Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
581 Кб
Скачать
☆

Материалдардың сипаттамасы

Биодент (Медполимер фирмасы)

Құрамында эвгенол мен иммунокорректоры бар емдік паста, құрамындағы заттар ұлпаның иммунологиялық реактивтілігінің қалпына келуін ыңтыландырады. Паста антисептикалық, жансыздандыратын, қабынуға қарсы әсер етеді. Қолдануға дайын біркомпонентті өздігінен қатаятын материал.

Эвгецент-П (ВладМиВа фирмасы)

Композиттік материалдардан басқа кез келген пломбалық материалдар астына емдік және аралық төсем ретінде, уақытша пломбылауға, алынбайтын протездерді бекітуге және де түбір өзектерін пломбылауға қолданылады.

Құрамы – ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.

Ұнтақ – бұл модифицияланған қоспасы бар мырыш оксиді.

Сұйықтығы – эвгенол.

Қолдану тәсілі. 16

Құрғақ шыны пластинка-бетінде ұнтақ пен сұйықтықты 4:1 қатынаста гомогенді консистенцияға дейін араластырады.

Араластыру уақыты – 60секунд. Цементтік қамыр пластикалығын шыныда 1,5-2минут ішінде сақтайды.

Қатаю уақыты тісжегі қуысында – 4-6минут.

Мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге сонымен қатар төмендегі материалдар жатады:

Кариосан – Spofa Dental фирмасы

Саvitec – Kerr фирмасы

Eugespad – SPAD фирмасы

CP-CAP – Lege Artis фирмасы

IRM – Dentsply фирмасы

Zinoment – Voco фирмасы.

Шыныиономерлі цементтер

Тарихи анықтама

Стоматологиялық пломбалық материалдардың тарихы – бұл тіс тіндерінің табиғи түрлері мен сапасын құруға арналған тұрақты ұмтылыстың бір мысалы.

Ескертетін бір жәйт, тісжегі қуыстарын әр түрлі материалдармен толтыру тәжірибесі тіс қызметі мен мақсатын көздемегені алғашқы әдебиет көздерден белгілі болды. Мысалы, Авл Корнелий Цельс (б.з.д.30-40жж.) – әр түрлі ғылыми трактаттардың авторы, соның ішінде сегізінші кітаб “De medicina” трактатаның авторы, тістердегі үлкен тісжегі қуыстарын қорғасынмен және басқа да материалдармен тіс аспаптың қысымынан сынбас үшін пломбылауды ұсынды.

IX ғасырда майяның ежелгі халқы арнайы фосфат кальций негізіндегі цемент тәріздес массамен егелген қуыстары бар тістерге аса бағалы тастардан жасалған салмаларды бекіткен.

Бұзылған тістерді оларды пломбылау жолымен сақтау ойы Х ғасырға жатады және ол араб медицинасымен байланысты. Багдадтағы госпиталь-мектептің басты емшісі Абу-Бакр Мухаммед ибн-Закария аль-Рази (841-926жж.), медицина бойынша екі көптомды еңбектердің авторы, тістердегі қуыстарды квасц, мастика және балмен толтыруды ұсынған. 17

1480 жылы Болонье (Италия) университетінде Джованни Арколани адам тісіне алғаш рет алтыннан жасалған пломбаны қойған.

Бұдан кешрек Джованни де Виго (1460-1520жж.) тісжегі қуыстарын алдын ала егегеннен кейін оларды толтыру үшін жапырақты алтынды қолданды.

1728 жылы атақты хирург және тіс емшісі Пьер Фошар медицина тарихындағы алғашқы еңбекті жазған, онда ол тістер мен ауыз қуысы ауруларын емдеу туралы қамтитын барлық білімін жүйеледі. Тістердегі қуыстарды қорғасынмен, қалайымен және алтынмен пломбылау ұсынылған. Бірақ негізінен қорғасынмен толтыру ұсынылды, себебі ол пластикалық және тісжегі қуыстарына деген адгезиясы жақсы болған.

1826 жылы тісжегі қуыстарын күміс пастасы деп аталатын күміс пен сынап қоспасымен толтыру ұсынылды (O.Taveay, Париж), бірақ 1840 жылы алғашқы “амальгамалық соғыс” жарияланған және де тісжегі қуыстарын пломбылау үшін күміс амальгаманы қолдануға тыйым салынды. Кейінірек тыйым жойылды, бірақ амальгама тек 1895 жылы реабилитацияланды, бұл кезде амальгама бойынша G.V.Black алғашқы толық зерттеуді жариялаған болатын.

1870 жылы Америкада алғашқы бормашинаны құрастырылды, бұл егеп-тазалау дәуірдің басталуына әсер етті. Тісжегі қуыстарын толтыру мәселесі актуальды болды. Бұл уақытқа тісжегі қуыстарын пломбылау материалдары ретінде алтын мен оның платинамен, қалайымен қосплары,таза қалайы, платина, мыс, фарфор, амальгама және гуттаперча қолданылды. Салмалар дайындауда шыны қолданылды, оны майда ұсақтап, азот қышқылы көмегімен тазалаған. Көбінесе лампалы қалпақшаларға арналған сүттік шыныны қолданған, ал түрлі түсті бөтелкелік шыныларды әр түрлі түстерді алу үшін қосқан болатын.

Стоматологиялық цементтердің дәуірі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталды. “Цемент” деген термині ең басынан құрамы дегенді білдірген жоқ, ал құрылыс материалы ретінде қаралған (латын сөзі caementum – щебень, ұрған тас).

Стоматологиялық цементтердің тарихы 1832 жылы Ostermann алғашқы фосфат цементін тапқан кезде басталады, бұл цементтің ұнтағы кальций тотығынан, ал сұйықтығы фосфор қышқылынан тұрған болатын.

1858 жылы пломбалық материал ретінде мырыш оксиді мен хлорлы мырыш қоспасын қолдану ұсынылды. Беріктілікті жоғарылату үшін цементке шыны ұнтақ немесе кремний қышқылын қосқан. 18

1880 жылы мырыш-фосфатты цемент ашылды, ол құрамында 81% мырыш оскиді мен 19% алюмосиликаты бар ұнтақ пен фосфор қышқылының сулы ерітіндісін араластыру арқылы түзіледі. Қатайған цемент ядролары реакцияланбаған мырыш оксидінен тұратын енттерленген дәндері болып табылады, ал қабық-матрицасы – ол мырыш фосфаты. Мырыш-фосфатты цементтердің басты кемшіліктерінің бірі – тіс тіндеріне деген нағыз адгезияның болмауы, алғашқы қышқылдығының жоғары болуы (ол тіс ұлпасына нағыз қауіп), төмен беріктілік пен қанағаттандырмайтын эстетикалық қасиеттері болды.

1873 жылы силикатты цементты ойлап тапты, оның ұнтағы бұл - кремний тотығы, алюмосиликаттар, фторлы қосылыстар мен пигменттерден тұратын жұқа майдаланған қышқылда еритін шыны, ал сұйықтығы – фосфор қышқылының сулы ерітіндісі.

Кейінірек фторлы қосылыстардың жоғары болуы (15%) белгілі материалға тісжегіге қарсы қасиеттерін беретіні туралы ой-пікір ұсынылды. Силикатты цементтердің басты кемшіліктері бұл – алғашқы қышқылдықтың баяу түрде төмендеуінен тіс ұлпасына токсикалық әсері, майысуға төмен беріктілік, ауыз қуысы жағдайларындағы салыстырмалы түрдегі жоғары ерігіштік, тіс тіндеріне адгезияның төмен болуы.

Жоғары сапалы пломбалық материалдарды ойлап-табуға деген ұмтылыс ХХ ғасырдың 60жж.аяғында поликарбоксилатты цементтерді шығаруына әкелді. 1966ж. құрамы мырыш оксиді мен полиакрил қышқыл қоспасынан тұратын цементтердің жақсы адгезиялық қасиеттері анықталды. Поликарбоксилатты цементтердің қатаюы полиакрил қышқылдың сызықты макромолекулаларының металдардың поливалентті катиондарымен тігілуі нәтижесінде кеңістікті-торлы құрылымның түзілуіне байланысты. Кальций гидроксиапатиттерімен хелатты байланыстардың түзілуі, сонымен қатар полиакрил қышқылының комплекстерді түзей білу мен дентин протеинімен реакцияға түсуі поликарбоксилатты цементтердің тіс кіреукесі мен дентинге деген адгезиясын қамтамасыз етті.

Ендеше, поликарбоксилатты цементтер тіс тіндеріне нағыз адгезиясына ие болған алғашқы пломбалық материалдар болып шықты. Бірақ олардың төмен беріктілігі мен қанағаттандырмайтындығы эстетикалық қасиеттері оларды қолдану шектелді.

Кейінгі ізденістер 1971 жылы алғаш рет сипатталып жазылған жаңа класс цементтердің пайда болуына әкелді. Жаңа материалдың артықшылығы мырыш оксиді негізіндегі ұнтақтың жұқа майдаланған фторалюмосиликатты шыныға ауыстырылуына негізделді. Мырыш-поликарбоксилатты цементтердің адгезиялық қасиеттерін қосқан, құрамында фторы және де қанағаттандыратын эстетикалық қасиеттері бар жаңа материалдар шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) деген атауға ие болды. 19

Алғашқы коммерциялық шыныиономерлі цемент ASPA-IV 70-ншы жылдардың басында АҚШ-та De Trey компаниясымен шығарылған болатын. Алғашқы шыныиономерлер жұмыс жағынан жеткілікті түрде күрделі және ылғалдылық пен дегидратацияға өте сезімтал болған. ШИЦ-тер 1984 жылы нарықта капсулалар түрінде цементтер (Ketac Aplicap жүйесі, ESPE) пайда болғанда жоғары әйгілікке ие болды.

Шыныиономерлі цементтердің құрамы

Шыныиономерлі цемент – бұл негізгі шыны мен қышқыл компоненттен тұратын, осы компоненттердің арасындағы қышқыл-негіз реакциясымен қатаятын цемент (McLean J.W. және басқалар., 1994жыл) (1-сурет).

Ұнтақ. Алғашқы шыныиономерлі цементтердің ұнтағы 2:1 қатынасындағы кремний диоксиді мен алюминий және 23% фтордан тұрған. Қазіргі кезде шығарылатын шыныиономерлі цементтің құрамы (1 кестеде көрсетілген).

Кремний диоксидінің жоғары концентрацияда болуы шынының жоғары мөлдірлік дәрежесін қамтамасыз еткенімен, цементтің ұсталу үрдісін тежейді, қатаю уақыты мен жұмыс уақытын ұзартады, сонымен қатар қатайған материалдың беріктілігін біршама төмендетеді.

1 кесте. Шыныиономерлі цементтің құрамы (Bayne S.C., 1998 жыл).

Компонент

Құрамы, %

Кремний диоксиді

29,0

Алюминий оксиді

16,6

Кальций фториді

34,3

Алюминий фосфаты

9,8

Натрий фториді

5,3

Алюминий фториді

5,0

Алюминий оксидінің көп мөлшері материалдың мөлдірлігін төмендетеді, бірақ оның беріктілігін, қышқылға төзімділігін жоғарылатады, қатаю және жұмыс уақытын азайтады.

Ұнтақта кальций фторидінің жоғары мөлшерде болуы материалдың мөлдірлігін төмендетеді, бірақ құрамындағы фтор мөлшерінің көп болуынан оның тісжегістұрақтылық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы шыныиономерлі цементтердің құрамындағы фтордың орташа мөлшері – 20-25%.

Алюминий фосфаты материалдың мөлдірлігін төмендетіп, оның беріктілігі мен механикалық тұрақтылығын жоғарылатады. 20

Иондардың босау деңгейі мен материалдың эстетикалық қасиеттері (пигменттердің болуы, шағылу және сыну көрсеткіштері) шыныға тәуелді болады. Ұнтақ бөлшектерінің көлемі материал тағайындауға байланысты болады – ол қалпына келтіретін материалдар (40-50мкм) мен төсемдік және бекітуші цементтерде көбірек (20-25мкм).

Ұнтақ құрамына күміс немесе күміс амальгама ұнтағының бөлшектері кіретін материалдар – керметтер құрастырылды.

Полиқышқылдар. Полимер ретінде молекулярлық массасы, формуласы мен конфигурациялары көп түрлі поликарбон қышқылдарының әр түрлі комбинациялары қолданылады. Полимеризация үшін әдетте қанықпаған үш карбон қышқылдары қолданылады: акрилді, итаконды және малеинді. Бұл қышқылдардың полимерлерінде карбоксилді топтар көп, олардың арқасында полимер тізбектерінің тігілуі жүріп, тіс тіндеріне адгезиясы қамтамасыз етіледі.

Шыныиономерлі цементтердің шығарылу түрлері

Сулы цементтер (құрамына полиқышқылдар мен су кіреді құрамдас) ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады. Ұнтағы – ұсақ майдаланған фторалюмосиликатты шыны мен қажетті қоспалар, ал сұйықтығы – карбон қышқылдар кополимерінің сулы ерітіндісі мен 5% шарап қышқылы болып табылады.

Сусыз цементтер (сусыз полиқышқыл құрамдас) – бұл дистиллирленген суда араластырылатын су құрамдас цементтердің түрі. Сусыз материалдардағы төмен температурада кептірілген полиқышқыл мен шарап қышқылы шыны ұнтаққа қосылған. Мұндай материалдардың артықшылығы сұйықтық тұтқырлығының төмен болуына байланысты оңай араластырылуы, ұнтақ немесе сұйықтықтың мөлшерден тыс мүмкіншілігінің болмауы, тасымалдағанда және сақтау кезіндегі өте ыңғайлылы болуы. Бірақ сусыз шыныиономерлердің бастапқы қышқылдығын жоғары болуы операциядан кейінгі сезімталдылықтың басқа материалдармен салыстырғанда жоғары болуына әкеледі. Сусыз цементтердің ұнтақтары ауадағы ылғалдылықты белсенді түрде сіңіріп алатындықтан оларды тығыз жауып сақтау керек.

Жартылайсулы цементтер сулы және сусыз цементтердің арасындағы аралық орын алады. Себебі полиқышқыл ұнтақ және, ерітінді түрінде де болады.

Көптеген ШИЦ-тер жұқа қалқаны бар капсулаларда шығарылады, ұнтақ пен сұйықтық дұрыс қатынаста сақталады. Капсуланың белсенділігі мен материалды араластырғаннан кейін жылдамды араластырғышта 10секунд ішінде оптимальды технологиялық қасиеттерге ие масса түзіледі. Капсулалық жүйелердің кемшілігі материал порциясының мөлшерін нұсқалаудың мүмкінсіздігі болып табылады. Қазіргі заманға сай капсулалар тісжегі қуысына материалды жеткізу үшін поршень мен мұрынмен жабдықталған.

ШИЦ-тердің қатаюы.

ШИЦ-тердің қатаюы бірінен соң бірі жүретін үш кезеңдерден тұрады:

1. Еру (гидратация, иондардың бөлінуі, иондардың сілтіленуі)

2. Қоюлану (алғашқы гельдің түзілуі, бастапқы тұрақты емес қатаю)

3. Қатаю (дегидратация, пісіп-жетілу, соңғы рет қатаю)

Еру кезеңі. Бұл кезеңде ерітіндіге ауысқан қышқыл шыны бөлшектерінің беткей қабатымен реакцияға түсіп, одан алюминий, кальций, натрий және фтор иондарын бөледі, кейін бөлшектердің бетінде тек қана силикагель қалады. Иондардың бөліну үрдісі 24сағат ішінде аяқталады, бірақ материал өзінің соңғы физикалық және механикалық қасиеттеріне жетпей 3-6минуттан кейін ғана қатаяды. Қышқыл әсер етуінен шамамен 20-30% шыны бөлшектері декомпозицияланады.

Қоюлану кезеңі. Шамамен 7минутқа созылады. Бастапқы қатаю полиқышқылдар молекулаларының кальций иондарымен тігілу жолымен жүзеге асады. Полиқышқылдардың молекулалары гельге ауыса бастайды. Бұл кезеңде цементтің рН жоғарылай бастайтытыны байқалады.

Қатаю кезеңі. 7 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ол негізінен полиқышқылдар тізбектерінің алюминий иондарымен тігілуімен жүзеге асады. Алюминий иондарының үш валенттілігі жоғары дәрежедегі көлденең байланыс пен кеңістікті құрылымның түзілуін қамтамасыз етеді. Бірақ кальций және алюминий тізбектері үзіліп, реставрацияның бүкіл кезеңі бойында орын ауыстыра алатыныны туралы мәліметтер бар.

Бұл кезеңде сонымен қатар шыны бөлшектердің бетіндегі силикагель түзілу үрдісі аяқталады. Бұдан кейін материал ылғалдылыққа төзімсіз болады.

Қатайған цементтің соңғы құрылымы шыны бөлшектер болып табылады, олардың әрқайсысы силикагельмен қоршалып, көлденең байланысқан полиқышқылдар молекулалардың матриксінде орналасады (2-сурет).

2-сурет. Шыныиономерлі цементтің қатаю кезеңдері: полиқышқылдар молекулалары мен үш валентті алюминий иондарының көлденең түрде тігіліп, кеңістікті полимер құрылымның түзілуі.

Шыныиономерлі цементтердің негізгі қасиеттері:

IШИЦ-тер өзінің қолдауына байланысты 3 топқа бөлінеді:

1. Бекітуші цементтер

2. Қалпына келтіруші

3. Төсемдік, соның ішінде базисті (композитті материалдармен реставрациялаудың негізі ретінде)

G.J.Mount ШИЦ-терді “қазіргі күнгі жалғыз биологиялық белсенді реставрациялық материалдар” деп атады, себебі олар тістің қатты тіндерімен байланысып, құрамына фтор бөле алады.

Кіреуке, дентин және цементке деген химиялық адгезиялануын екі механизммен түсіндіреді.

Полиакрил қышқыл молекулаларының карбоксилатты топтары кальциймен, соның ішінде дентин мен кіреукенің кальций гидроксиапатиттерімен байланысқа түсе алады.

Поликарбон қышқылдары азоттың белокты молекулаларына туыстас келіп, соның ішінде коллагенге, бұл дентин коллагеніні де полиакрил қышқылының абсорбциясымен көрінеді.

Көптеген материалдарға химиялық адгезиясы (композиттер, амальгамалар, эвгенол, азот, платина, оксидтелген фольга, тоттанбайтын болат, қалайы, алтын қоспасы бар материалдар) ШИЦ-тердің әр түрлі субстраттармен хелатты және сулы байланыстар түзуімен қамтамассыз етеді.

Фтортәуелдес тісжегістатикалық әсер ШИЦ-тердің қатаю және қатайғаннан кейінгі кезеңдерде жүретін екі үрдіске негізделген – фтордың бөлінуі және пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шекарада фторқұрамдас апатиттер қабатының түзілуі.

Фтор иондарының бөлінуі еру фазасында басталады және иондардың бүкіл уақыт бойы бөліну үрдісіне дейін созылады. 24-28сағаттан кейін ол шегіне жетіп, 72сағаттан кейін жедел түрде төмендейді. ШИЦ бөлетін фтордың бірнеше айлар бойы дентиннің 25-50мкм тереңдігінде сақталатыны туралы мәлімет бар. Фтордың диффузиясы қоршаған қатты тіндердің минералдануын күшейтіп, дентин өткізгіштігін төмендетіп, бастапқы тісжегі зақымданулардың реминерализация үрдістің тоқталуын немесе қалған тісжегі үрдістің тежелуін қамтамасыз етеді.

ШИЦ-тердің антибактериальдық қасиеттері бөлінетін фтор әсерімен байланысты. Мырышфосфатты немесе мырышполикарбоксилатты цементтерге қарағанда ШИЦ-терден қойылған пломбалардың бетінде бактериялар мөлшерінің деңгейі төмендеу екені дәлелденген. 23

Жақсы биосәйкестілік, антитоксикалық қасиеттері. ШИЦ-тер жоғары биосәйкестілікке ие. Жануарларға жасалған ШИЦ-ті теріастылық имплантациялау тәжірибесінде қоршаған тіндерде ешқандай патологиялық реакциялар анықталмаған. Материлдың бастапқы кездегі жоғары қышқылдылығының ұлпаны тітіркендіру мүмкіндігі терең тісжегі қуыстарында кальций құрамдас төсемдерді қолдануды қажет етеді.

Жылудан кеңею коэффициентінің тіс тіндеріне жақын болуы. Бұл пломбыланған тістердің сынып кетуін немесе ауыз қуысында температура өзгергенде пломбаның жиектік жабысуының бұзылуының алдын алады. Басқа материалдармен салыстырғанда ШИЦ-тің жылу өткізу коэффициенті дентинге жақынырақ.

Қатаю үрдісі кезінде жылудың бөлінуі. Айқын емес, ұлпаға жағымсыз термиялық әсер етуді алдын алады.

Қысымға жоғары беріктілігі. ШИЦ-тердің бұл қасиеті оларды сэндвич-техникасы кезінде композиттік материалдар астына қолдануға мүмкіндік береді.

Диаметрлік созылуға төмен беріктілік. Бұл қасиет ШИЦ-терді тістердің қысым анық түсетін аймақтарында қолдануды шектейді (кесу қыры, шайнау төмпешіктері).

Эластикалық төмен болуы. ЩИЦ-тердің салыстырмалы ригидтілігі шыны бөлшектер мен ионды табиғаттың бар болуымен және полимер жіпшелерінің арасындағы байланыстың болуымен түсіндіріледі. Бұл қасиет ШИЦ-терді V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылауға мүмкіндік береді.

Отыруы. ШИЦ-тердің көлемдік отыруы: оларды қойғаннан кейін 30секунд өткенде – 1-3,6%, ал 24сағаттан кейін – 2,8-7,1% құрайды. Бұл отырудың күші композиттік материалдарды полимеризациялағанда пайда болатын отыру күштің 40%-ын құрайды, бұл ШИЦ-терді сэндвич-техникасымен композиттермен бірге қолдануға мүмкіндік береді.

Жиектік тұрақтылықтың жақсы болуы. Ол ШИЦ-тің қасиеттері арқасында жүзеге асып, басқа пломбалық материалдарға қарағанда микро ағып кету мүмкіншілігінің минимальды түрде болуын қамтамасыз етеді.

Ерігіштігі. Судағы жоғары ерігіштік – көптеген цементтердің кемшілігі, соның ішінде ШИЦ-терге де тән. Дегенмен ШИЦ-тердің басқа цементтерге қарағандағы артықшылығы олардың қышқылдардағы ерігіштігінің төмен болуы.

Қажалуға төмен болуы. Жүктеменің жоғары дәрежелі бар жерлерде ШИЦ-терді қолданбайды.

Эстетикалық қасиеттері. ШИЦ-тердің түсі шыны түрімен және түрлі түсті пигменттерді қосумен қамтамасыз етіледі. ШИЦ-тер түсі тіс тіндеріне түсіне жақын болып келеді, бірақ қатаю жағынан төмендеу.