- •Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •Аралас емдік пасталар:
- •Официональды аралас емдік пасталар
- •Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.
- •Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Ортоэтоксибензой қышқылы (ева) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Мырыш-эвгенолды цементтер
- •Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Шыныиономерлі цементтер
- •Химиялық жолмен қатаятын шиц-тердің кемшіліктері:
- •1 Подтип – эстетикалық реставрациялар үшін
- •2 Подтип – жүктелген реставрациялар үшін
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шиц-тер 26
- •Металл құрамдас шиц-тер
- •Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары
- •Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
- •Ұлпаны оқшаулау.
- •Беткейлік кондиционерлеу.
- •Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •Операциялық алаңды оқшаулау.
- •Материалды араластыру.
- •Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
- •Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
- •Гибридті шыныиономерлі цементтер
- •Компомерлер
- •Компомер құрамы
- •Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
- •Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Жұмыс кезеңдері:
- •Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
- •Іх. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру
- •Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал
- •Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
- •Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту
- •Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
- •XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
- •XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •Тест тапсырмалары
V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
Мұндай процедура әдетте тістердің эндодонтиялық емімен байланысты болады, әсіресе, апексогенезді немесе түбірлері қалыптаспаған тістерде апексификация жүргізгенде.
Өзекті уақытша обтурациялағаннан кейін тіс қуысына ылғал мен микрофлораның түсуінің алдын алу үшін оның герметикалық жабылуы қажет
ШИЦ-ті қолданып кейінірек пломбылау көбінесе аз минералданған кіреукеде немесе тістің тісжегінің көлемді зақымдалуы кезінде жүргізіледі. Мұндай тістерде әдеттегі материалдарды қолданғандай да қайталамалы тісжегінің пайда болу қаупі өте жоғары, ал пісіп-жетілмеген кіреукені қышқылдандыру композиттің бекітілуі үшін ретенциялық аймақтарының пайда болуын қиындатады. Реминералдандырушы ем жүргізгеннен кейін, және де кіреукенің соңғы рет минерализациясы мен тісжегі үрдісінің стабилизациясынан соң шыныиономерлі пломбаларды композиттерге ауыстыру жүргізіледі. Ереже бойынша, жүктелген реставрацияларға арналған немесе гибридті ШИЦ-тер қолданылады.
Жұмыстың кезеңдері жоғарыда айтылғандарды қайталайды, сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:
Тіс шөгінділерін профессиональды алу
Қуысты егеп-тазалау.
ШИЦ реңін таңдау.
Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою. Уақытша обтурация кезінде түбір өзегін емдегеннен кейін өзек сағасына стерильді құрғақ мақта анжыны қалдырған жөн, ол келешекте қуыстың ашылуын жеңілдетеді.
Қажет болса – клиньяларды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру
10-30секундқа кондиционерді жағу
Кондиционерді жуып-шаю
Қуысты жеңіл түрде кептіру
Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру
Материалды салу.
Пломбаны модельдеу
Пломба бетін оқшаулау
Біріншілік қатайғаннан кейін пломба артығын алып тастау
Пломба бетін оқшаулау
Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату
VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
ART-әдісі – атравматикалық қалпына келтіретін ем (atraumatic restorative treatment) – Taco Pilot-пен ұсынылған және бұл әдіс тісжегі қуысын егеп-тазаламай (экскаватормен некрэктомия жүргізгеннен кейін), тісжегіге қарсы әсері бар материалдармен пломбылауды қарастырады.
Техника тісжегімен зақымдалған тіндерді толық алуды қамтамасыз етпейді, бірақ ШИЦ-тің тісжегі дентинге адгезиясы егелгенген дентиндікідей, ал фтордың бөлінуі тісжегістатикалық эффект пен тіндер реминерализациясын қамтамасыз етеді.
Бұл әдіс кең қолдануға ұсынылмайды және әдетте тісжегі қуыстарын сапалы егеп-тазалуға мүмкіндік жоқ болғанда орындалады. Ол 1994 жылы ВОЗ-бен кедей аймақтардың тұрғындарына, босқындар мен көшіп-қонушылар стоматологиялық көмек көрсету үшін ұсынылған.
Қажетті жабдықтар аса көп емес. Олар қол экскаваторы, стоматологиялық айна, рәзіңке қолғаптар, мақта біліктеі, пластмассалы шпатель, араластыруға арналған пластинасы бар шыныиономерлі цемент. Тісжегі қуыстарын І класс бойынша 3жыл уақыт ішінде емдеу пломбалардың 90% сақталады.
Стоматологиялық кабинет жағдайында бұл әдіс келесі жағдайлар кезінде қолданылуы мүмкін:
-бормашина алдында қатты қорқу
-физикалық және ақыл-ес кемістігі бар адамдар
-егде жастағы балалар мен науқастар
-жалпысоматикалық патологиясы бар адамдар
Әдіс сүт тістерді емдеу үшін ыңғайлы. ART-әдісі көбінісе басты шарты – асқынбаған тісжегі. Бірақ ол қуысқа жол болмағанда тісжегіні емдеу үшін, сонымен қатар пломба айналасындағы екінщілік тісжегі кезінде қолайлы емес.
Жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады.
Бұл әдіске Ketac Molar A.R.T. (ESPE) шыныиономерлі цемент идеальды түрде жарайды.
Жұмыс кезеңдері:
Зақымдалған дентинді экскаватор көмегімен алу
Операциялық алаңды мақта анжы көмегімен оқшаулау
Қуысты кондиционерлеу. Ketac Molar A.R.T. (ESPE) немесе Kemlex (Dentsply) материалдарын қолданғанда кондиционер ретінде шыныиономер сұйықтығы қолданылады. Кондиционер мақта тампонмен қуысқа 10секундқа енгізіледі. Мүмкіндік болмағанда кондиционерді жуып-шаймасада болады. 44
ШИЦ-ті мөлшерлеу және араластыру
Материалды бір порциямен салу
Материалға қолғап киіп, саусақпен басу. Егеп-тазалау қажет болмас үшін пломба беті окклюзиялық деңгейден төмен болуы керек
Пломбаны модельдеу (бұл кезең міндетті емес, себебі үнемі жасалынбайды)
Қажет болса – қатайғаннан кейін пломбаны соңғы рет модельдеу
Классикалық ART-тәсілі 2 түрде жүргізілген. Олардың біреуі жоғарыда сипатталған. Ал екіншісінің ерекшелігі – егеп-тазалағаннан кейін дентинге 40% күміс фториді ерітіндісінің аппликациясы жүргізіліп, содан соң шыныиономермен пломбыланады.
Фиссураларды герметизациялау
ШИЦ-терді фиссуралардың герметиктері ретінде 1974 жылы ұсынылған болатын (J.W.Mclean). Олар қышқылдандыру қажет етпей, жақсы бекітіледі және фтор бөле алатын қабілеті бар, бірақ олардың кемшіліктері бар – тұтқырлығы үлкен, беріктілігі төмен және қажалуы жоғары, сондықтан оларды бұндай жағдайларда қолдануды шектейді.
ШИЦ фиссуралардың тереңіне енбейді, сондықтан мынандай ой-пікір бар – “герметизация” термині осы материалдарды қолданғанда нақты емес, дұрысы “профилактикалық қорғаныс қабатты жағу” деген анықтама берілсе.
Материал инвазивті герметизация кезінде жақсырақ бекиді, бірақ та алдын ала фиссураларды ашпай да нәтижелі болады.
Қышқылдандырмайтын әдіс әлсіз минерализацияланған фиссуралар жағынан ең аяйтын болып табылады және де сол себептен тек қана жарып шыққан немесе шарып шығып бара жатқан тістерде қолдану ұсынылады. Бұндай герметизация уақытша болуы мүмкін.
Профилактикалық эффект шыныиономерлі герметиктің сақталу фактіне байланысты емес, ал ол материалдың тіспен қатынасу уақытына байланысты болады. Кіреукеге фтор түсу әсерінен кіреукенің минерализациялану дәрежесі шыныиономерлі жабу астында 10-20%-ға жоғарылайды. Бұндай тістердің қышқылға тұрақтылығы 20%-ға жоғарылайтыныны анықталған. Шыныиономерлі герметиктің тұрақты профилактикалық эффектісі 6-12айдан кейін дамиды, ал тісжегінің жоғары дәрежелі редукциясы (80-90%) ұзақ уақыт ішінде сақталады. 45
Фиссуралардың герметиктері ретінде герметизация үшін фирмамен ұсынылған цементтер, немесе тұрақты пломбылауға арналған цементтерді қолдануға болады. Ең тиімдісі – бұл төсемдік шыныиономерлер, әсіресе гибридті (Vitrebond). Төсемдік цементтер ағымдырақ еледі, бұл олармен фиссураларды жақсы толтыруды қамтамасыз етеді, бірақ олардың қажалуға беріктілігі мен тұрақтылығы реставрациялық ШИЦ-терге қарағанда төмендеу.
Жұмыс кезеңдері:
Тіс шөгінділерін алу. Енді ғана жарып шыққан немесе фиссуралар минерализациясы аяқталмаған тістерді профилактикалық тазалау кезінде пісіп-жетілмеген кіреукені зақымдамас үшін абразивті пасталарды қолданылмаған жөн. 3% сутегі асқын тотығын қолданылып, пастасыз жасауға болады. Кішкентай балаларда кәдімгі тіс щеткасын, ал үлкендеу науқастарда – айналмалы щеткаларды қолдануға болады.
Көшірме қағазы көмегімен антогонист-тістермен контактілерді анықтау. Герметикті енгізгенде тісте із қалдыратын контактылы нүктелерді материалмен жабуға болмайды, ол окклюзияның биіктеп кетуін алдын алады.
Операциялық алаңды оқшаулау
Кіреукеге кондиционер салу
Тісті жуып-шайып, аяп кептіру
Шыныиономерді араластырып, фиссураларға салу, зонд немесе гуттаперчалы штифт көмегімен материалды бүкіл фиссуралар бойымен жайғастыру
Модельдеу
5-7 минутқа тіс бетін оқшаулау (алғашқы қатаю уақыты)
Қажет болса – тістем бойынша коррекция жасау
Материал бетін 24 сағатқа оқшаулау
Сапалық қарап тексерулер 3-6 айда 1 реттен кем емес
Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың тоннельді техникасын қолданылып қуыстарды пломбылау
Бұл егеп-тазалаудың кең қолданылатын түрі емес, бұл әдіс алғаш 1963 жылы сипатталған (Jinks).
Тоннельді егеп-тазалау техникасының мәні – ілінген қырларды алумен тісжегі қуысының толық ашылуы жүргізілмейді, ал тіс тіндері, соның ішінде төмпешіктері сақталып тоннельге ұқсас бір затты қалыптастырады (Hunt P., 1990ж.).
J.W. Mclean (1985) бұл техниканы “ішкі егеп-тазалау” деп атауды ұсынды. Бұл кезде бүйір тістің жанасу бетіндегі тісжегімен зақымдану ошағы шайнау бетіне оперативтік жолмен жету арқылы кіреуке жиегінің сақталуымен алынады.
3-сурет. Тістердің тісжегісін оперативті емдеудің тоннельді техникасы: а – тісжегі қуысы, б – оперативті қуыстың пішіні, в – қуысты шыныиономерлі цементпен толтыру. 46
Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолдануға көрсеткіштер:
-шайнау тіс апроксимальды бетінің кішігірім тісжегі зақымдануы жанасу пунктінен төмен
-жиектік қырдың сақталуы кезіндегі кіреукенің минимальды зақымдануы
-көлемді окклюзиялық тісжегі қуыстарының болмауы
Бұл әдіс шектелген обзор әсерінен тісжегі тіндерінің жеткілікті түрде алынуына гарантия бермегендіктен, тісжегістатикалық белсенділігі мен дентинге жақсы адгезиясы бар материалдарды қолдану қажет, бұндай материалдар шыныиономерлі цементтер болып табылады.
Тоннельді егеп-тазалау техникасына “латеральды тоннель” немесе “Slot-егеп-тазалау” (ағ.Slot-паз, саңылау) (Wilson A.D., Mclean W.W., 1988. Jonas P.1995) техникасы жақын. Ол тістердің жанасу беттеріндегі кішігірім тісжегі қуыстарында қолданыла алады және оның негізі – оларға вестибулярлы немесе оральды беттерден тар доступ жасау. Бұндай жағдайда беріктілігі жоғары рентгеноконтрасты ШИЦ-терді қолдану ұсынылады.
Жұмыс кезеңдері жоғарыдағы сипатталғанды қайталайды, тек егеп-тазалау техникасымен ерекшелінеді.
Тіс шөгінділерін алу
Қуысты егеп-тазалау. Классикалық тоннельді егеп-тазалау әдісін қолданып, қуысты дайындағанда тіс экваторынан төмен апроксимальды қуысқа жолды орталық фиссура және жиектік қырды бөлетін үшбұрыш тесігі арқылы жүргізеді. Көрші тіс әрқашанда металл матрицамен қорғалады.
1999 жылы С.В. Радлинский тоннельді егеп-тазалаудың модифицирленген принципін ұсынған, бұндағы зақымдану ошағына доступ үшбұрыш тесігі арқылы тігінен жүргізіледі, бұл кезде апроксимальды деминерализацияланған кіреуке алынбайды. (4-сурет). Бұл әдісте шыныиономерлі цементтердің орнынакомпозитті немесе компомерлі материалдармен реставрациялау ұсынылады.
4-сурет. Тоннельді егеп-тазалаудың әдістері: а - әдеттегі, б – С.В. Радлинскиймен модифицирленген.
3. ШИЦ реңін таңдау
4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
5. Матрицаны қондыру
6. 10-30секундқа кондиционер жағу (инструкцияға сай)
7. Кондиционерді жуып-шаю
8. Қуысты жеңіл кептіру
9. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият түрде мөлшерлеу және араластыру
10. Материалды салу
11. Пломбаны мүсіндеу
12. Пломба бетін оқшаулау
13. Біріншілік қатаюдан кейін пломба артығын алу
14. Пломба бетін оқшаулау
15. Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату
Пломбаның окклюзиялық бөлігін сэндвич-техникасын қолдана отырып композиттен жасауға болады.
