Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆

12 Тақырып. Механикалық өңдеудің технологиялық процесін жобалау

Жобалау мақсаты. Берілген нәтижелер. Жобалаудың үлкейтілген әдістері. Техника-экономикалық әдістері мен олардың үлкейтілген, жобалау кезіндегі түзетілуі. Технологиялық процестерді тетіктік жобалау есебі: дайындаманы алу әдісін таңдау, бетті өңдеу бірізділігін жасау, орнықты таңдау, жүйенің қолайлы концентрациясындәлелдеу қондырманы таңдау, жұмысшы санын және планын анықтау, экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

Технологиялық процеспен бөлшекті еханиклық өңдеу үшін, технологқа келесі басты берілгендер мен материалдар қажет: бөлшектің жұмыс сызбасы және құрастыру бірлік сызбасы, бөлшек болатын; дайындаманың жұмыс сызбасы; бөлшектің жылдық шығарылымы; технологиялық процеспен жасалу шарты (қозғалыстағы өндіріс, перспективті процесс және т.б.); кесу және өлшегіш аспаптарына МЕСТ пен нормалары; айлабұйым альбомдарымен нормалары; бөлшекті жасаудағы типтік процестер; құрал жабдықтың технологиялық сипаттамалары; басқаратын материалдар, нормативтер және анықтама әдебиеттері (кесу режимін таңдау бойынша, әдіптерді есептеу).

Технологиялық процеспен бөлшектерді жасалу белгілі бірізділікпен орындалады. Оны оқудан және критикалық анализі сызбасынан бастайды. Бөлшектің қызметі мен оның түйін жұмысындағы шарттарын оқып білу. Қате кеткен жағдайда (оның дәлдігі мен өлшемдерін дұрыс қоймау, тазалыққа қате қойылған талаптар, пішініне және т.б.) конструктор жөндеуі қажет.

Дайындаманы алу әдісі, анықталынған бөлшектер материалымен жылдық шығарылымдар, дайындама түріне байланысты болады.

Технологиялы процесс бір көпөтімді және коппозиционды операция. Бірөтімді операция үшін бір бет бір немесе бірнеше бөлшектерді біреу немесе бірнеше бірдей кескіш аспаптарымен өңделеді.

Көпөтімді операция бірнеше бет бір немесе бірнеше бөлшекте әртүрлі аспаптармен өңделеді.

Операцияларды қалыптастыру кезінде көпбілдек қызметімен қызметтердің бірігуін ескеру қажет.

Қаралтым операцияны өңдеу үшін, көп әдіптерді алып тастауға, жоғары дәлдікпен белгіленген, бірақ жоғары өнімділікпен қамтамасздандырылған білдіктерді қолдану керек. Таза операция үшін анағұрлым жоғары дәлдікті білдік, ал таза өңдеу операциясы үшін прецизионды білдек қажет.

Сол себептен, технологиялық процеспен өңделген бөлшек жобасы бөлек қаралтым, таза және таза өңдеу операциясымен әртүрлі білдектер қолданылуы арқылы орындалуын бақылау керек. Бөлшектің өңделуінің бірізділігін қондырғаннмн кейін, көпаспапты операцияны анықтайды және есептейді: білдек моделін таңдайды, базаларды қондырады және ақжетті қателіктерді есептейді, операцияларды қондырғыға байланысты бөледі, позициялары немесе өтінімдері, аспаптарды белгілейді, кесу режимі анықтайды және жұмыс қатарын тұрғызады. Сосын тағыда әр операция үшін орындайды. Көпаспапты операция үшін баптау сызбалары орындалады.

Бөлшектерді технологиялық процесс бойынша жасау кезінде типті процестерді, заводтар тәжрибесін, сонымен қатар арнайы техникалық әдебиеттерді қолданған пайдалы.

Технологиялық процеспен жасалынған технологиялық құжаттамалр хатталады. Оған жұмыс сызбалары және дайындамамен карталар қатысты: механикалық өңдеулер, инструкторлар, баптаулар, мөлшерлеулер, аспаптар және бағдарлар.

Бөлшектің жұмыс сызбасы толық технологиялық шарттарға, бөлшектің амал мен машина бөлшектерінің конструкторлық хаттама талаптарына сай болу керек.

Механикалық өңдеу картасы барлық технологиялық процесті айқындайды. Онда операцияның ашылған мазмұны келтірілген, қондырғылар, позиция мен өтінімдер, құрал жабдықтар, айла бұйымдар, кескіш және өлшегіш аспаптар, бастапқы берілгендер кесу режимі мен кесу режимін анықтау үшін көрсетілген, уақыттың техникалық нормасы мен жұмыс тізбегі.

Мөлшерлеу картасында, әр операцияға қойылған, уақыттың техникалық нормасы бар. Ол уақыт нормасы мен бағалауды негіздеуге қызмет етеді.

Технологиялық процеспен жасау кезінде арнайы құрал жабдықты құрылымдау технологиялық процеспен қатар жүреді, оған жұмыс және бақылау айлабұйымы, кесуші және өлшегіш аспабы.

Технологиялық процесстердің нұсқаларының техника экономикалық анализдеріникалық өңдеудің технологиялық процестері екі немесе үш нұсқаларда өңделуі мүмкін. Эффективті нұсқаны таңдау техника экономикалық салыстыралы анализ арқылы жүргізіледі.

Технологиялық процестер варианттарының технико-экономикалық талдануы

Механикалық өңдеудің технологиялық процесі екі-үш вариантта жасалу мүмкін. Ең тиімді вариант салыстырмалы технико-экономикалық талдау жасау арқылы жүргізіледі.

Технологиялық процестің операциясы оның негізгі есептік элементі болып табылады. Операцияны орындауға қажетті уақыт оны тұрғызудағы нақты өндірістік жағдайлар үшін тиімділік критерийі болады.

Уақыттың техникалық нормасы келесі өрнекпен анықталады

мұнда –негізгі технологиялық уақыт;

–қосымша уақыт;

–жұмыс орнын дайындау уақыты;

– жұмысшының үзілісте демалу және табиғи қажеттілік уақыты.

Негізгі технологиялық уақыт

мұнда – өңдеудің есептік ұзындығы (кесу ұзындығы, кесу шамасы мен инструменттің жүруі);

s – минуттық беріс;

i – жүріс саны.

Жұмыс орнын ұйымдасып қызмет ету (білдекті майлау мен тазалау, білдектен кесінділерді тазалау және т.б.) оперативтік уақыттың проценттік қатынасымен нормаланады

Демалысқа берілетін уақыт та оперативтік уақыт процентімен алынады.

Онда техникалық норма уақыты өрнегі келесідей жазылады:

Техникалық норма уақытына кері шама нормасы деп аталады:

Уақыт бірлігіндегі түйір.

Выработканың ауысымдық нормасы

мұнда – жұмыстық ауысымның ұзақтылығы, сағ.

Техникалық уақыт нормасы мен выроботка нормасы білдектік операцияны бағалаудың негізгі критерийі болып саналады және еңбек өнімділігін сипаттайды. Әр түрлі операциялар үшін бірліктік уақытты тауып, оларды өнімділікке сәйкес қоюға болады.

Негізгі уақыт коэффициенті ұқсас операциялар варианттарның салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Әр түрлі әдістер үшін ол қолданылмайды.

Тетіктерді механикалық өңдеудің технологиялық процесін жасауда әр-түрлі варианттарды сәйкес орналастыруда негізгі көрсеткіш болып еңбек сиымдылық саналады, ол процестің барлық операцияларының бірліктік уақыт суммасы ретінде анықталады:

мұнда т0 –технологиялық процестегі операция саны.

Еңбек сиымдылық технологиялық процестің барлық варианттарындағы қол еңбегі шығынын сипаттайды, бірақ материалдар мен өндіріс құралдарын жасаған еңбекті ескермейді.

Технологиялық процестің сәйкес қойылған варианттарының қол еңбегінің суммарлы шығыны мен жұмсалған еңбек сипаттамасы болып тетіктің өзіндік құны жатады.

Тетіктің өзіндік құны басқа технико-экономикалық көрсеткіштермен негізгі сәйкестік критерийі ретінде, механикалық өңдеудің технологиялық процесінің тиімді вариантын таңдауға мүмкіндік береді.

Әр-түрлі автомобиль және трактор жасау зауыттарында бірдей немесе конфигурациясы мен өлшемдері ұқсас тетіктерді жасауда әр-түрлі технологиялық процестерді қолдану тетіктердің еңбек сиымдылығын айтарлықтай өзгеше болуына алып келеді.

Бірдей тетіктерді жасау үшін заводтарда әр-түрлі жабдықтар мен оснасткаларды қолдану, сондай-ақ әртүрлі шығару тетіктерді шығарудағы еңбек сиымдылықтың әркелкі болуына алып келеді.

Технологиялық процестерді жобалаудың жалпы принциптерін , сондай-ақ тетіктердің технологиялық жіктелуі негізінде типтік технологиялық процестерді жасау мен негіздеу технологиялық процестердің әртүрлілігін қысқартуға мүмкіндік береді.Осының нәтежиесінде өндіңірістің әр-түрлі жағдайларыүшін тиімді технологиялық процестерді жасау мүмкіндігі туады.

Технологиялық процестерді типтендеру тетіктердің жіктелінуімен және технологиялық процестерді жасаудың жалпы принциптері негізінде жасалады.

Жіктелуде құрылымы, өлшемдері мен оларды жасаудың технологиялық процесі ұқсас тетіктердің біріктірілген топтары мен кластары болады.

Технологиялық процестерді типтендіру ретінде берілген кластың барлық тетіктерінжасауды қамтитын және класқа кіретін кез-келген тетікті өндіріс жағдайына байланысты жасаудың тиімді технологиялық процесін жасау үшін база ретінде қолданылатын принципиалды технологиялық процесті айтады.

Тетікті өңдеудің технологиялық процесіне келесідей факторлар әсер етеді: тетіктің құрылымдық ерекшелігі ( өлшемі, пішіні, өңдеу дәлділігі), шығару шамасы және дайындама алу әдісі.

Тетік өлшемдері оны жасауға қажетті жабдықтың және технологиялық процестің сипаттамасына айтарлықтай әсер етеді. Пішіндері бірдей, бірақ өлшемдері әр-түрлі тетіктер сәйкес емес технологиялық процеспен жасалады ( мысалы, қозғалтқыштың иінді білігі мен компрессордың иінді білігі). Қозғалтқыш иінді білігінің коренной және шатундық мойындары арнайы немесе арнайы токарь білдектерінде өңделеді. Компрессордың иінді білігінің сондай беттері қарапайым токарь немесе қондырмалармен жабдықталған көп кескішті білдектерде өңделеді.

Корпустық тетіктер (мысалы, цилиндрлер блогы немесе су сорабы корпусы) де әртүрлі жабдықтарда өңделеді.

Тетік пішінін көбінесе оны жасау процесі анықтайды. Алайда кейбір жағдайларода әртүрлі пішінді тетіктерді ұқсас технологиялық процестермен жасайды.

Өңдеу дәлділігі тетікті жасаудың технологиялық процесіне әсер етеді.Дәлділіктің жоғары болуы мен тетік бетін өңдеу тазалығын қамтамассыз ету қосымша өңдеу операцияларының негізгі операцияларын орындау тәртібін өзгертпей технологиялық процесті енгізумен жасайды.

Бұл өз кезегінде дәлділігі жоғары білдектерді енгізуді қажет етеді, нәтежиесінде механикалық өңдеудің еңбек сиымдылығы жоғарылайды.

Шығарылатын тетіктер саны жабдық таңдауда алдын+-ала анықтайды және белгілі шамада технологиялық процеске әсер етеді. Тетіктерді көптеп шығару өнімділігі жоғары жабдықты қолдану, арнайы автоматтандырылған жабдықтар мен құрылғыларды және арнайы кесуші және өлшеуші құралдарды қолдану есебінен қамтамассыз етіледі.

Дайындама алу тәсілі тетік құрылымына, шығарылу мөлшеріне тәуелді және механикалық өңдеуге әсер етеді. Жаппай және көп сериялы өндіріс үшін типтік технологиялық процестерді жасауда грубый дайындама алу әдісін ( металл түйірінен, еркін соғу, қолмен пішіндеу және т.б.) қолданбау керек. Әдібі үлкен дайындамаларда механикалық өңдеу еңбек сиымдылықты және жасау құнын күрт жоғарылатады. Тетіккеи шығындалатын металл 2-3 есе ұлғаяды.

Тетіктерді бір класқа немесе топқа жіктеу процесінде пішіндері, дайындау процесі ұқсас тетіктер енгізілген. Тетіктер 6 класқа жіктелген: корпустық тетікер (I класс ), домалақ стержендер ( IIкласс ), цилиндрлер (III класс ), дискілер ( IV класс ), домалақ емес стержендер ( V класс ) және бекіту тетіктері ( VI класс ). Бірінші бес кластың әрқайсысында тетіктердің 4 тобы бар: ( к-үлкен , с- орташа, н- кіші, м-ұсақ), ал алтыншы ның бір тобы бар. Осылайша, жіктелген топтардың жалпы саны – 21.

Корпустық тетіктер (I класс) көптеген машиналар мен механизмдерге кіреді., және көп таралған, сондықтан бір класқа енгізілген. Бұл кластан «к» топты тетіктерді өңдеуге үлкен габаритті білдектер мен көтеру-түсіру құрылғыларын қолдану керек.

Корпустық тетіктердің құрылымдық пішіндерінің әртүрлілігіне қарамастан (цилиндрлер блогы, картерлер, қақпақтар, плиталар және т.б. ), оларды ұқсас технологиялық процестермен жасайды.

Домалақ стержендерге ( IІ класс ), ұзындығы біліктің негізгі диаметрінен айтарлықтай ұзын, цилиндрлі пішінді тетіктер жатады. Оларға: қарапайым біліктер, иінді және жұдырықшалы біліктер, домалақ станкалар, крестовиналар, трубалар, клапандар және т.б. жатады.Бұл тетіктердің сыртқы пішіні әртүрлі болғанымен, жасалу технологиялық процестері ұқсас.

Құбыр цилиндрлер ( IІІ класс ), пішіні құбыр цилиндрге ұқсас және ішкі және сыртқы пішіндері күрделі айналу тетіктерін қамтиды. Оларға барабандар, поршендер, дифференциалдық сателлиттер чашкалары, доңғалақ ступицасы және т.б. жатады.Бұл тетіктердің негізгі өңделетін беттері болып тетіктің ішкі және сыртқы беттері табылады.

Дискілер ( IV класс ) биіктігі һ сыртқы дискінің диаметрінің D жартысынан кіші , яғни һ<0,5 D айналу денелерін қамтиды. Бұл кластың тетіктері 4 типке жіктелген: 1) шкивтер, маховиктер, тежегіш барабандар, дискілер мен фланецтер, муфт корпусы және т.б.; 2) цилиндрлік және конустық шестернялар; 3)мойынтіректер сақинасы; 4) қозғалтқыштардың поршендік сақиналары. Бұл тетіктерді жасаудың технологиялық процесінің принципиалды схемасы ұқсас.

Домалақ емес стержендер ( V класс ) – алдыңғы белдік балкасы, қозғалтқыштың шатундары, әртүрлі рычагтар, тежегіш калодкалар және т.б.. Бұлардың құрылымдық ерекшеліктері болып көлденең қимасы домалақ емес, ал ұзындығы көлденең қимасынан 2 еседен үлкен. Бұл кластағы тетіктер 4 типке бөлінеді: 1) қарапайым және қорабтық балкалар; 2) тік рычагтар; 3)қисық рычагтар; 4)қарапайым брустар. Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты әрбір типтік процестерінде бұл ерекшеліктер көрсетілуі тиіс.

Бекіту тетіктеріне ( VI класс ) прутоктан немесе бунтовой материалдан жасалатын бұрандалар, гайкалар, шайбалар, винттер, сегменттік шпонкалар жатады. Бекіту тетіктері әртүрлі , бірақ олардың барлығы «м» тобына (ұсақ тетіктер) жатады. Олардың өзіндік ерекшеліктеріне : салмағы аз (0,8 кг аз) ; сыртқы диаметрі 50 мм-ден, ұзындығы 180 мм-ден кіші. Бұл кластың тетіктері оларды жасаудың технологиялық процестеріне байланысты бөлінеді. (пруток немесе домалақ қималы бунтовой материал ). Типтік технологиялық процесс механикалық өңдеу операцияларының реттілігін, қолданатын жабдық түрін, базалау принципін және тетіктерді белгілі бір мөлшірде шығаруда жуық еңбек сиымдылығын көрсетеді. Типтік процесс негізінде берілген өндірістік жағдай үшін белгілі тетіктерді өңдеу процесін нақты (тиімді) технологиялық процесі жасалады.

Әдебиеттер: 1 негізгі [138-15], 2 негізгі [119-141]

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі технологиялық уақытты анықтау.

2.Уақыттың техникалық нормасын анықтау.

3.Тетіктердің жіктелуі.

4.технологқа қандай бастапқы мәліметтер керек.