Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ББ Midterm.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

38. Кәсіпорын стратегиясы

Стратегия сөзі грек тілінде strategia және ол «қолбасшылық өнер» (stratos - әскер, ago – жүргізу) мағынасын білдіреді. Стратегия әскери компаниялар мен шешуші операцияларды соғысқа дайындау, жоспарлау және жүргізу сұрақтарымен айналысатын әскери өнердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Стратегия жоғарғы команда берудің практикалық іс-әрекетін қамтиды.

Стратегия - дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін

жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жопарлау - компанияның басқа да жоспарларының негізін қалайды.

1) Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады. Миссия деп - компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады.

2) Нақты мақсаттар қойылады және ұымның ішкі ортасы мен бәсекелестер туралы барлық ақпараттар жинастырылады.

3)Swot-талдау жасылп, барлық мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер анықталады.

4) Бақарма нақты қай тауарлармен және қандай ісәрекеттермен айналысу керектігін анықтайды.

5) Тауарға қатысты әр бөліңмше жалпы жоспарға сай келетін тағы да өз маркетингтік және басқа да жоспарын өңдейді.

Кәсіпорын стратегиясын қалыптастыруда мына үш сұраққа жауап беруі қажет:

  • Шаруашылық қызметтерінің қандай бағыттарын дамыту қажет?

  • Қолма-қол ресурстар мен күрделі салымдарға қажеттілік қандай?

  • Таңдап алынған бағыттардың мүмкін қайтарымы қандай?

Стратегияны жасау барысында экономикадағы субъекті қызметінің бағыттарын, тапсырмалары мен мақсаттарын таңдауға әсер ететін факторларды ескеру қажет. Мұндай факторлар қатарына мыналар жатады. кәсіпорынның меншіктік нысаны; кәсіпорын типі (мамандандырылған немесе диверсификацияланған); салалық құрамы; кәсіпорын көлемі.

Стратегияны жүзеге асыру процесі екі үлкен этапқа бөлінген:

а) стратегиялық жоспарлау процесі – кәсіпорынның базалық стратегиясынан бастап функционалдық стратегиясымен аяқталатын стратегиялар жиынтығын жасау;

б) стратегиялық басқару процесі – уақыт өте нақты стратегияны жүзеге асыру және жаңа жағдайлардың қалыптасуына байланысты стратегияны қайта жасақтау. Стратегиялық жоспарлау дұрыс ойлауға негізделген, жүйелендірілген және логикалық процесс. Сонымен бірге онда болжам жасау, зерттеу, есептеу және баламаларды таңдау өнері бар. Кәсіпорын стратегиясы иерархиялық принцип бойынша құрылуы қажет. Сол себепті стратегия деңгейі, кешенділігі мен оның интеграциясы, кәсіпорын  көлемі мен түріне байланысты әртүрлі. Қарапайым ұйым бір ғана стратегияға ие болуы мүмкін, ал күрделі іс-әрекеттің әртүрлі деңгейінде бірнешеуіне ие болады.

Компания стратегиясы – бұл даму идеологиясы және қалыптасқан мақсаттар шеңберінде олардың жетістікке жетуі бойынша іс-әрекеттердің реттілігі

«Компания стратегиясы» түсінігі «компания әлеуеті» түсінігімен тығыз байланысқан, яғни компания қызметінің болашағы, шектеулер мен мүмкіндіктерді анықтайтын компанияның стратегиялық ресурстарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Компанияның маңызды құрайтын әлеуеті оның бәсекелестік артықшылықтарының бар болуы: инновация, ақыл-ой ресурсы, өнімнің шарықтық ресурсы, материалды емес активтер (патент, лицензия) болып табылады. Үлкен көлемдегі есеп бойынша компания әлеуеті анықталған нарық сегментінде жұмыс жасайтын оның мүмкіндіктері мен перспективаларын анықтайды. Әлеуетті зерттеу барысында оның қызметінің нарығын таңдау қатынасы бойынша бірінші кезекте әлеуетті талдау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]