- •Мазмұны
- •6.1 Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі ...................................................88
- •1 Мұнай, газ және қабат суының құрамы және физика-химиялық қасиеттері
- •1.1 Мұнайдың құрамы, жіктелуі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері
- •1.2. Мұнай газының құрамы мен қасиеті
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Қабат суының тығыздығы мен тұтқырлығы
- •2 Қоспалардың физика-химиялық қасиеттері
- •3.1 Мұнай эмульсияларының түзілуі
- •3.2 Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •3 Мұнай эмульсиялары
- •3.3 Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •3.4 Мұнай эмульсияларының беріктігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Мұнайдан газды бөлудің технологиялық есебі
- •4.1 Мұнайгаз айырғыштарының мiндетi және олардың жіктелуі
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Айыру қондырғыларының түрлері
- •4.4 Айырғыштарды газ және сұйық бойынша өткiзу қабiлетiне есептеу
- •4.4.1 Айырғыштардың жұмысына әсер ететiн факторлар
- •4.5 Тік гравитациялық айырғышты газ бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •4.6 Тік гравитациялық айырғышты сұйық бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •4.7 Көлденең гравитациялық айырғышты есептеу
- •4.8 Табиғи газдарға арналған айырғыштар
- •4.8.1. Газды айырғыштардың негізгі түрлері және олардың мұнайгазды айырғыштардан айырмашылығы
- •4.8.2 Газды айырғыштарды газ бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •5 МұнаЙ-газ кәсіпшілік құбырлары
- •5.1 Құбырлардың жіктелуі
- •5.2 Құбырлардың гидравликалық есебі
- •5.2.1 Бір фазалы сұйықтардың құбырлар бойымен изотермиялық қозғалысы кезіндегі гидравликалық есебі
- •5.2.2 Құбырлар бойымен ньютондық емес сұйықтарды (тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайлар) тасымалдау
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •5.2.3 Сұйықтардың изотермиялық емес қозғалысы кезінде құбырларды есептеу
- •5.2.4 Мұнай газын жинау үшін газ құбырларын есептеу
- •Қарапайым құбырлардың гидравликалық есебінің негізгі теңдеулері:
- •Күрделі құбырлардың гидравликалық есебі
- •Төртінші бөлшектегі мұнай жылдамдығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Мұнай кәсіпшілігінде эмульсияларды бұзу әдісі
- •6.1 Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі
- •Деэмульсация процесінің негізгі үш кезеңіне байланысты мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі 6.1-кестеде көрсетілген.
- •Мұнай эмульсияларын бұзуда қолданылатын деэмульгаторлар
- •6.2.1 Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •6.2.2 Негізгі деэмульгаторлардың қасиеттері
- •6.3 Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері
- •6.3.1 Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар
- •Диаметрлері белгілі тамшылардың шөгу жылдамдығын анықтау.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай резервуарлары, олардың міндеті және жіктелуі
- •7.1 Резервуарлардың атқаратын қызметi мен түрлерi
- •Мұнайды резервуарларда сақтау кезiнде шығынды болдырмау
- •7.3 Резервуарлардағы мұнайдың жеңiл фракцияларының шығынын анықтау
- •7.4 Резервуардағы тауарлық мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу
- •7.5 Резервуарларды тазалау және жөндеу
- •Әдебиеттер тізімі
- •Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультеті Мұнай-газ инженериясы кафедрасы
7.4 Резервуардағы тауарлық мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу
Мұнайды дайындау қондырғыларынан өткен мұнай тауарлы парктерге бағытталады, онда оның көлемi қайтадан өлшенiп, тасымалдаушы мекемелерге берiледi.
Тауарлы мұнайды есепке алудың үш әдiсi қолданылады: көлемдiк, массалық және көлемдi-массалық.
Үлкен мөлшердегi тауарлы мұнайды көлемдiк әдiспен өлшейдi, және өлшеу ыдыстары ретінде мұнай құйылатын және сақталатын тауарлы резервуарларды қолданады.
Құйылу биiктiгiнiң Н көлемге V тәуелдiгiн анықтау үшiн әрбiр резервуарды алдын-ала әрбiр сантиметраралық интервалда калибрлейдi. Калибрлеу нәтижелерiн әрбiр резервуар үшiн калибрлеу кестесі түрiнде толтырады. Калибрлеу кестесi құжат болып табылады, оның негiзiнде тауарлық мұнайды есепке алады. Резервуар биiктеген сайын оның қабырғасының қалыңдығы азаяды, сол себептен құйылған сұйықтың биіктігі өскен сайын мұнайдың көлемi ұлғаяды..
Көлемдiк тәсiлмен мұнай мөлшерiн өлшеу үшiн мұнай деңгейiнiң биiктiгi мен тауарлы мұнай астындағы судың биiктiгiн өлшейдi; калибрлеушiлiк кесте бойынша мұнайдың көлемiн есептейдi де, температуралық өзгерiстерге түзетулер енгiзiледi.
Тауарлық мұнайды өлшеу масса (тонна) бiрлiгiнде жүргiзiледi, сол үшiн калибрлеушiлiк кестенiң көмегiмен алынған көлемдi тығыздыққа көбейтедi.
Резервуардағы мұнай деңгейi мен тауарлы мұнай астындағы су деңгейін анықтау өлшеу деп аталады және миллиметрлiк дәлдiкпен жүргiзiледi. Сыйымдылығы үлкен резервуарлардағы мұнайдың мөлшерін өлшеудi миллиметрлiк бөлiктерге бөлінген лентамен және арнайы әдiс бойынша лотпен іске асырады. Лоттар өлшеуiш лентаны керіп тұруға арналған, оған тауарлы мұнай астындағы судың деңгейiн анықтау үшiн суға сезiмтал лента жалғанған.
Резервуардағы мұнайдың тығыздығы барлық сұйықтардың массасы үшiн тұрақты шама болып табылмайды, сондықтан резервуардағы мұнайдың орташа тығыздығын анықтауға тура келедi. Резервуарлардың үстіңгі жағындағы мұнайдың температурасы оның түбіндегі мұнайдың температурасына қарағанда жоғары болады және мұнайдың құрамындағы су резервуардың түп жағына қарай көбейеді, сондықтан резервуардың төменгi жағындағы тығыздық жоғарғы жағындағы тығыздыққа қарағанда үлкен болады. Орташа тығыздықты анықтау үшiн орташа сынаманы дұрыс алу керек және температураны ескеру қажет.
Қабылдау-тапсыру операциялары кезінде (яғни, резервуарларды мұнаймен толтыру және босату барысында) мұнайды есептеу тәртiбi мынадай:
резервуардан мұнайды айдаған бойда оның температурасын өлшеу;
мұнайдың орташа тығыздығын анықтау және оны +20оС температурасына келтiру;
“Дина–Старк” аппаратымен алынған орташа сынамадағы судың құрамын массалық пайызымен анықтау.
Осыдан кейiн суланған мұнайдың көлемiн орташа тығыздыққа көбейтедi де мұнайдың брутто массасын (яғни, ыдысымен бiрге есептелетін салмақ) алады, оны мұнайдың құрамындағы судың массалық пайызына көбейте отырып нетто массасын (таза салмағын) алады, яғни тоннадағы мұнайдың таза салмағы алынады.
Жоғарыда айтылған әдiстiң мынадай кемшiлiктерi бар:
резервуарлардан сынамалар алатын және оған талдау (анализ) жасайтын операторлар мен лаборанттар штатының көп болуы;
сынама алу және оған талдау жасау белгiлi-бiр уақыт аралығында жүргiзiледi, ал бұл уақыт ішінде мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру қондырғыларының режимi өзгеруi мүмкiн;
операцияның дәлдiгiне тауарлы мұнайды қабылдау-тапсыру операцияларын жүзеге асыратын адамдар жағынан субьективтi факторлар әсер етедi.
