- •Аналитикалық шолу
- •Тыңайтқыштар классификациясы
- •Минералды тыңайтқыштардың негізгі қасиеттері
- •Тыңайтқыш құрамындағы негізгі элементтер
- •180 Мың тона өнім өндірді. 1969 жылы Жамбылда қос суперфосфат өндірісі бойынша фосфор зауыты ашылды.
- •Фосфор кендерінің түрлері мен кен орындары
- •Фосфат шикізаттарына талдау жасау
- •Дифференциалды фотоколлориметр әдісімен фосфорды анықтау
- •4. Реактивтер
- •Фосфор (V) тотығын фотокалориметр әдісімен анықтау
- •Кальцийді комплексометриялық әдіспен анықтау
- •Комплексометриялық әдіспен магнийді анықтау
- •0,02М трилон б ерітіндісі (кальций анықтауда қарау).
- •Фторды анықтау
- •0,2210 Г натрий фторидін суда ерітіп және 1л белгіленген колбаға сұйылтады.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
180 Мың тона өнім өндірді. 1969 жылы Жамбылда қос суперфосфат өндірісі бойынша фосфор зауыты ашылды.
Көптеген фосфорлы және комплексті минералды тыңайтқыштарға ортофосфор қышқылының әр түрлі тұздары жатады. Фосфорлы тыңайтқыштардың барлығы фосфатты шикізаттан өндіріледі және ұқсас технологиялық аппараттар базасына ие. Осы өндірістің бір-бірімен байланыстылығы суретте көрсетілген
Сурет 1- Фосфорлы және маңызды кешенді тыңайтқыштардың фосфор негізіндегі бір-бірімен байланысы.
Ерігіштігіне байланысты фосфорлы тыңайтқыштар 3 топқа бөлінеді: суда еритін
(Ι топ); ораникалық қышқылдарда еритін (ΙΙ топ); ерімейтін немесе тек күшті минералды қышқылдарда еритін (ΙΙΙ топ ).
Құрамында
қоректік элементтердің болуына байланысты
фосфорлы тыңайтқыштар: концентрлі (30%
-тен
артық) және концентрлі емес (30%
тен
кем) деп екіге бөлінеді. Фосфорлы
тыңайтқыштар, фосфор қышқылы және
элементарлы фосфор өндірісіндегі
шикізат көзі ретінде табиғи фосфатты
рудалар: апатиттер және фосфориттер
болып табылады. Төмендегі 3 кестеде
фосфорлы тыңайтқыштардың жалпы
өндірістегі бөлінген массасы және
қасиеттері көрсетілген.
Тыңайтқыш
|
Формуласы |
мөлшері
|
Фосфат ұны |
|
16-35 |
Фторсызданған |
|
20-38 |
Жай |
|
14-21 |
Қос |
|
42-52 |
Балқыған фосфат |
|
20-35 |
Термиялық фосфат |
|
20-35 |
Калий (К) – өсімдікте физиологиялық ролі өте күшті (көмірсутектер, белок, алмасуында), азотты пайдалануды күшейтеді.
Калий- ағзалық шырында қанттың көбеюіне әсер етеді, ағзаның қыстауын, талықтануын жақсартады, өсімдік жатпайтын болады. Калий картопта крахмалдың, қызылшада қанттың көбеюіне көп әсер етеді. Ол дәннің сапасын, көкөністің, мақта және кендір жібінің, жеміс-жидектің өнімін жақсартуына (жүзім, шабдалы, апельсин, алма және т.б.) әсер етеді.
Калий тыңайтқышы – өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың
40-жылдары Штасфуртта (Германия)
табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та
калий тұздары ашылды, хлорлы калий,калий
селитрасы, калий сульфаты және
т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары
суда жақсы ериді, өсімдіктер тез
сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін
күшейтеді және дақылдар өнімділігін
арттырады. Картоп, қант
қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына
калий тыңайтқыштары көбірек қажет.
Калий картоп
құрамында крахмалдың,тамыр-түйнекті дақылдарда
қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін
арттырады. Калий тыңайтқыштарын
топырақтың құрамына, тыңайтылатын
дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне,
тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне
байланысты әр түрлі мөлшерде шашады.
Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде
не көктемде жер жырту не культиваторлаукезінде
қолданады. Қант қызылшасын,
картоп, жүгері және кейбір көкөніс
дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен
үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий
тыңайтқыштарын азотжәне фосфор тыңайтқыштарымен
бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см
тереңдікке (20 – 30 кг/га
)
шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан
облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда,
т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының
мол табиғи қорлары бар
Күкірт (S) – аминқышқыл құрамында белоктің алмасуына, тотығу-тотықсыздану процесіне қатысады.
Күкірт – хлорофил түзілуіне пайдалы әсер етеді, күкірт жетіспеген жағдайда заттардың алмасу процесі нашарлайды, белоктің синтезі, өнім саны мен сапасы төмендейді. Ол топыраққа ауадан және тыңайтқышпен келеді ( , суперфосфат және т.б.).
Кальций (Са) – өсімдіктерде көмірсутектер, белоктің алмасуына қатысады да тамырдың дұрыс өсуіне әсер етеді.
Қызылша, жоңыршқа кальцийді сіңіреді, ал шай, мох және т.б. оны сіңірмейді. Кальций – өсімдіктің дұрыс қоректенуіне өте қажет, әрі оны қышқыл топырақты бейтараптау үшін қолданады.
Мангний (Mg) – өсімдіктегі хлорофил құрамында 10 дейін болады сондықтан фотосинтезге қатысады.
Темір (Fe) – өсімдікте тотығу-тотықсыздану өтетін процесіне қатысады да хлорофил түзілуі үшін қажет
Марганец (Мn) – өсімдіктің фермент құрамында тотығу тотықсыздану процесіне қатысады. Хлорофил түзілуіне, белоктің синтезіне әсерін тигізеді. Марганец жетіспеген жағдайда өсімдіктер (арпа, бидай, сұлы, қызылша, көкөніс, мақта, қарабидай және т.б.) баяу өседі.
Ауыл шаруашылығында қолданылып келе жатқан химиялық элементтер арасында бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, жер қыртысында өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер құрамында аз болғандықтан микроэлементтер қатарына қосылады. Жер жыртысында олардың басын көпшілігі қосылыстар күйінде, ал кейбіреулері (мыс кобальт) бос күйінде де кездеседі. Сондықтан кез-келген микроэлементтер әр түрлі топырақтарда өсетін өсімдіктердің өзіне тән және физиологиялық жеке роль атқарады. Бір микроэлементтің әсері екінші микроэлементтің орнын толтыра алмайды.
Микроэлементтерді егіншілікте қолданудың теориялық және практикалық негіздерін жасауға, олардың жекелеген түрлерінің өсімдіктердің тіршілігінде қандайлық философиялық роль атқаратынын түсіндіруге негіз қалады. Өсімдіктердің микроэлементтермен дұрыс қоректену ілімін дамытуда совет ғалымдары Я.В.Пейве, М.В.Қаталымов, П.А.Власюк, О.Қ.Кедров және басқалар көп еңбек етті.
Қандай макро және микроэлементтердің топырақтарда ауытқымалы мөлшерде болуы биогеохимиялық аммиак деп аталады. Топырақтағы белгілі макроэлементтердің нормадан тыс ауытқуы байқалатын аудандардағы адам мен мал ауруларына қарсы күресте үлкен роль атқарған. Белгілі географиялық аймақтарда өсетін өсімдіктерде бірқатар өзгеше өзгерістер (биологиялық реакция) білінеді. Бұл өзгерістер ауру сипатын өзгертеді, кейде тіпті өсімдіктердің тіршілігін жойып, олардың ерекше жағдайларға бейімделу процесіне әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде сол аймақта ғана әдеттен тыс құбылыстар дамиды. Мұның өзі топырақтардың қандай микроэлементтерге бай және кедей екендігін олардың әртүрлі геохимиялы қ аймақтарда орналасуын, микроэлементтерді ауыл шаруашылығына тиімді қолданудың әдістерін анықтауға, әрі оны болашақта жоспарлауға көмектеседі. Егер еліміздегі топырақ құрамында микроэлементтер совет ғалымы А.В.Виноградовтың зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша 1 килограмм топырақта мыстың жалпы қоры 20 мг, марганец 850, кобальт -8, молибден 3, бор – 10 мг болса, Қазақстанның топырақтарының аталатын қабатында бор 52,1 -70,2 мг, мыс
28,7-20,6 мг, мырыш 47-57, марганец 603-729, молибден 1,2-1,4, кобальт -7,9-8,7 мг аралығында кездеседі. Қазақстанның барлық топырақтары мыс, мырыш, кобальттың жалпы қоры жағынан одақ көлеміндегі көрсеткіштерге қарағанда орташа дәрежеде десек, ал бор жоғары, молибден төмен болып келеді.
Бордың өсімдіктердегі углеводтың қозғалысына, алмасуына маңызы зор. Бор жеткіліксіз болса, өсімдіктің жапырақтарына қантпен крахмал аз жиналады да олардың тамырға бір қалыпты таралу режимі бұзылады.
Бұл комплексті қосылыстар теріс зарядталғандықтан бор қышқылының бастапқы қасиетін өзгертіп, әрі белсенділігін арттырады, белокты қосылыстардың алмасуы жылдамдатылады. Бор жетіспегендіктен қант қызылшасының өзегі ауруға шалдығады және құрғақ күйінде шіри бастайды. Мұндай жағдай Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының қант қызылшасын өсіретін аудандарда жиі кездеседі.
Өсімдіктердің құрғақ затындағы бордың мөлшері бірдей болмайды, бірінде көп, бірінде аз кездеседі. Ол өсімдіктердің фотосинтез процестерінің дұрыс жүріп тамыр жүйесінің өсуін тездетеді. Оның өзі өсімдіктердің құрғақшылық және тұзсыз жағдайларға төзімділігін жақсартады. Ол өсімдіктердің калий мен азотты пайдалануын тездетсе, фосфорды пайдалануын кешіктіреді. Өсімдіктердің 1кг құрғақ массасының құрамында бордың мөлшері 2 миллиграммнан 10 миллиграмм аралығында өзгеріп тұрады.
Бордың ең өп болуы, қант қызылшасында көкнар тұқымдас өсімдіктер құрамында ал аз болуы дәнді дақылдар егістігінде орташа дәрежеде бұршақты дақылдарға байқалады. Оның өсімдіктер құрамында жетіспеуі әр түрлі ауруларға – хлороз, шіріндіге душар болуынан әкеліп соғады.
Сонымен бірге бор — марганецтің, мыстың, алюминийдің уытын жойып, калийдін сіңірілуін күшейтеді, хлор мен азоттьщ сіңуін азайтады, ал аммиакпен салыстырғанда нитратты азоттын, пайдаланылуын арттырады. Өсімдік тканьдарын, әсіресе оның тамырларын оттекпен қамтамасыз етуді жақсартады. Басқа да микроэлементтер (марганец, иод, мыс, мырыш) сияқты бордың ерекше бір "маңыздылығы, ол өсімдіктердегі тотықтыру процестерін реттеуге көмектеседі. Органикалық заттарды түзу үшін өсімдікке азоттың, фосфордың, калийдің және кальцийдіц түсуін шұғыл арттырады. Бұл элемент жер қыртысы таралуы жағынан химиялық элементтер арасына 37- орынды иемденеді. Адамдар бұл элементтерді пайдалануды біздің заманымыздан мың жыл бұрын білді.
Жер
қыртысынан бор әртүрлі қосылыстар
күйінде (бор) қышқылы (
),
бура (
*10
),
ашарит (2MgO*
),
гидробордит (CaO*MgO*3
*6
),
(NaCa
*5
)
улетсит және басқа түрінде кезінде
кездеседі. Жер жүзінде бүл минералдың
жалпы қоры 100—300 млн тонна болса, өндірілуі
1980 жылдары 2,4 млн тоннаға жетті. Бордың
кен қоры — біздің елімізде, АҚШ пен
Аргентина, Турцияда, тағы да басқа
жерлерде көп шоғырланған. Оның үстіне
бордың қосылыстары вулканды, батпақты,
мұнай және минералды ыстық сулар шығатын
жерлерде жиі кездеседі.
Органикалық заттардың құрамына кіретін марганец олардың органикалық қышқылдарды тотықтырады. Мұнда органикалық қосылыстар құрамындағы көміртектердің байланысы С—С үзіліп, көмір қышқыл газы мен су бөлініп шығады. Фотосинтез процесінде өсімдіктерден оттек бөлініп шықса, демалғанда көмір қышқылын бойына сіңіреді. Осы сарында өтетін реакциялар марганецті қосылыстардың қатысуынсыз жүруі мүмкін емес. Марганецтің әр түрлі дәрежедегі валенттілігінен (2, 3, 4, 5, 6, 7) олардың бір-бірімен ауысуын бұл элементті микроэлементтер арасындағы ең реакцияға бейім, әрі белсенді деп санауға мәжбүр етеді. Өсімдік организмдерінің 100 грамында орта есеппен 0,05 мг шамасынан артық болмайды.
Молибден. Оның өсімдіктер организміндегі маңызын жер жүзінде бірінші рет 1912—1913 жылдары Д. Н. Прянишников анықтаған болатын. 1930—1936 жылдары Н. Бортьева молибденді қолданғанда кейбір өсімдіктердің азотты ауадан жақсы пайдаланатынын анықтады. Молибден бөтен микроэлементтерге қарағанда жер қыртысында анағұрлым аз кездеседі. Молибден өсімдіктер кұрамында жеткіліксіз екендігін кем алынған өнім мөлшерінен ғана емес, оның өсіп-өнуі кезіндегі сыртқы белгілерінен де байқауға болады. Молибденнің тағы бір ерекшелігі сонда, ол нитраттарды тотықсыздандыратын амин қышқылдарының түзілуіне жағдай жасайды. Мұның өзі нитраттарды өсімдіктерге теріс ықпалын кемітуге қышқылдық ортаның азаюына әсер етеді.
Мыс. Өсімдік құрамында мыстың кездесетіні бұдан 160 жыл бұрын белгілі болды.
1931 жылдан бері мыстың әр түрлі өсімдіктердің өсуін, дамуын тездететіні анықтала басады. Соның нәтижесінде көптеген дақылдардың мыстың иондарынсыз өсе алмайтыны белгілі болды. Ол өсімдіктерде өтетін әр түрлі биохимиялық процестерге белок және нуклеинді алмасу реакцияларына катысады. Мыс иондары амин қышқылдары құрамына кіретін комплекстер түзеді.
Мыстың катысуымен жоғарыдағы амин қышқылдары ұзыннан ұзақ күрделі органикалық қосылыстар түзіледі және оның химиялық кұрамына әсер етеді. Мысты мырыш сияқты дақылдардың товарлы өнімдері (дәні түбір) жақсы пайдаланады.
Өсімдіктер
мен жануарлардың бірқалыпты өсіп,
жетілуі үшін шағын мөлшерде болса да
мыс қажет. Ол хлорофилл сияқты аса
күрделі органикалық қоспалары синтездеуге
тұрақтандырып оны бүлінуден қорғауға
катысады. Клеткаларына болатын
тотықтандыру процестеріне қатысып,
ферменттердің кұрамына кіреді, ал
ферменттердің кейбіреулері
тобындағы
витаминдердің әрекетін күшейтіп,
өсімдіктердегі углевод пен белоктардың
алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс
жеткілікті болса, өсімдіктердің грибок
ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, мыстың
тұзы. картопқа тамырдан тыс үстеп
коректендіру арқылы берілсе, оның «көк»
және «қызыл шірік» ауруына шалдығуы
азайып, түйнектерінің әр алуан дертке
төзімділігі арта түседі.
Өсімдіктерде белоктарды синтездеуде мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының аркасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы, ал жеткіліксіз болса ткань коллоидтерінің суды ұстау қабілеті нашарлайтыны белгілі. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақтары барлық жеміс ағаштарының ұштары құрайды немесе солып қалады.
Кобальт. Өсімдіктің құрамында кездесетінін алғашқы рет біздің елімізде анықтаған адамдардың бірі академик В. Н. Вернадский еді.
Өсімдік кұрамындағы оның орташа мөлшері 1 кг құрғақ массаға шаққанда
0,05—11,6 мг болады. Олар өсімдіктердің, барлық түрлерінде кездеседі. Олардың ішінде теңізді суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда, батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мұның өзі осы өңірлерде мал шаруашылығын дамытатын шаруашылықтардағы малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтан сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дені өсімдіктің ұзақ тамырына жиналып қалатындығында. Көкөніс дақылдарына кобальттың әсер ететінін зерттегенде, кобальт қолданылған алқаптар түсімінің артатындығы анықталды. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хлорофил және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір артады. Ауыл шаруашылық өндірісіне кобальт бар микротыңайтқыштарды енгізу проблемасын шешкенде қазіргі уақытта бұл тыңайтқыштар да өнеркәсіп орындары шығармайтындықтан, осы тыңайтқыштар алынатын ортаны табу аса маңызды мәселе болып есептеледі.
Егістікке шашылатын көң құрамында көптеген микроэлементтер бар. Аткирсонның (1931) зерттеу жұмыстарының қорытындылары көрсеткеніндей 1 кг көңде құрғақ заттарға шашқанда бор 4,5 – 52мг , марганец 75 – 549, кобальттың 0,25- 4,7, мыс 7,6- 40,8, мырыш 43-247, молибден 48-4,18 миллиграмдай болады. Сол сияқты біздің республикада түсті қара металлургияның қарқынды дамуы олардың қалған қоқыстарын микро тыңайтқыштар ретінде пайдалану кеңінен өріс ашты.
Борлы тыңайтқыштар топырақ құрамында бордың әртүрлі болуы мен оны өсімдіктердің пайдалануы біркелкі болмағандықтан олардың қорын түрліше дәрежелерде үнемі кемітіп отырады. Өсімдіктерден борды ең көп пайдаланатыны қант қызылшасы, одан кейінгі мал азығындық, тамыр жемісті, картоп, көкөніс, сондай-ақ дәнді дақылдар болып табылады. Борлы тыңайтқыштардың қолданудың тағы да бір тиімді
әдісі – тұқымды олардың ерітінділеріне салып өңдейді.
Марганец тыңайтқыштар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақылдарына күкірт қышқылы марганец тұзы, марганецтің өнеркәсіптік қалдықтары, марганецтелген суперфосфат ертеден қолданылып келеді. Көптеген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша, олар қант қызылшасының дәнді дақылдардың картоп, темекі, мақта, көкөніс т.б. өнімдерін арттыруға болатындығын көрсетеді. П.А.Власюктің күлгін топырақта егілген қант қызылшасының өнімін 14-21 ц, қанттылығын 0,1-0,3 порцентке өсіріп, олардың әсері азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштардан кем түспейді. Оларды басқа микротыңайтқыштар тәрізді әртүрлі тәсілдерде қолдануға болады. Егер де марганецті тыңайтқыштарды жерді жыртар алдында бергенде өнімін 3 ц, олардың 0,5-0,1 проценттік ерітіндісімен үстеп қоректендіргенде 7,7 центнерге арттырды.
Жерді жыртар алдында марганецті тыңайтқыштарды қолданғанда күздік өнімін 3-2 ц, жаздық бидайды 2,2, арпаны центнерге арттырды.
Мысты тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштарды құрғатылған шым тезекке бай жерлерді егістікке айналдыру үшін пайдаланылады. Бұл жерлерде олардың жылжымалы түрлері өте аз болады. Күкірт қышқылы мыс тұзы пирит колченданымен қағаз цилиоза өнеркәсібінің қалдығы мыс тұзының ұнтақталған талькпен бірге пайдаланылады.
Мырышты тыңайтқыштар. Біздің елімізде мырышты тыңайтқыштар күкірт қышқылы мыс тұзы мен мырыш тұзын ұнтақтау арқылы техникалық тальктен пайдаланылады. Болашақта мырышты тыңайтқыштардың органикалық қосылыстары дайындалып келеді. Мырышты ауыл шаруашылығы дақылдарына микро тыңайтқыштар есебінде кең көлемде совет ғалымдары П.А.Власюк, И.К.Онишенконов басшылығымен 1930 жылдардан бері қолданылып келеді.
Молибденді тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштар молибден қышқылы аммоний, молибденді аммонийлі натрий, электролампа өндірісінің қалдықтары молибден және қос суперфосфат пен араластырған қосылыстары түрлерінде шығарылады. ХХ ғасырдың басында молибден қосылыстарының ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерін жоғарылататынын алғаш ашқан академик Д.Н.Прянишников болды. Молибден қышқылды аммоний тұзы суда жақсы еритіндіктен жерде тұқым себер алдында өңдейді, немесе дақылдардың өсіп –өнуі кеңінен үстеп қоректендіру арқылы тыңайтады. Тұқым себер алдында өңдеу 1центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-26 грамм, мақта, бөрібұршақ, мал азығындық бұршақ өсімдіктеріне 30-50, беде, жоңышқа, көкөністі дақылдарына
600-500 грамм мөлшерден молибден қышқылының тұздерын араластырады. Тұқым ірі дақылдардың 1 центнеріне 2 литр, тұқымына майда дақылдарға 5 литр су араластырылады. Үстеп қоректендіргенде 100-200 гр молибден тұзын 200-400 литр суда ерітіп қолданады.
Кобальтті тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдары өніміне әсері киінгі 20-30 жылға ғана белгііл болды. Сондықтан басқа микротыңайтқыштармен салыстырғанда онша көп қолданылмайды. Тыңайтқыштар ретінде кобальттың хлорлы, сульфатты, ниратты таза қосылыстары осы тұздардың суперфосфатпен қоспалары белгілі. Кейбір өнеркәсіп қалдықтары да осы мақсатта пайдаланып келеді. Кобальттың тағы бір маңыздылығы адамдар мен мал организдеріндегі әртүрлі физиологиялық процестерді тездетуі. Кобальттың мал азығында болмауы олардың авитаминоз ауруына ұшырауына витамин В12 синтезінің бұзылуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде мал азығында кобальттты аймақтарда олардың тұздарының қосындысын белгілі рационды қосады немесе құрамында аз топырақтарда егілетін дақылдарды кобальт тыңайтқыштарымен тыңайтады. Біздің елімізде әртүрлі биогеохимиялық аймақтарда макроэлементтерге жасалған картогрммаларды көрсетілгендей кобальттың жалпы жылжымалы түрлері құрғақ далалық шөлейт және жартылай шөлейт жерлерде аз күйінде, Кольск түбегі, Кавказда, Донецк бассейні топырақтарында көп болады.
Өте аз мөлшерде пайданылатын тыңайтқыштар құрамында микроэлементтер бор (В), молибден (Мо), мыс (Си), мырыш (Zn), кобальт (Со) болады. Микроэлементтер жерге себілгенде өсімдік өнімдері өседі, сапасы жақсарады, өсімдік пен жануарды түрлі аурудан сақтайды.
Микротыңайтқыштар жеке өнім ретінде және басқа тыңайтқыштар қоспасында қолданылады.
Аммоний нитраты – ауыл шаруашылығында көп мөлшерде пайдаланылатын азот құрамдас тыңайтқыштардың бірі. Аммиак селитрасы (аммоний нитраты) – құрамында азот бар, түссіз, суда жақсы еритін, түйіршікті, қышқыл тыңайтқыш. Оны 56 – 60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен бейтараптап алады. Түйіршіктері бірігіп қалмау үшін фосфорит ұны, гипс, каолонит қосады. Жоғары сапалы Аммиак селитрасы алу үшін құрамындағы азот 34,6%, ылғал 0,4%, суда ерімейтін қоспа 0,1% болуы тиіс. Аммиак селитрасы тиімділігі жағынан азот тыңайтқыштарының арасында 1-орын алады.
Аммиак селитрасын (аммоний нитратын) жарылғыш заттар компоненті ретінде пайдалану арқылы – аммониттер (органикалық заттар қоспасы) және аммоналар (жарылғыш заттармен қоспалар) өндіреді. Аммоний нитраты баланссыз азотты тыңайтқыш болып келеді және құрамында 34,8% азот болады, олардың 17,4% аммиакты және 17,4% нитратты үлгіде. Сондықтан оның құрамындағы азотты транспорттау құндылығы өте төмен болады, басқа балансты тыңайтқыштарды тасмалдауға қарағанда.
Оны өндіру тәсілі азот қышқылын аммиакпен бейтараптау реакциясына негізделген:
+
=
Сұйық азот қышқылын (47-54%) бейтераптаудан алынған ертіндіні буландыру арқылы суық балқыма алынады, оны түйіршіктеу арқылы тауар өндіріледі.
Азот
қышқылын бейтераптау кезінде көп
мөлшерде жылу бөлінеді. Сондықтан
экспериментті жүргізгенде қауіпсіздікті
сақтау керек, немесе азот қышқылында
алдын ала
бір шамасын ерітеді де, қалған бос азот
қышқылын аммиакпен бейтераптайды.
Карбамид
(мочевина)
– көміртек диамиді немесе амидті
карбамин қышқылы CO(N
.
Карбамидтің балқу температурасы 132,7
С
қатты кристал зат. Суда, этанолда және
сұйық аммиакта жақсы ериді. Аммиак алуда
қолданылады. 130
С
жоғары температурада қыздырғанда
термиялық диссоциацияға ұшырап, биурета
және аммиак бөлінеді. Карбамидтің сулы
ерітінділері 800
С
дейін тұрақты, одан жоғары температурада
аммоний карбонатына , аммиакқа және
көміртек оксидіне (IV) ыдырап кетеді. Бұл
қасиеті ерітіндіні ұзақ уақыт атмосфералық
қысымда қыздыруға мүмкіндік бермейді.
Мысалы буландыру процесі жүрмейді.
Карбамид (мочевина) азот тыңайтқыштарының ішінде өндірілу жағынан аммиак селитрасынан кейінгі 2-ші орынға ие. Карбамид өндірісінің артуы ауыл шаруашылығында көп қолдануына байланысты. Ол сілтіленуге өте тұрақтылығынан басқа азот тыңайтқыштарына қарағанда және топырақтан тез жуылып кетпейтіндігімен, гигроскопиялық тұрақтылығымен ерекшеленеді. Тыңайтқыштар ғана емес мүйізді ірі қара малдарға да жемдік қоспа ретінде беруге болады.
Карбамид
CO(
- ақ кристалды зат, 46,6% азоты бар. Оның
алыну жолы аммиак пен көміртек диоксидінің
әрекеттесуіне негізделген:
2
+
↔
CO(
+
;
ΔН = – 110.1 кДж (2.1)
Аммиак синтезі кезінде жанама өнім ретінде шығатын аммиак және көміртек диоксиді карбамидтің шикізаты болады. Сондықтан бұл 2 өндірісті бір – бірімен байланыстырып бірге өндіреді.
(2.1) реакциясы – 2 сатыда жүреді. 1-ші сатыда карбамат синтезі жүреді:
2
(г)
+
(г)
↔
СОO
(ж);
ΔН = –125,6кДж (2.2)
2 сатыда эндотермиялық процесс жүріп су молекулалары карбаматтан бөлініп, карбамит түзіледі.
СООN (ж) ↔ CO( (ж) + (ж); ΔН = 15,5кДж (2.3)
Карбамид – жоғары концентрлі минералды тыңайтқыш. Ол өсімдіктерге тез сіңеді. Амидті түрінде азоттың үлесі 46,6%. Аммоний нитратымен салыстырғанда карбамид азотқа бай, органикалық қосылыстармен араластырғанда жарылу қауіпі аз, топырақтан тез жуылып кетпейді.
Тыңайтқыштың сапасын тек оның құрамы ғана емес, оның технологиялық қасиеттері де көрсетеді. Олар: ылғалдылығы, гигроскопиялығы, сусымалдылығы және т.б.
Ылғалдылығы - мемлекеттік стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес болып, одан асып кетпеуі тиіс. Мыс: аммиак селитрасы мен мочевинадан судың массалық үлесі 0,2-0,3(%- бен), аммоний сульфатында -0,6, суда еритін фосфор тыңайтқыштарында формасына байланысты -3,5, калийліде -1,4, нитроаммофоскада – 0,8 % аспауы тиіс.
Ылғалдығы мемлекеттік стандарттан асып кетсе қасиеті нашарлап,
физико – химиялық қасиеттері өзгеріп кетеді.
Гигроскопиялығы – минералды тыңайтқыштардың қоршаған ортадан суды сіңіру қасиеті. Гигроскопиялық қасиеті 10 балдық шкаламен бағаланады. Күшті гигроскопиялық қасиетке кальцийлі (9,5 балл) аммиак селитрасы (9,3 балл), орташа аздау гигроскопиялыққа мочевина (3,6), түйіршіктелген қоссуперфосфат (4,7), калий хлориді (3,2-4,4 б).
Ылғал сыйымдылығы - Тыңайтқыштың механикалық себілуі көрсеткішке тәуелді болады. Тыңайтқыштың максималды ылғалдылығы шекті ылғал сыйымдылыққа сәйкес келеді.
Аммоний сульфаты –түссіз кристал зат. Химиялық формуласы – . Құрамында - 21,2% азот бар. Оны 513 С дейін қыздырғанда толығымен аммиак және күкірт қышқылына ыдырайды; қышқыл тұздардың түзілуі 200 С жоғары температурада жайлап ыдыраудан басталады. Аммоний сульфаты тыңайтқыш ретінде қолданылады. Ол аздаған гигроскопиялы аз жабысқақтық көрсетеді, топыраққа сіңіруде қиындық тудырмайды. Оның кемшілігі үлкен физиологиялық қышқылдылығында. Егер оның құрамында қажетті негіз болмаса, оны топырақта пайдаланғанда күкірт қышқыл жинала береді. Оны бейтераптау үшін топыраққа ік тасы үздіксіз енгізіліп отырады.
Аммоний сульфатының өндірістік негізгі өнеркәсіптік әдісі күкірт қышқылын аммиакпен бейтераптауға негізделеді, ол төмендегі реакциямен жүреді:
2
(газ) +
=
+280 кДж
алады. Өндірісте ылғал әдіспен өнімді ерітіндіден қанықтыру арқылы кристалдайды, ал құрғақ әдісте күкірт қышқылының айда тамшыларын газтектес аммиакпен бейтераптайды.
Реакция нәтижесінде пайда болаған жылуды үрдіске брілетін реагенттердегі суды буландыру үшін пайдаланады. Құрғақ әдіс негізінде барлық су буланып кетеді. Ылғалды әдісте қышқыл тұздарды бөлмей ыстық реакциялық ерітіндіден тұзды крситалға түсіру өте маңызды.
Күкірт қышқылындағы темір және алюминий сульфаттары аммоний сульфатының кристалға түсуін қиындатады. Бейтераптау кезінде колоидты темір және алюминий гидроксидтері тұнбаға түсіп аммоний сульфатының кристалдарын қаптап олардың өсуін төмендетеді. Бұл кемшілікті алдын алу үшін реакция ортасын қышқыл түрде ұстап бейтераптауды үздіксіз жұмыс жасайтын реакторда жүргізеді.
Калий хлориді - Көп қолданылатын жай калилі тыңайтқыш. Ол өте арзан, шикізаты қол жетімді құрамында сіңіргіш элементтер көп физикалық қасиеттерге ие. Бірақ құрамында хлоры бар тұз, сондықтан да оны ауыл шаруашылығында көп пайдаланудың қажеттілігі шамалы. Калийлі перспективті минералды тыңайтқыштың бірі болып – калий нитратын айтуға болады. Яғни бұл зат – концентрлі физиологиялық қасиетті, комплексті тыңайтқыш физикалық қасиетке ие болып табылады.
– ы
өзге тыңайтқыштарға қарағанда артықшылығы
көп: құрамында өсімдіктерге керекті
екі элементтің калий мен азоттың болуы
; балласттың жоқтығы, ұзақ жолға
тасымалдауға төзімділігі, гигроскопиялығы
төмен, хлордың болмауымен айтуға болады.
Калий нитраты таза күйінде 13,85% азоттан және 46,58 % –дан тұрады.

(