Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ББ Midterm.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі

Бағалау қызметінің субъектісіне жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік билік ұйымдары, бағашыларды өзін-өзі реттейтін ұйымдар (бағалауға кім тапсырыс береді, оны өткізу, реттеп бақылайтын), сондай-ақ бағалау қызметін тұтынатындар жатады.  Бағалау қызметінің субъектісіне мыналар кіреді: ҚР-ның атқарушы билік ұйымдары; Бағашылар – жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар; Бағашылардың кәсіби бірлестіктері; Бағашыға тапсырыс берушілер – заңды және жеке тұлғалар (келісім-шарт негізінде объектіні бағалау жүзеге асырылады); Бағалау қызметін тұтынушылар – заңды және жеке тұлғалар (баға жөніндегі есепте сақталатын ақпараттарды пайдаланушы билікті атқарушы ұйымдар). Объектіні бағалауды жеке тұлғалар – бағашы жеке кәсіпкерлер мен бағалау компаниясының жұмысшылары жүргізе алады. Бағашы мен тапсырыс берушісін бұл «бірінші деңгейдегі» бағалау субъектісі, ал қалғандарын «екінші деңгейдегі» субъектіге жатқызылады. Бағалау қызметінің объектісіне «ҚР-ның бағалау қызметі туралы» Заңның бабына мыналар жатқызылады:  Жекелеген материалдық объектілер (заттар);  Мүлікті құрайтын заттар жиынтығы (жылжымалы, жылжымайтын, оның ішінде кәсіпорындар);  Меншік құқығы, мүлік пен жекелеген заттарға құқығы; Міндеттемелерді (қарыздар) талап ету құқығы;  Жұмыс, қызмет, ақпарат; Басқа да азаматтық құқық белгілері. Объектіге байланысты бағалаудың әдістемесі мен технологиясының ерекшеліктері ескеріледі немесе бағалау жұмыстарының түрін бірнеше бағытқа бөлуге болады. Мысалыға: станок, машина, транспорт құралдары мен құрал-жабдықтарды бағалау; интелектуалды меншік пен материалды емес активтерді бағалау; жер мен жылжымайтын мүлікті бағалау; кәсіпорынды (бизнес) бағалау.

3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері

Объектілерді бағалау арасында бизнес (кәсіпорын, ұйым, компания) маңызды орынға ие болады. Бизнесті бағалау барысында объекті қызмет рөлін атқарады, яғни кәсіпорынның мүліктік кешенінің жұмыс істеуін жүзеге асыру мен пайда алуға бағытталған. Кәсіпорын (ұйым) азаматтық құқық объектісі болып, шаруашылық айналымы мен операцияларына қатысады. Нәтижесінде оның құнын бағалау қажеттілігі туындайды.  Кәсіпорынның мүліктік кешені құрамына оның жетістікке жетуі, шаруашылық қызметін жүзеге асыруы мен пайда алуға бағытталған барлық мүлік түрі жатқызылады (қозғалмайтын мүлік – жер учаскесі, ғимарат, үйлер, машина, құрал-жабдық, транспорт құралдары, инвентарь, шикізат, өнім, сонымен бірге мүліктік міндеттемелер, бағалы қағаз, материалды емес активтер және интелектуалды меншік объектісі – фирмалық атаулар, қызмет көрсету белгісі, патенттер, лицензия, ноу-хау, тауар белгісі). Сондықтан бизнесті бағалау барысында бағашы кәсіпорынды жалпылама бағалайды, оның меншікті капитал құнын анықтаумен бірге, мүліктік кешендердің жекелеген бөліктерін (активтер мен міндеттемелер) анықтайды. Объекті ретінде кәсіпорынды бағалау жан-жақты жүргізіледі. Кәсіпорынның құрылымына әр түрлі жерде орналасқан цех, учаска, қызмет көрсететін шаруашылық, арнайы бөлімшелер, кеңсе (контор), байланыс құралдары мен коммуникация кіреді. Жұмыс жасап тұрған кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысаны үлкен мәнге ие болады. Бағалау объектісіне бірлестіктер, холдинг, қаржы-өнеркәсіптік топтар жатқызылады. Дұрыс бағалау үшін ақша ағымдарының қалыптасуын, оның қозғалыс бағытын, сонымен бірге әрбір бөлімшелердің құқығы мен рөлін бақылап отыру қажет.  Бизнесті бағалау барысында кәсіпорын (болашақ заңды тұлға) бір уақытта шаруашылық субъектісі болып табылатындығын ескеру қажет, сондықтан оның құнын есептеу барысында нақты заңды құқықтарының санын ескеру қажет. Бұл бағалау объектісі ретінде бизнестің негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Екінші ерекшелігі мынада: бағашы бизнесті бағалауда мүліктік кешендерінің құнын (оның материалды-заттығын құрайтын) және бағаланатын объекті шеңберінде (кәсіпорын қаржысы, басқару жүйесі) құнның өсуі мен құрылу тиімділігін анықтау қажет.  Кез келген тауар сияқты сатып алушылар үшін бизнестің пайдалылығы болады (оның табыс алуда қажеттілікке сәйкес болуы).  Бизнес (кәсіпорын) тауардың барлық белгілеріне ие бола отырып, сатып алу-сату объектісі болуы мүмкін. Өзіндік принциптері, тәсілдері мен бағалау әдістері бар ерекше түрдегі тауар. Бизнес тауар ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие болады: біріншіден, бұл инвестициялық тауар, яғни болашақта қайтару мақсатында жүзеге асырылатын салымдар. Табыс алу шығындар мен уақыттарға бөлінеді. Мұнда болашақта алынатын пайда мөлшері белгісіз, сондықтан инвесторға қауіп-қатердің сәтсіз мүмкіндіктерін ескеруге тура келеді. Егер болашақ табыстар шығыннан аз болса, онда инвестор өзінің инвестициялық қызығушылығын жоғалтады.  Екіншіден, бизнес жүйе болып табылады. Бірақ өткізілетін (сатылатын) кезде түгелімен, жекелеп және элементтерімен жүзеге асырылады. Мұнда нақты тауар болып бизнес жатпайды, оны құрайтын элементтер және бағашы жекелеген активтердің нарықтық құнын анықтайды. Үшіншіден, бизнеске қажеттілік ішкі және сыртқы ортадағы процестерге байланысты. Бір жағынан экономикадағы тұрақсыздық бизнестің табансыздығына әкеліп соғады, басқа жағынан оның табансыздығы экономикада тұрақсыздығының үдей түсуіне әкеліп соғады. Осыдан бизнестің тағы да ерекшелігі туындайды – бизнесті реттеу мен оны бағалау процесіне қажеттілік, сондай-ақ, бағалау барысында бизнесті сапалы басқару жағын ескеру қажет. Төртіншіден, қоғамда тұрақтылықты сақтау үшін бизнестің табандылығын ескере отырып, бизнесті бағалау, оны сатып алу-сату, бизнеске нарықтық бағаны қалыптастыруда (кәсіпорын капиталында мемлекеттің үлесі болғанда).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]