Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Күз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Желді бақылау

Бақылау

Балаларға желдің неліктен соғатынын түсіндіру. Жел – бұл ауа қозғалысы. Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету (күшті, әлсіз; әлсіз жел жапырақты ақырын тербетеді, түсіп жатқан жапырақты сәл ғана жылжытады; күшті жел – ірі бұтақтарды шайқалтады, ағаштардың жапырақтарын жұлады). Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу, балалардың ақыл - ой, тіл белсенділігін дамыту

Көркем сөз Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел)

Жел де ауа кәдімгі, Жел дегенің тек бірақ. Ойға-қырға шапқылап, Байыз таппас ауа ғой. (М. Әлімбай)

Ырым

Жануарлар қай жағына жатса – сол жақтан жел соғады.

Егер түнге қарай жел күшейсе – ауа райы бұзылады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Жел мен жапырақшалар» Әр түрлі бағытта жүгіруді дамыту, белгі бойынша қимыл жасай білу.

Еңбектену әрекеті

Табиғат бұрышында өсімдіктерді өсіру үшін жер дайындау

Балаларды тапсырылған іске тыңғылықты қарауға үйрету. Жұмысты тату жасау, бір - біріне көмектесу

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау.

«Жел» сөзіне анықтама айт»

Заттардың сапасын білдіретін сөздердің қорын кеңейту

Т ә ж і р и б е. Шардың желін шығару.

Қ о р ы т ы н д ы. Жел дегеніміз – кейде қатты, кейде баяу горизонтальды бағытта қозғалып соғатын ауаның ағымы.

Өзіндік іс-әрекет

Қуанышты тыныш жағдайды тудыру және оны сақтауға көмектесу; ынталарын және өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу

  1. Күнді бақылау

Бақылау

Балалар назарын күзгі күн көзінің қалай шығатынына, қалай қыздыратынына аудару. Күннің қай уақытында күн көзі қатты қыздырады және неліктен? Күннің орны мен күздегі күн ұзақтығының арасындағы өзара байланысты айту (күн жоғары көтерілмейді, күндер қысқарып барады). Табиғатқа деген байқағыштығын, білуге құштарлығын, сүйіспеншілігін дамыту.

Көркем сөз

«Анамыздай мейірлі күн, Аймалайды шыңда тұрып».

Май берейін, құрт берейін, Күннің көзі шық, шық! Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты, Жер үстіне нұр шықты!

Ырым

Егер таңертең күн қызарып шықса, ауа райы бұзылады, жаңбыр және жел болуы мүмкін.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Бұлт пен күн»

Батылдыққа, қауіптіліктен құтылу мақсатындағы жұмылу қабілетіне тәрбиелеу, еркін дамыту

Еңбектену әрекеті

Гүлзардағы еңбек. Гүлзарды солған өсімдіктерден тазарту

Балаларды қолынан келетін еңбекке араластыру. Ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне кедергі жасамауға, ортақ тапсырманы орындауға үйрету. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

1-тапсырма «Күн жолын көрсет»

Балаларға шығыстан батысқа қарай күн жолын қолмен суреттеуге үйрету.

2-тапсырма «Күн таңертең, күндіз, кешке болған жерлерге тұр»

Кеңістікті бағдарлауға үйрету

Өзіндік іс-әрекет

Ынталарын, өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу.