Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аналитикалық шолу.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Тыңайтқыштар классификациясы

Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды , органикалық,

органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді.Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға

(бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т.б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек , қаланың қоқсықтары т.б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар

органикалық-минералды тыңайтқыштарыңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т.б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен , немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі , топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады.Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос,калий селитрасы қатарына жатады,бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады.Тыңайтқыштардың сапасы,олардың құрамындағы қоректік заттар,яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді,сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне,құнарлығына әсер етіп,оның қышқылдығын өзгертеді.

Тыңайтқыштар минералды, органикалы, органика-минералды, бактериалды болып бөлінеді. Олар қатты, сұйық және суспензиялы (қоймалжың) түрінде болады.

Минералды тыңайтқыштар (жасанды)- бейорганикалық өнім, оны табиғи минералды (фосфорит, калий тұздары, доломит және т.б.) химиялық немесе механикалық өңдеу арқылы алуға болады. Минералды тыңайтқышқа азоттан немесе құрамында қоректік элементтері бар өндіріс қалдықтарынан алынған тыңайтқыштарда жатады. Мысалы, азоттан-аммоний нитраты, кокс газындағы аммиактан – аммоний сульфаты т.б.

Өсімдікке әсер ететін элементке байланысты минералды тыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және микротыңайтқыштар болып бөлінеді.

Органикалық тыңайтқыштар. Қоректік элементтер оларда өсімдік немесе жануар қалдықтар құрамында болады. Олар – шіріген көң, торф, балық және қан ұны, қала қалдығы, тамақ және т.б. өндіріс қалдықтарын өңдеу арқылы алынған тыңайтқыштар.

Органика-минералды тыңайтқыштар. Оларды органикалық заттарды

(торф, сланец, қоңыр көмір және т.б.) аммиакпен, фосфор қышқылымен өңдеу арқылы алады. Көң, торф және т.б. заттарды минералды тыңайтқышпен араластырып алуға болады.

Бактериалды тыңайтқыштар – микроорганизмдер пайдаланып атмосфералық азотты, топырақтағы басқа тыңайтқыштағы қоректік элементтерді фиксациялау (ұшпайтын ету) арқылы тыңайтқыш алу жолы. Мысалы, азотобактерин, топырақты нитрагин.

Тыңайтқыштарды агрохимиялық әсеріне байланысты тікелей әсерлі, жанама тыңайтқыштар және препараттар деп бөледі.

Тікелей әсерлі тыңайтқыштар - өсімдікке тікелей керек азот, калий, фосфор, магний, күкірт, темір және микроэлементтер бор, молибден, мыс, мырыш, кобальт бар тыңайтқыштар. Тікелей әсерлі жай және күрделі тыңайтқыштар болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында қоректік қоректік бір элемент болады. Мысалы:

1 Азотты тыңайтқыштар – суда еритін аммиакты, аммонийлі, амидты және олардың әртүрлі ара-қатынастағы қоспалары (аммиакты-нитратты, аммиакты-амидты және т.б.). Суда нашар еритін карбамид-формальдегидті, оксамид және т.б. түрлері

(1-сурет)

2 Фосфорлы тыңайтқыштар – олар суда еритін: суперфосфат, жай суперфосфат, аммофос, нитроаммофос нитроаммофоска, нитрофоска, карбоаммофоска; цитратта (аммоний лимон қышқылды – аммоний цитраты) еритін: преципитат (дикальцийфосфат); 2%-дық лимон қышқылында еритін – фторсызданған фосфаттар, томасшлак, фосфорит ұны және т.б (2-сурет)

3 Калий тыңайтқыштары – калий хлориды, калий сульфаты және т.б (3-сурет)

4 Микротыңайтқыштар– аз мөлшерде пайдаланылатын техникалық тұздар

(4-сурет)

Комплексті (кешенді) тыңайтқыштар құрамында екі немесе оданда көп қоректік элементтері бар (N-P, P-K, N-K, N-P-K) өнім (4 сурет) олардың құрамында микроэлементтерде болы мүмкін.

Комплексті тыңайтқыштар:

а) араласқан;

ә) күрделі араласқан (механикалық араластыру және сұйық аммиак, фосфор қышқылын және т.б. қосу арқылы);

б) күрделі тыңайтқыштар (бір технологиялық процесте шикізатты өңдеу арқылы) болып жіктеледі.

Жанама тыңатйқыштарды топырақты қосымша өңдеу үшін пайдаланады. Мысалы: әк тасты, гипс және т.б заттармен өңдеп қышқыл топырақтарды бейтараптайды.

Тыңайтқыштар физиологилық қышқылды физиологиялық негізді және физиялогиялық бейтарапты болуы мүмкін.

Физиологиялық қышқылды тыңайтқыштардан өсімдік катионды қабылдап, ал анион топырақты қышқылдайды және т.б.]

Физиологиялық негізді тыңайтқыштан өсімдік анионды сіңіреді, ал катион топырақты сілтілейді ( және т.б.)