- •Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •Аралас емдік пасталар:
- •Официональды аралас емдік пасталар
- •Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.
- •Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Ортоэтоксибензой қышқылы (ева) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Мырыш-эвгенолды цементтер
- •Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Шыныиономерлі цементтер
- •Химиялық жолмен қатаятын шиц-тердің кемшіліктері:
- •1 Подтип – эстетикалық реставрациялар үшін
- •2 Подтип – жүктелген реставрациялар үшін
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шиц-тер 26
- •Металл құрамдас шиц-тер
- •Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары
- •Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
- •Ұлпаны оқшаулау.
- •Беткейлік кондиционерлеу.
- •Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •Операциялық алаңды оқшаулау.
- •Материалды араластыру.
- •Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
- •Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
- •Гибридті шыныиономерлі цементтер
- •Компомерлер
- •Компомер құрамы
- •Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
- •Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Жұмыс кезеңдері:
- •Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
- •Іх. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру
- •Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал
- •Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
- •Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту
- •Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
- •XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
- •XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •Тест тапсырмалары
Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
Бірінші қабылдауда өткір кесетін қол аспаппен немесе ротациялы аспаптармен (силиконды бастар, ақ карборунд тастары немесе майысқақ дискілермен) тек қана материал қалдықтары алынады. Цементтің пісіп-жетілмеуін ескере отырып, аспапты пломбадан тіске қарай жылжытқан жөн, ал керісінше тиімді емес. Бұл фазада сулы спрейді қолдану ұсынылмайды. Соңғы рет қатайғаннан соң дегидратация мен машадан тыс қызып кетуді алдын алу үшін пломбаны судың астында тегістеп жылтырлатады.
ШИЦ-ті оқшаулау.
Гидратация мен дегидратацияны алдын алу үшін пломбаның ашық бетін немесе бекітілген сауыттың қырын оқшаулауды 24сағат ішінде жүргізеді. Аралық материал (варниша) ретінде арнайы лактар, толтырылмаған өздігінен және сәулемен қатаятын шайырлар, нитроцеллюлоза, метилметакрилат, амидті резина, полиуретанды материалдар қолданылады. Сәулеқатаятын композитті бондингті жүйелер мен фиссуралық герметиктерді қолдану бүгінгі күнгі жақсы нәтиже беріп отыр.
Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
Пломбаны соңғы рет жылтырлату цементтің толығымен пісіп-жетілуінен кейін (24сағаттан кейін емес) су барда жүргізілуі керек. Тегістеу үшін алмазды бастар, абразивті дискілер, металды штрипсалар, ал жылтырлату үшін – жылтырлатқыш дискілер, резиналы полирлер, щеткалар, қағаз штрипсалар қолданылады.
Өңдеуден кейін реставрация аймағы лактың көмегімен ылғалдылықтан қайтадан оқшаулануы керек.
Қатайғаннан кейін науқас стоматологқа қайта келе алмаса, пломбаның пішінін төмен жылдамдықтағы бор немесе сусыз металды штрипса көмегімен коррекциялау ұсынылады. Кейін пломба 20минутқа лакпен оқшауланады, содан соң жоғарыда көрсетілген схема бойынша тегістеу мен жылтыратуды кезеңін орындайды.
ШИЦ-ті қышқылдандыру.
Сэндвич-техникасының жабық әдісін қолданғанда ШИЦ-ті қышқылдандыру оның композитпен микроретенция әсерінен жақсы байланысын қамтамасыз етеді. Ол цементтік матрицаның таңдап алуына әсер етіп, қышқылдандырылған кіреукеге ұқсас кедір-бұдыр бетті түзеді.
Бірақ та пісіп-жетілмеген цементті фосфор қышқылымен қышқылдандыру ШИЦ-тің сынуына әкелуі мүмкін. Қышқылдану ұзарту қышқылдың ШИЦ-ке соншалықты терең енуіне, тіпті оны сумен жуып шаю мүмкіндігінің төмендеуіне әкеп соғады. Бұл ұлпаның жоғарысезімталдығын және ұлпа жағынан теріс реакцияны туындатуы мүмкін.
Бұдан басқа, егер қалпына келтіру сэндвич-техникасының прниципі бойынша бір мезгілде жүргізілсе, онда композиттік материал полимеризациялық отыру кезінде әлі пісіп-жетілмеген ШИЦ-ті дентиннен жұлып алады да, пломбаның герметизмін бұзады.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қышқылдауды 15-20секундтан көп емес уақытта шприцтердегі тұтқыр гельдерді қолдана отырып жүргізген жөн.
Композитті материалдың отыруынан болатын ШИЦ-тің дентиннен жұлынуның алдын алу мүмкін, ол үшін пломбылаудың отсроченный әдісін (композитті бір тәуліктен кеш емес енгізу, демек цементтің пісіп-жетілуінен кейін) қолданады немесе цементті қышқылдандырмайды. Дегенмен де мынандай ой-пікір бар, композиттің қышқылданған және қышқылданбаған ШИЦ-тің бетімен байланысында айырмашылық жоқ, сондықтан цементті қышқылдандыру міндетті емес.
ШИЦ-тің жақсы байланысын қамтамасыз ету үшін төмен тұтқырлықты композиттерді қолдану ұсынылады.
