- •Мазмұны
- •6.1 Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі ...................................................88
- •1 Мұнай, газ және қабат суының құрамы және физика-химиялық қасиеттері
- •1.1 Мұнайдың құрамы, жіктелуі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері
- •1.2. Мұнай газының құрамы мен қасиеті
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Қабат суының тығыздығы мен тұтқырлығы
- •2 Қоспалардың физика-химиялық қасиеттері
- •3.1 Мұнай эмульсияларының түзілуі
- •3.2 Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •3 Мұнай эмульсиялары
- •3.3 Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •3.4 Мұнай эмульсияларының беріктігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Мұнайдан газды бөлудің технологиялық есебі
- •4.1 Мұнайгаз айырғыштарының мiндетi және олардың жіктелуі
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Айыру қондырғыларының түрлері
- •4.4 Айырғыштарды газ және сұйық бойынша өткiзу қабiлетiне есептеу
- •4.4.1 Айырғыштардың жұмысына әсер ететiн факторлар
- •4.5 Тік гравитациялық айырғышты газ бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •4.6 Тік гравитациялық айырғышты сұйық бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •4.7 Көлденең гравитациялық айырғышты есептеу
- •4.8 Табиғи газдарға арналған айырғыштар
- •4.8.1. Газды айырғыштардың негізгі түрлері және олардың мұнайгазды айырғыштардан айырмашылығы
- •4.8.2 Газды айырғыштарды газ бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •5 МұнаЙ-газ кәсіпшілік құбырлары
- •5.1 Құбырлардың жіктелуі
- •5.2 Құбырлардың гидравликалық есебі
- •5.2.1 Бір фазалы сұйықтардың құбырлар бойымен изотермиялық қозғалысы кезіндегі гидравликалық есебі
- •5.2.2 Құбырлар бойымен ньютондық емес сұйықтарды (тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайлар) тасымалдау
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •5.2.3 Сұйықтардың изотермиялық емес қозғалысы кезінде құбырларды есептеу
- •5.2.4 Мұнай газын жинау үшін газ құбырларын есептеу
- •Қарапайым құбырлардың гидравликалық есебінің негізгі теңдеулері:
- •Күрделі құбырлардың гидравликалық есебі
- •Төртінші бөлшектегі мұнай жылдамдығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Мұнай кәсіпшілігінде эмульсияларды бұзу әдісі
- •6.1 Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі
- •Деэмульсация процесінің негізгі үш кезеңіне байланысты мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі 6.1-кестеде көрсетілген.
- •Мұнай эмульсияларын бұзуда қолданылатын деэмульгаторлар
- •6.2.1 Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •6.2.2 Негізгі деэмульгаторлардың қасиеттері
- •6.3 Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері
- •6.3.1 Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар
- •Диаметрлері белгілі тамшылардың шөгу жылдамдығын анықтау.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай резервуарлары, олардың міндеті және жіктелуі
- •7.1 Резервуарлардың атқаратын қызметi мен түрлерi
- •Мұнайды резервуарларда сақтау кезiнде шығынды болдырмау
- •7.3 Резервуарлардағы мұнайдың жеңiл фракцияларының шығынын анықтау
- •7.4 Резервуардағы тауарлық мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу
- •7.5 Резервуарларды тазалау және жөндеу
- •Әдебиеттер тізімі
- •Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультеті Мұнай-газ инженериясы кафедрасы
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнай эмульсиясы дегеніміз не ?
2. Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
3. Мұнай эмульсиясының тұтқырлығы неге байланысты болады?
4. Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ?
5. Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
6. Қандай заттар табиғи эмульгаторлар болып табылады?
7. Мұнай эмульсиясының “ескіруі” дегеніміз не және ол қандай факторларға байланысты болады?
Есеп 3.1
Өндіру процесі кезінде тығыздығы 1086 кг/м3 қабат суы мен тығыздығы 840 кг/м3 мұнай араласып эмульсия түзіледі. Эмульсия тығыздығын есептеу керек, егер, оның құрамында 45% таза су болса, ал минерализациясы NaCl немесе CaCl2 тұздарынан тұрса.
Берілгені: ρсу = 1086 кг/м3; ρм = 840 кг/м3;
gо = 45%;
Анықтау керек: ρэ =?;
Шешімі
Эмульсия тығыздығын келесі формула бойынша анықтаймыз:
Қабат суының тығыздығын ескере отырып, 3.1-кестеден сәйкесті еріген тұздардың құрамын анықтап аламыз Х, %: ρсу = 1086 кг/м3 кезінде Х = 12% тең.
Судың құрамын және эмульсиядағы еріген тұздардың үлесін былай анықтаймыз:
Эмульсияның тығыздығы:
3.1-кесте. Органикалық емес тұздар ерітіндісінің тығыздықтары
NaCl (20*) |
CaCl2 (20*) |
||
Х, % |
ρсу, кг/м3 |
Х, % |
ρсу, кг/м3 |
1 |
1005,3 |
1 |
1007,0 |
2 |
1012,5 |
2 |
1014,8 |
4 |
1026,8 |
4 |
1031,6 |
6 |
1041,3 |
6 |
1048,6 |
8 |
1055,9 |
8 |
1065,9 |
10 |
1070,7 |
10 |
1083,5 |
12 |
1085,7 |
12 |
1101,5 |
14 |
1100,9 |
14 |
1119,8 |
16 |
1116,2 |
16 |
1138,6 |
18 |
1131,9 |
18 |
1157,8 |
20 |
1147,8 |
20 |
1177,5 |
22 |
1164,0 |
25 |
1228,4 |
24 |
1180,4 |
28 |
1260,3 |
26 |
1197,2 |
30 |
1281,6 |
- |
- |
35 |
1337,3 |
- |
- |
40 |
1395,7 |
Есеп 3.2
Айырудың бірінші сатысынан соң жинау коллекторының бойымен сығымды сораптармен шығымы Qj м3/тәу – тең суланған ұңғы өнімі айдалады
Жинау коллекторы жағдайындағы әрбір j-ші ұңғының өнімінің массалық сулануы Wj-тең. Сығымды сорап стансасынан кейінгі мұнай ρм мен судың ρсу тығыздықтарының мәні белгілі.
Анықтау керек:
барлық ұңғы өнімінің қоспасындағы судың массалық үлесін (массалық сулануды);
жинау коллекторындағы эмульсия тығыздығын (барлық ұңғы эмульсиясының қоспасындағы тығыздықты).
Берілгені:
Q1 = 65 м3/тәу W1 = 0.2
Q2 = 68 м3/ тәу W2 = 0.25
Q3 = 64 м3/ тәу W3 = 0.3
Q4 = 60 м3/ тәу W4 = 0.15
Q5 = 70 м3/ тәу W5 = 0.1
Q6 = 80 м3/ тәу W6 = 0
Ρм = 860 кг/м3
Ρсу =1040 кг/м3
Анықтау керек: Wқос =?, ρқос =?;
Шешімі:
1. Ұңғы өнімінің қоспасындағы массалық сулануды анықтаймыз:
Қоспадағы qi –ші компаненттің массалық үлесі,– бұл i-ші компонент массасының компоненттер қоспасының-L жалпы массасына қатынасы:
1
≤ i≤ L (3.1)
Жеке жағдайда, су-мұнай эмульсиясындағы судың массалық үлесі W – бұл, эмульсиядағы су массасының су-мұнай эмульсиясының массасына қатынасы:
W = mсу/mэ , (3.2)
мұнда, mэ —су-мұнай эмульсиясының массасы, кг.
mэ = mсу + mм, (3.3)
мұнда, mм — эмульсиядағы мұнайдың массасы, кг.
(3.1 және 3.2) теңдеулерін ескере отырып былай жазамыз:
(3.4)
(3.2) теңдеуінен ескеретініміз j-ші ұңғының өніміндегі судың массасы:
mвj = Wj*mэj. (3.5)
Сонда (3.4) теңдеу мына түрде болады:
(3.6)
Ұңғы шығымын ескере отырып, j-ші ұңғыдағы эмульсияның массасын келесі теңдеу арқылы есептеуге болады:
mэj = Qj * ρэj * t, (3.7)
мұнда, t — уақыт, с.
эмульсияның тығыздығын ескере отырып:
ρэj = mэj / (Vсуj + Vмj) = mэj / (mсуj / ρсуj + mмj / ρj) =
1 / (Wj / ρсуj + (1-Wj) / ρмj) (3.8)
(3.7) және (3.8) теңдеулерін (3.6) теңдеуіне қоя отырып және түрлендіріп келесі теңдеуді аламыз:
(3.9)
Тапсырма шартынан сандық мәндерін қоя отырып, мынаны аламыз: Wқос(см) = 0,0645 / 0,3996 = 0,16
2. Жинау коллекторындағы эмульсияның тығыздығын анықтау:
Қоспа тығыздығын анықтаймыз, яғни осы қоспаның берілген массасының оның көлеміне қатынасы:
. (3.10)
Осы анықтама мен есептің берілген шарты бойынша теңдеуді былай жазамыз:
. (3.11)
Ұңғы шығымын ескере отырып, j-ші ұңғыдағы эмульсияның көлемін келесі теңдеу арқылы есептеуге болады:
Vэj = Qj * t (3.12)
(3.7) және (3.12) теңдеулерді (3.11) теңдеуге қоя отырып, мынаны аламыз:
(3.13)
Эмульсия
тығыздығы үшін (3.8) теңдеуін ескере
отырып
Тапсырма шартынан сандық мәндерін қоя отырып, мынаны аламыз:
ρқос(см) = 357422.5 / 404 = 884.7 кг/м3
Өзіндік жұмысқа тапсырма
Есептің шарты бойынша жинау коллекторы бойындағы эмульсияның тығыздығын және сулану көрсеткішін есептеу керек. Берілген мәліметтер 3.2 –кестесінде келтірілген.
3.2-кесте.
Параметрі |
Варианттары |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
Қабат суының тығыздығы, кг/м3 |
1005,3 |
1101,5 |
1041,3 |
1177,5 |
1100,9 |
1031,6 |
1180,4 |
1228.4 |
1085,7 |
1014,8 |
Мұнай тығыздығы, кг/м3 |
864 |
872 |
880 |
865 |
902 |
832 |
897 |
880 |
844 |
852 |
Таза судың үлесі, % |
45 |
20 |
34 |
56 |
28 |
12 |
60 |
40 |
45 |
8 |
Минерализациясы |
NaCl |
CaCl2 |
NaCl |
CaCl2 |
NaCl |
CaCl2 |
NaCl |
CaCl2 |
NaCl |
CaCl2 |
Ұңғы шығымы, м3/тәу Q1 Q2 Q3 Q4 Q5 |
142 138 129 118 100 |
150 130 80 70 100 |
93 122 128 140 153 |
95 82 107 113 122 |
84 115 140 120 100 |
95 91 105 62 70 |
110 115 90 80 150 |
60 92 117 133 120 |
133 120 118 109 80 |
140 120 90 111 80 |
3.2-кестенің жалғасы
Өнімнің сулану көрсеткіші, % W1 W2 W3 W4 W5 |
0,48 0,39 0,27 0,30 0,12 |
0,90 0,70 0,30 0,20 0,60 |
0,20 0,28 0,32 0,35 0,70 |
0,32 0,24 0,29 0,40 0,80 |
0,90 0,20 0,40 0,30 0,10 |
0,20 0,37 0,15 0,80 0,70 |
0,30 0,40 0,50 0,45 0,80 |
0,24 0,18 0,35 0,47 0,12 |
0,88 0,76 0,72 0,30 0,90 |
0,80 0,60 0,40 0,50 0,70 |
Мұнай тығыздығы, кг/м3 |
832 |
827 |
852 |
823 |
818 |
839 |
880 |
866 |
810 |
892 |
Қабат суының тығыздығы, кг/м3 |
1053 |
1090 |
1039 |
1036 |
1044 |
1084 |
1015 |
1111 |
1084 |
1160 |
