Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аналитикалық шолу.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Фосфор кендерінің түрлері мен кен орындары

Фосфорит майда дәнді қабатталып жатқан, тығыз, қатты, тақталы қара-сұрдан қара түсті жыныс.

Қаратау қойнауында 45 кен орны бар. Бассейннің өндірістік ресурсы (80%) негізінен 5 кен орнында: Жаңатас, Көкжон, Көк су, Ақсай және Шолақтау. Осы кендердегі фосфорит қоры шамамен 1260 млн. тонна.

Ақсай, Шолақтау, Көкжон кен орындарындағы фосфорит қуаты 5-тен 15-20 м дейін, ал Жаңатас, Көксу – 5-25 м.

Қазақстанда фосфорға өте бай кен орындары бар. ХХ ғасырдың 30-жылдары Ақтөбе облысында фосфорит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының негізгі артықшылығы-олардың қабаттары жер бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін  ондаған ірі кен орындары бар.

30-жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейні ашылды.

Бассейінде 26 кен орны бар. Бассейннің басты бес кен орындарында ( Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көкжон, Көксу) бүкіл қордың  90%   бар.Қаратау фасфарит қабатының қалыңдығы 10-12  м, ал кейбір орындарда 30 м – ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар.Совет одағында фосфорит Жамбыл қаласының жанындағы Қаратау өңірінде, кездеседі. Қаратау жер жүзіндегі фосфоритке бай жердің бірі, әрі сапасы өте жоғары. Фосфордың табиғи қосылысының тағы бір маңыздысы апатит деген минерал, оның негізі C X( . Совет Одағында апатитің өте көп жерін, 1926 академ А.Е. Ферсман мен Л.Н.Лабунсов, Қола түбегінен Хибинск деген жеріне тапқан.

Фосфорлы тыңайтқыш және жемдік фосфаттарды өндіру үшін негізінен табиғи фосфаттарды және экстракциялық фосфор қышқылын пайдаланады. Тыңайтқыштың физика-химиялық қасиеті және сапасы фосфорит рудасының минералдық, химиялық құрамына көп байланысты. Шикізат ретінде пайдаланатын фосфат рудасының (апатит және фосфорит) негізгі минералы–апатит тобы 3 ( Ca (X-фтор, хлор, гидроксил тобы). Кальций элементінің орнында стронций сирек кездесетін церий тобы және басқа элементтерімен алмасуы мүмкін. Табиғатта көп тараған фторапатит 3 . , гидроксилапатит 3 . . Фосфаттардың құрамында нефелин (Na,K)2O. .2 .n , эгерин NaFe , сфен CaTi , титаномагнетит FeTi .n , дала шпаты (Na,K)AI , т.б. минералдар болады.

Фосфорит рудаларында фторапатиттен басқа фторгидроксилкарбонатапатит ( , франколит (штаффелит) ,2C0,8 ,2 ,8OH, курскит, глауконит (гидратталған силикат -Na,K,Mg,Ca,Fe,AI тотықтары бар), кальцит , лимонит . , доломит .Mg , магний силикат MgSi , пирит Fe , кварц, дала шпаты, гранит, т.б. және органикалық заттар болады.

Фосфорит рудалары майда дәнді (қабатталып орналасқан), желвак (томпақ үйінді түрінде-конкреция), ұлутас (қабық, сыртқы қабық) және қалдық таралған (шашыранды) түрінде кездеседі.

Апатит кен орындары негізінен магмалық (балқыған) пайда болған, ал фосфориттік - тұнбалық.

Қазақстанда фосфорит кендері Қаратау аймағында және Ақтөбе облысында Шилісай массивінде. Қазіргі кезде өндірісте Қаратау фосфориттері пайдаланылуда.