Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
581 Кб
Скачать
☆

Официональды аралас емдік пасталар

Пульпанес (ВладМиВа фирмасы)

Компресс-паста Пульпанес негізінен тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың алдында және кейін ауру сезімді басатын зат ретінде қолданылады.

Құрамы:

-лидокаин гидрохлориді

-табиғи антисептиктер жиынтығы

Пастаны лидокаин типтес жансыздандыратын препараттарға аллергиясы бар науқастарға қолдануға болмайды.

Anesthopulpe (Septodont фирмасы)

Құрамы:

-тұзқышқылды тетракаин – 15г

-тимол – 20г

-гваякол – 10г

-толықтырғыш – 100г-ға дейін

Жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді, талшықты паста түрінде шығарылады.

Негізінен тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың алдында және кейін ауру сезімді басатын зат ретінде қолданылады.

Anthocryl (Septodont фирмасы)

Тіс ұлпасын витальды жағдайда сақтайтын аралық қорғаныс ерітінді. Екі ерітінді түрінде шығарылады.

Anthocryl А – мырыш хлориді негізіндегі сұйық ерітінді. 5

Anthocryl В – қанды тұз негізіндегі сұйық ерітінді.

Екі ерітіндіні араластырғанда мырыштың ақ преципитаты түзіледі, ол дентин тініне сіңеді. Ерітінділердің қоспасы қышқыл иондарына тығыз тосқауыл түзіп, олардың ұлпаға енуіне бөгет жасайды.

Қолданылу әдісі.

  1. Өңделетін тісті сілкейден оқшаулау

  2. Тісжегі қуысын майсыздандырып, мақта тампонмен құрғатып алу

  3. Мақтадан шарик жасап және оның көмегімен А ерітіндіні бүкіл дентин бетіне жағу. Қатынасу уақыты – 45секундтан көп емес.

  4. А ерітіндінің қалдықтарын сүртіп алып, кейін В ерітіндіні жоғарыдағы айтылған әдіспен қолдану (нәтижесінде сүт түстес преципитат түзіледі). 1-2минут күту.

  5. Таза сумен жуып алу

Pulpanest (Septodont фирмасы)

Құрамы: фенол, прокаин, ментол, тимол

Терең тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде жансыздандырушы әсер ету үшін қолданылады.

Қолданылу әдісі: мақтадан шарик жасап, препаратты сіңіріп, тісжегі қуысына 1-2тәулікке уақытша пломбы астына қояды.

Pulperyl (Septodont фирмасы)

Құрамы: прокаин хлоргидраты, бензил спирті, дәрілік креозот, фенол, эвгенол, толықтырғыш.

Жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді.

Қолдануға көрсеткіш – терең тісжегі, ұлпаның жедел толық қабынуы.

Қолданылу әдісі Pulpanest препаратына ұқсас.

“Pulpomixine” пастасы (Septodont фирмасы)

Құрамы: дексаметазон ацетаты, фрамицетин сульфаты, полимиксин В сульфаты, полиэтилен гликоль.

Глюкокортикостероид дексаметазон домбығу, тамырлар қысылуы мен ұлпа ишемиясын басады, бұл микроциркуляцияның тез қалпына келуін қамтамасыз етіп, патологиялық үрдіс қайтымды болады. Көрсетілген кең спектрлі антибиотиктер сенсибилизациялану жуындатпай инфекцияны жояды, себебі олар жергілікті түрде қолданылады.

Қолдануға көрсеткіш – терең тісжегі, ұлпаның абайсызда ашылуы, ұлпаның жедел толық қабынуы.

Қолданылу әдісі. Пастаның аз мөлшерін тісжегі қуысына қысым көрсетпей уақытша пломба астына қояды. Екінші қабылдау 8күннен кейін.

Pulpovital (LEGE Artis фирмасы)

Жедел ағымды тісжегі, ұлпа қабынуы мен тіс қуысын абайсызда ашып алу кезінде ұлпаны витальды жағдайда сақтауға арналған дәрілік төсем ретінде қолданылатын антибиотик-кортикостероидты композиция.