам өмірі үшін аса қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты канның кетуі күре (артериялық) тамырлық, ұсақ (капилярлық) тамырлық, көк тамырлық (веналық) және паренхиматоздық болып бөлінеді.

Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді. Белгілері: қан алкызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

Көк тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің жұмсақ ұлпаларының ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ідікі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның агуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.

Паренхиматоздық қан ағу, яғни адамның ішкі қуычына қан кету болып табылады. Бұл бауыр, бүйрек, асқазан ішектен және т.б. іш қуысына аққан қандар өте қауіпті және қан кетуін анықтауы қиын.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы медициналық көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдап ақкан қайды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі — зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу.

Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жүлынына қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын таңғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканың, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні (жгут), басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.

Қан тоқтататын күйдіргі(жгут) ені (1,5 -2 см) жалпақ иілмелі резина кесіндісі. Оның бір шетіне ілгек, екінші шетіне ілмегі бар жүзікше бекітілген.

Бақылау сұрақтары:

1. Зардап шеккендегі алғашқы дәрігерлік көмек жұмыстары.

  1. Жүрекке массаж жасау тәсілдері.

  2. Жәндік, жылан шаққан кездегі алғашқы көмек.

Пайдаланылған оқулықтар мен web сайттар тізімі

Негізгі :

  1. Қ.С.Қалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев. «өмір тіршілік қауіпсіздігі». Оқулық. Алматы 2004 ж.-256 бет.

  2. С.Тайжанов. “өмір қауіпсіздігі негіздері”. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы. Дәнекер. –2004 ж.-254 бет.

  3. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. I-II кітап. Алматы. 2004 ж.

  4. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу «Безопасность жизнедеятельности». Книга I-II. г.Алматы, 2004 г.

  5. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша-қазақша терминдер сөздігі.

Русско-казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций. Алматы – 2004.

  1. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. 1-2 бөлім. Алматы. 2001 ж. 1-104 бет, 2-120 бет.

  2. Ю.В.Репин, Р.Шабунин. “Тосын жағдайда адам өмір қауіпсіздігін сақтау”. Алматы, Демеу, 1994 ж.

  3. З.А.Талханбаева “өмір қауіпсіздігін сақтау”. /студенттерге арналған қысқаша лекциялар жинағы/ Түркістан. ХҚТУ баспаханасы. 2004ж – 87 бет.

Қосымша:

  1. Төтенше жағдайлар және ааматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. 2000-2002 жылғы шығарылған жинақтар.

  2. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. Алматы – 2003.

  3. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы, 2004 ж.

  4. Е.Алибеков, С.Малгозин. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, Қазақстан. 1988. –14 б.

  5. Г.Ильясова Медицина ілімінің негіздері 1-бөлім, Түркістан, ХҚТУ, 2003-69бет.

  6. С.Ордабеков, С.Тәжбенов. “Денім сау болсын деңіз”. Алматы, Қазақстан 1982ж.

WEB сайттар тізімі:

  1. www.rambler.ru

  2. www.yandex.ru

  3. www.referat.ru

  4. www.histori.ru

Құрастырған оқытушы Г.П.Мейрбекова

89

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]