Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
581 Кб
Скачать
☆

Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту

ШИЦ-тің қалған лютингті материалдарға қарағандағы артылықшылықтары:

-салыстармалы түрдетөмен ерігіштік

-тиксотропты эффект

-жұқа қабат жағу мүмкіндігі

-фтор иондарының бөлінуі

-гиперсезімталдық пен тірі ұлпасы бар тістерге бекіту кезіндегі асқынулардың пайда болудың төмен мүмкіншілігі

-тіс тіндерімен жоғары биосәйкестілігі

Лютингті ШИЦ-терді қолдануға қарсы көрсеткіштер:

-металлокерамикалық сауыттарды бекіту

-винирлердібекіту 52

Бұндай ШИЦ-терді тісжегі пайда болудың жоғары қаупі бар науқастар үшін қолдану тиімді. Тістерде ортодонтиялық сақиналарды шыныиономермен бекіту тіс қағының пайда болуын төмендетеді және реминерализациялық эффектіні қамтамасыз етеді.

І типтегі лютингті цементтер қолданылады.

Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту

І типтегі ШИЦ-тер қолданылады.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Штифт немесе тұқылды салманы және олар астына өзекті дайындау

  2. Түбір өзегін натрий гипохлоридімен және ЭДТА-мен 5минуттай өңдеу

  3. Түбір өзегін жуып-шаю және кептіру

  4. ШИЦ-ті мөлшерлеу және жартылайсұйық консистенциясына дейін араластыру

  5. Түбір өзекке материалды енгізу

  6. Материалдың азмөлшерін штифт бетіне салу

  7. Штифтті бекіту

  8. Біріншілік қатаюдан кейін материал артығын алу

  9. Кейінгі реставрация

Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау

Дентинге химиялық адгезиясы әсерінен ШИЦ өзектің жақсы герметизациясын қамтамасыз етеді.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған арнайы ШИЦ-тер қолданылады. Гуттаперчаны қолдана отырып обтурацияның кез келген техникасын қолдануға болады, тек біреуінен басқасы – қыздырылған гуттаперча техникасы.

Түбір өзекті обтурациялауға дайындау - әдеттегі. Шыныиономерлі силерді гуттаперчасыз қолдануға болмайды, себебі материалдың жоғары адгезиясы мен беріктілігі оны қажет болғанда алуға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, эдодонтиялық ШИЦ-тердің рентгеноконтрасттылығы жеткілікті түрде жоғары болмайды, ал бұл обтурацияның сапасын бағалауға қиындатады.

XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау

ШИЦ-тің дентинге деген химиялық адгезиясы апикальды бөліктің жақсы герметизациясын қамтамасыз етеді, ал материалдың жоғары биосәйкестілігі операциядан кейінгі тіндердің жағымсыз реакциясын алдын алады. 53

Жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-тер қолданылады, жақсысы әдеттегі немесе беріктетілген, бірақ гибридті емес (метакрилаттарға реакция болуы мүмкін).

Жұмыс кезеңдері:

  1. Түбір өзектің әдеттегі обтурациясы

  2. Түбір ұшына оперативті жол ашу,оны резекициялау

  3. Бормен түбір ұшы кесіндіде материалды толтыру үшін ретенциялық пунктті жасау. Оның оптимальды тереңдігі резекцияның 45градус бұрышында – 2,5мм, 30градус бұрышында – 2мм, ал 90градус бұрышында – 1мм.

  4. Түбір ұшын антисептикалық өңдеу, гемостаз.

  5. Түбір ұшын кептіру

  6. Кондиционерлеу, жуып-шаю, кептіру

  7. Материалды араластыру

  8. Резекция бөлігіндегі тереңдіктерді ШИЦ-пен пломбылау

  9. Материал қатқаннан кейін хирургиялық операцияны аяқтау