- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •4.1. Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.4. Химиялық қауіпті объектілердегі және химиялық төтенше жағдай.
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •4.5. Радиациялық және химиялық барлау.
- •6.2. Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері.
- •6.3. Тіршілік әрекеті аймақтарындағы қауіпсіздікті іске асыру әдістері.
- •1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
- •3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
- •4. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
- •Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
- •Химиялық апаттардың топталуы.
- •5. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
- •Жедел сәуле көздері
- •6. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
- •7. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
- •8. Көлiк апаттары
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •1. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •2. Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.
- •3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі.
- •Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Су басу
- •Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Вулкан атқылауы
- •Опырмалар
- •3. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •4. Өрттің жалпы сипаттамасы.
- •2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •Лекция-14. Тақырыбы: Жарақаттар
- •1. Жарақаттар түрі
- •2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы
- •Алғашқы медициналық көмек
- •Бас жарақаты
- •Алғашқы медициналық жәрдем
- •Кеуде мен іштің зақымдалуы
- •Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •Лекция №15 Лекция тақырыбы: Жаралар
- •1. Жаралар, жаралар инфекциясы
- •2. Жарақаттар кезінде асқынушылық
- •3. Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі
- •4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек
- •5. Қан кетуі
- •Пайдаланылған оқулықтар мен web сайттар тізімі
Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқыншақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады.
Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және іріндеу-қабыну процесінің дамуымен ушыға түседі.
Сүйектің сынуының белгілері: Жабық сынық кезінде:
♦ сүйек сынған жердің сырқырауы;
♦ аяқ-қол саусақтары бастарыныд кысқаруы немесе қисаюы;
♦ сүйек сынған жердің қанталуы мен домбығуы;
♦ аяқ-қол қызметінің бұзылуы;
♦ буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың
қалыпсыздығы.
Ашық сынык кезінде:
♦ аяқ-қол бармақ бастарының кысқаруы немесе қисаюы;
♦ жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;
♦ жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;
♦ аяқ-қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.
Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бүзылмайды, ашық сынық кезіңде сүйек сынған жерде жарақат болады. Алғашқы медициналық көмск кезінде сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.
Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатқа таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ киімді шешуге, оларды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрі-дәрмек беріліп, бұдан кейін табельдік немесе қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.
Сырқатқа қарсы дәрі-дәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасыңдағы аналыетиктерді, шприц-түтіктерді (аналыин, пенталгин, трепан, баралгин және т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.
Тыныштық болуы үшін шина немесе қолда бар зат жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың асты-на мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.
Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қоз-галысын болдырмайтындай етіп (сыныктың үстіңгі және ас-тынғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шина-ның астына жумсақ мақта немесе жайлы мата қояды.
Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.
Бақылау сұрақтары:
Зардап шеккендегі алғашқы дәрігерлік көмек жұмыстары.
Жүрекке массаж жасау тәсілдері.
Жәндік, жылан шаққан кездегі алғашқы көмек.
Лекция №15 Лекция тақырыбы: Жаралар
Лекция жоспары:
Жаралар, жаралар инфекциясы.
Жарақаттар кезінде асқынушылық.
Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі.
Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек.
Қан кетуі.
1. Жаралар, жаралар инфекциясы
Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады.
Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді.
Қатты жарақаттану кезінде тері астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне — кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін; осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды.
Жаралардың жіктелуі
Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты жаралар: кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болын бөлінеді.
Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады.
Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады (пы-шақ, ұстара, шыны және т.б.). Кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады.
Тілінген жаралар ауыр өткір заттың тиюінен болады (балта, қылыш). Сырттай қарағанда кесілтен жараны еске түсіреді, алай-да зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті сүйектің зақымда-нуына апарып соқтырады. Жараның шеті біршама ісінеді.
Сыдырылған жаралар ауыр жалпақ заттың соққысынан (ба-лға, тас және т.б.). Сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуы-ның нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді.
Атыс қаруынаң болған жаралар атыс қаруының зақымдау салдары болып табылады. Қару түріне байланысты оқтан жаралану, бытырадан жаралану, жарықшақтан жаралану (мина, граната, снаряд). Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы мүмкін. Жаралаушы зат тесіп өтеді және оның кіріп-шығу саңылауы болады. Кейде зат денеде тұрып қалады, ал кейде жанай тиіп өте шығады.
Кіретін саңылау тесік жарақат кезінде шығатын саңылаудан анағүрлым кіші болады. Жарақаттаушы зат ұлпа ішінде қалып койған кезде басқа затқа айналады. Жараланған жерге киімінің қалдығы тұрып қалуы мүмкін, ол жара ішінде қалып оны іріндетеді.
