- •1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
- •2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі
- •3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері
- •4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
- •5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
- •6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
- •7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
- •8. Бизнесті бағалау принциптері
- •9. Күйзеліске қарсы басқаруда бизнесті бағалаудың мәні.
- •14. Нарықтық экономикада бағалаудың қажеттілігі.
- •15. Бизнесті бағалау тәсілдері, функционалдық тәсіл
- •16. Ұқсас объектілерге бағалауды өткізу.
- •17. Жылжымайтын мүліктер және олардың рөлі.
- •18. Қ.Е.Б. Құжаттары
- •20. Жер ресурстары және оның салалар бойынша қызмет ерекшеліктері
- •21. Кәсіпорын табысын есептеу әдістері
- •22. Бухгалтерлік баланс,қызметі
- •23. Қаржылық есеп беру нысандары
- •24. Бағалау қызметін жүргізу және оның меншік иелері үшін маңыздылығы
- •25. Бағалау қызметін жүргізетін бағашының негізгі қызметтері
- •26. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүліктерің классификациясы.
- •27. Бизнесті бағалау экономикалық маңызы
- •28. Кәсіпорын табыстары және олардың құралу көздері.
- •29. Бағалау қызметін жүзеге асыруда жоспарлау маңызы.
- •30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
- •31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
- •32. Кәсіпорын мүліктері: түрлері мен қызметі
- •33. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері және олардың қызметі
- •34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?
- •36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау
- •37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы
- •38. Кәсіпорын стратегиясы
- •39. Кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару, бағалау
- •40.Кәсіпорын басшысы ретінде жоспарлау қызметін ұйымдастыру, жүргізу
6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген элементтер құнының бағасы мына жағдайда жүргізіледі:
✓ Қозғалмайтын мүліктің қандай да бір бөлігін сату, мысалыға: пайдаланылмайтын жер учаскесі, үйлер, ғимараттардан құтылу; несиемен төлем айырысу және т.б.;
✓ Қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін залогқа қойып несие алу;
✓ Қозғалмайтын мүлікті сақтандыру және осыған байланысты мүліктің құнын анықтау;
✓ Қозғалмайтын мүлікті жалға беру;
✓ Мүлік салығын есептеу үшін салық базасын анықтау;
✓ Қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін басқа кәсіпорын құрғанда жарғылық капитал салымы ретінде безендіру;
✓ Қандай да бір инвестициялық жобаны жүзеге асыруда бизнес-жоспар жасауды бағалау.
Құрал-жабдықтар құнын бағалау мына жағдайда қажет:
• Мына себептерге байланысты құрал-жабдықтардың кейбір бірліктерін сату: моральды және физикалық тұрғыда ескірген құрал-жабдықтардан құтылу; төлем қабілетсіздігі жағдайында несие берушілермен есеп айырысу; экономикалық және экологиялық критерийі бойынша прогрессивті құрал-жабдықтармен алмастыру;
• Несие мен келісімді қамтамасыз ету үшін қозғалмалы мүліктің қандай да бір бөлігін залогқа қою;
• Қозғалмалы мүлікті сақтандыру;
• Машина мен құрал-жабдықтарды жалға беру;
• Машина мен құрал-жабдықтарға лизингті ұйымдастыру;
• Негізгі құралдарға мүлік салығын есептеу үшін салық базасын анықтау;
• Басқа кәсіпорындарға жарғылық капитал салымы ретінде машина, құрал-жабдықтарды салу;
• Инвестициялық жобаны жүзеге асыруда олардың құнын бағалау;
Фирмалық белгі немесе басқа да құралдар және кәсіпорынның өнімдерінің (қызмет) құнын бағалау былай жүзеге асырылады:
➢ оларды басқа фирмаға ауыстырғанда, қайта сатылғанда;
➢ өткізу нарығы кеңейіп, өнімді сату көлемі ұлғайғанда;
➢ кәсіпорынның іскерлік атағына басқа кәсіпорындар жағынан болған заңсыз іс-әрекеттер шығынын анықтау;
➢ оларды жарғылық капитал салымы ретінде пайдалану;
➢ материалды емес активтер, гудвилл құнын анықтау.
Өткізілетін бағалаудың мақсаты мен ескерілетін факторлар санына байланысты бағашы нарықтық құнын не құн түрлерін есептейді. Осыған байланысты құнның 10 түрі анықталған, олар:
• нарықтық құн;
• орын алмастыру құны;
• шектелген нарықта объектіні бағалау құны;
• объектіні бағалаудың көшірме құны;
• нақты қолданыстағы объектіні бағалау құны;
• инвестициялық құн;
• салық салу мақсатындағы объекті құны;
• ликвидициялық құн;
• пайдалану құны;
• арнайы құн.
Бағашы есептейтін құн түрлерін әр түрлі критерийілері бойынша жіктеуге болады.
1. Нарықтылық дәрежесі бойынша нарықтық құн мен нормативті есептелінген құн болып бөлінеді.
Нарықтық құн түсінігі – баға халықаралық стандартта есеп айырысу шамасы, яғни коммерциялық келісімдер нәтижесінде бағалау датасында (күні) мүліктің бір иемденушіден екіншісіне өтуі.
Нарықтық құн нақты уақыттағы нарықтың ағымдық жағдайын ескере отырып есептеледі, сондықтан нарықтық жағдай өзгерісіне ұшыраған жағдайда ол да өзгереді. Нарықтық құнды анықтау барысында сатушы мен сатып алушы мүлік жөнінде толық мағлұматтар алуы қажет.
Кейбір жағдайларда нарықтық құн теріс шамада болуы да мүмкін. Мысалыға, ескірген қозғалмайтын объектіні (жер) бағалау барысында бұзылуға (сносқа) кететін шығыны жер учаскесінің құнынан артып кетеді.
Нормативті немесе нормативті есептелінген құн – бұл сәйкес ұйымдар бекіткен нормативтер мен әдістер негізінде есептелінетін құн. Сондықтан нормативтің бірыңғай шкаласы қолданылады. Ережеге сай нормативті есептелінген құн нарықтық құн шамасымен сәйкес келмейді. Нарықтық ортаның өзгеруіне байланысты нормативтер мерзім сайын жаңарып отырады және осылай ол нарықтық құн шамасына жақындайды.
