- •1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
- •2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі
- •3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері
- •4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
- •5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
- •6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
- •7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
- •8. Бизнесті бағалау принциптері
- •9. Күйзеліске қарсы басқаруда бизнесті бағалаудың мәні.
- •14. Нарықтық экономикада бағалаудың қажеттілігі.
- •15. Бизнесті бағалау тәсілдері, функционалдық тәсіл
- •16. Ұқсас объектілерге бағалауды өткізу.
- •17. Жылжымайтын мүліктер және олардың рөлі.
- •18. Қ.Е.Б. Құжаттары
- •20. Жер ресурстары және оның салалар бойынша қызмет ерекшеліктері
- •21. Кәсіпорын табысын есептеу әдістері
- •22. Бухгалтерлік баланс,қызметі
- •23. Қаржылық есеп беру нысандары
- •24. Бағалау қызметін жүргізу және оның меншік иелері үшін маңыздылығы
- •25. Бағалау қызметін жүргізетін бағашының негізгі қызметтері
- •26. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүліктерің классификациясы.
- •27. Бизнесті бағалау экономикалық маңызы
- •28. Кәсіпорын табыстары және олардың құралу көздері.
- •29. Бағалау қызметін жүзеге асыруда жоспарлау маңызы.
- •30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
- •31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
- •32. Кәсіпорын мүліктері: түрлері мен қызметі
- •33. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері және олардың қызметі
- •34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?
- •36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау
- •37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы
- •38. Кәсіпорын стратегиясы
- •39. Кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару, бағалау
- •40.Кәсіпорын басшысы ретінде жоспарлау қызметін ұйымдастыру, жүргізу
18. Қ.Е.Б. Құжаттары
Ішкі қаржылық ақпараттар – кәсіпорынның қаржылық жағдайы, таза пайда шамасы, қаржылық тәуекелділік, материалды және материалды емес активтердің нарықтық құнын талдау.
Бағалау мақсатына байланысты фирманың қаржылық жағдайын талдау бағыттар өзгеріп отырады. Мысалы, егер кәсіпорын миноритарлық (бақылаусыз) пакет акция º½íû бағаланатын болса, онда инвестор көп дәрежеде фирма рентабельділігінің болжамдық бағасын инвестициялайды. Оның дивиденті, төлеу икемділігі бағаланады.
Бағалау процесіндегі негізгі қаржылық құжаттар:
бухгалтерлік баланс;
қаржылық нәтижелер есебі;
ақша құралдарының қозғалыс есебі.
Сонымен бірге, бухгалтерлік есептің арнайы нысандары да пайдаланылады. Егер де кәсіпорн активтерін бағалау қажет болса, онда баланс шоттары бойынша сұрау жасалады.
19. К/о-да пайданың қалыптастырудың негізгі көздері – 28*
Табыс, Түсім – шотқа түскен ақша. Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды. Түрлері: материалдық табыс – сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы; негізгі құрал-жабдық (қор) табысы – кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы; саудадағы тауарлар табысы – тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары; жалпы табыс – бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома; сыртқы төлем табысы – шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы; тарату табысы – мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат; қорланған табысы – қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс; күтулі табыс – ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Кәсіпорын табыстылығының экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады. Бизнестің кез-келген түрімен айналысқан кәсіпорын табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.
