Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆

10 Тақырып. Аспапты материалдар және аспаптардың құрылымдары

Абразивті материалдар және аспаптар.

Жүзді аспаптармен бетті өңдеу. Аспапты материалдар легірленген және тез кескішті болаттар, қатты қорытпалы, минералды қыш, синтетикалы және шын алмастар. Өңдеу процесі ен кесу режимінің негізгі сипаттамаларының жүруі.

Кесу процесінің ажарлау дөңгелектерінің ерекшеліктері. Абразивті аспаптардың материалдары, олардың сипаттамалары түйіршіліктілігі, қаттылығы, құрылымы, байланыс түрлері. Ажарлау дөңгелектерін таңбалау. Ажарлау кезіндегі өңдеу режимі.

Үйкелістің түрлері. Машина бөлшегінің тозу причинасы – сыртқы үйкеліс. МЕСТ 27674-88 бойынша, сыртқы үйкеліс – бұл орын ауыстырудың қарсыласуы болады.

Үйкеліс кинетикалық энергияның бөлігі жылуға өтумен қатар жүреді.

Жылжымайтын біріктірулер туғызатын бөлшектің желінуі тыныштық үйкеліс күошіне байланысты.

Үйкеліс күші сыртқы күштің әсерінен бір денені екінші дененің бетімен жылжыту барысындағы қарсыласу күшін көрсетеді.

Тыныштық үйкелісі – екі дененің микрожылжуы, макрожылжусыз үйкелісі (қозғалысқа өтуіне дейін)

Қозғалмалы біріктіруге кіретін бөлшек үшін, тозу қозғалмалы үйкеліс күшінің әсерінен болады.

Үйкеліс қозғалысы – бір-біріне қатысты қозғалыста болатын қос дененің үйкелісі. Қатысты қозғалыс сипатына байланысты үйкеліс қозғалысы, сырғанау үйкелісіне және теңселу үйкелісіне бөлінеді.

Тозудың түрлері. Бөлшектің түрлері күрделі физико-химиялық әсерден болады. Тозудың жылдамдығы материалдан және үйкелетін сапасынан, контакт және жылдамдық орын ауыстыру әсерінен, жүктеменің берілу түрлерінен, үйкелістің майлау түрлерінен, майлау материалының сапасы және де көптеген факторлармен байланысты болады. Машиналардағы тозудың келесі түрлері МЕСТ 27674-88 бойынша талаптарына сай болуы тиіс

Механикалық тозу – бұл механикалық әсер барысындағы тозу. Бұл тозудың түрлері аброзивті, гидроаброзивті (газоаброзивті), гидроэрозивті (газоэрозивті), кавитационды, шаршамалы, желінуге және фреттингтерге бөлінеді.

Аброзивті тозу – бұл процесс үйкеліс бетінің арасында орналасқан және де аброзивті ортамен контакт барысында микропластикалық деформация және металды қатты аброзивті бөлшектермен кесу.

Гидроаброзивті (газоаброзивті) тозу – сұйықтықпен (газбен) өлшенетін және бөлшек бетіне қатысты жылжуында қатты заттар әсерінен болады. Бұл тозудың түрі су мен май носостары, гидрокүшейткіштер, тежегіш жүйелерінің гидроприводы және басқа да бөлшектерімен сипатталады.

Гидроэрозивті (газоэрозивті) тозу – бұл эрозионды тозу сұйықтық ағынының металмен үйкеліс әсерінен болады. Бұл тозу түріне суыту жүйелері, винтиляция жүйесі жәнет.с.с. бөлшектері жатады.

Шаршап тозу – механикалық тозу шаршап бұзылудың шешімімен үлкен бөлінген қайта-үзіліс жүктеменің әсерінен қатпар бетіне, материал микрокөлем деформациясының қайталануы, ағынды металдың шегінің жоғарлауы, микрошытынаулар пайда болу салдарынан салдарынан дамиды, шаршап қатпарлануына және металды қайта бояуға әкеп соқтырады. Шаршап тозу подшипниктің бетінде, шестерняның тістерінде белгілі болады.

Кавитациялық тозу – механикалық тозу сұйыққа қатысты қатты дененің қозғалысы, содан газдың көпіршіктердің беттің төңірегінде жарылады, сөйтіп жергілікті жоғарғы бөлінген қысым мен температура пайда болады. Беттің бұзылуы осының әсерінен болады. Осы тозудың түріне цилиндрлі гильзянің сыртқы беті, салқындатқыш рубашка қабырғалары, судың нососы т.с.с. жатады.

Қысылып сығылған кездегі тозу. Әсер етуші беттердің микротүзу еместігі әсер етуінен болады, материалдың тереңдей тізілуі және оның бірінші беттің екінші бетке ауысуы көбіне мұндай тозуға ауыр жүктелген бөлшектер ұшырайды (иінді білік және таратушы білік мойындары, поршенға т.с.с.).

Фреттинг кезіндегі тозу. әсерлесуші беттердің бір-біріне салыстырмалы аз ауытқуы кезінде пайда болады. Тозудың мұндай түріне ұшырайтындар: шарикті және роликті подшибниктердің сақиналары, резбалы байланыс босатылған кездегі бөлшектердің беттері т.с.с.

Электр тоғы әсерінен тозуды электоэризионды деп атайды. Ол электр тоғы өткен кезде разрядтар әсерінен пайда болады (свеча электродтары үзіп таратқыш контактілері, электр жабдықтарының клемалары т.с.с.).

Корозиялы – механикалық тозу материалдың қоршаған ортамен механикалық әсерінен, химиялық және (немесе) электрлік әсер салдарынан болады. Бұл тозу тотықтырғыш және корозиялық тозу болып бөлінеді.

Тотықты тозу негізінен тозуға металдардың оттегі мен тотықтырғыш ортамен химиялық реакция салдарынан болады. Тозудың мұндай түрі қозғалмалы әсерлесетін бөлшектердің бетінде тотығудың тығыз қабаты пайда болу салдарынан болады. Үйкеліс кезінде жұмсақ тотығудың баяу өзгерісі орындалады.

Әдебиеттер: 6нег.[9-15]

Бақылау сұрақтары:

  1. Технологиялық құрылыдылық көрсеткіштерін белгілеңдер.

  2. Бөлшектердің технологиялық пішіміне қойылған негізгі талаптарды атаңдар.

  3. Технологиялық құрылыдылығын жетілдірудің қандай түрлері болады.

11 Тақырып. Тетіктің бетін өңдеудің негізгі әдістері. Алдын-ала өңдеу әдістері

Тетік бетінің түрлері-сыртқы және ішкі айналу беті, жазықтықтар, түсті профильдер, фасонды және бұрандалы беттер. Бетті өңдеу әдістері үшкірлеу және қайрау, бұрғылау, жоңғылау, үңгілеу, ұңғылау, ішкі және сыртқы беттерді тартып өңдеу, деформациалайтын-тартып өңдеу кескіші.

Автотракторлы техникадағы бөлшек беттерінің түрлері ішкі және сыртқы айналу беті, жазықтығы, тісті профилі, кескішті және фасонды беттері. Беттің өлшемдері, профильдің дәлдігі бойынша қойылған талаптар, геометриялық өлшемі мен өңдеу сапалылығына байланысты өңделетін бөлшек материалдары және олардың физика математикалық сипатталары. Сапалылықты көрсету процесі бойынша бетті өңдеу әдісі, уақыт мөлшері мен құрал жабдық сипаттамасын анықтау арқылы, автотракторлы өндірісте қолданылған жону, кеулей жону, бұрғылау, жоңғылау, үңгілеу, ұңғылау, ішкі және сыртқы беттерді тартажону, деформациялы кесу тартажонуы.

Механикалық өңдеуде технологиялық процесті жобалау бөлшекті әдістерді жобалау. Жобалау тапсырмасы. Бастапқы берілгендер. Үлкейтілген және бөлшекті әдістерді жобалау. Техника экономикалы көрсеткіштер және олардың үлкейтілген жобасы түзету. Жобалау пооцесінің негізгі көрсеткіштерін есептеу. Технологиялық процесте бөлшекті жобалау есептері: дайындаманы алу әдістерін таңдау, бетті өңдеу бағдара жасау, база таңдау, операцияның оптималды шоғырлануын негіздеу, құрал жабдық таңдау, жоспар құру және жұмысшы санын анықтау, экномикалық көрсеткіштерді есептеу.

Технологиялық процеспен бөлшекті еханиклық өңдеу үшін, технологқа келесі басты берілгендер мен материалдар қажет:

  1. бөлшектің жұмыс сызбасы және құрастыру бірлік сызбасы, бөлшек болатын;

  2. дайындаманың жұмыс сызбасы;

  3. бөлшектің жылдық шығарылымы;

  4. технологиялық процеспен жасалу шарты (қозғалыстағы өндіріс, перспективті процесс және т.б.);

  5. кесу және өлшегіш аспаптарына МЕСТ пен нормалары;

  6. айлабұйым альбомдарымен нормалары;

  7. бөлшекті жасаудағы типтік процестер;

  8. құрал жабдықтың технологиялық сипаттамалары;

  9. басқаратын материалдар, нормативтер және анықтама әдебиеттері (кесу режимін таңдау бойынша, әдіптерді есептеу).

Технологиялық процеспен бөлшектерді жасалу белгілі бірізділікпен орындалады. Оны оқудан және критикалық анализі сызбасынан бастайды. Бөлшектің қызметі мен оның түйін жұмысындағы шарттарын оқып білу. Қате кеткен жағдайда (оның дәлдігі мен өлшемдерін дұрыс қоймау, тазалыққа қате қойылған талаптар, пішініне және т.б.) конструктор жөндеуі қажет.

Дайындаманы алу әдісі, анықталынған бөлшектер материалымен жылдық шығарылымдар, дайындама түріне байланысты болады.

Технологиялы процесс бір көпөтімді және коппозиционды операция. Бірөтімді операция үшін бір бет бір немесе бірнеше бөлшектерді біреу немесе бірнеше бірдей кескіш аспаптарымен өңделеді.

Көпөтімді операция бірнеше бет бір немесе бірнеше бөлшекте әртүрлі аспаптармен өңделеді.

Операцияларды қалыптастыру кезінде көпбілдек қызметімен қызметтердің бірігуін ескеру қажет.

Қаралтым операцияны өңдеу үшін, көп әдіптерді алып тастауға, жоғары дәлдікпен белгіленген, бірақ жоғары өнімділікпен қамтамасздандырылған білдіктерді қолдану керек. Таза операция үшін анағұрлым жоғары дәлдікті білдік, ал таза өңдеу операциясы үшін прецизионды білдек қажет.

Сол себептен, технологиялық процеспен өңделген бөлшек жобасы бөлек қаралтым, таза және таза өңдеу операциясымен әртүрлі білдектер қолданылуы арқылы орындалуын бақылау керек. Бөлшектің өңделуінің бірізділігін қондырғаннмн кейін, көпаспапты операцияны анықтайды және есептейді: білдек моделін таңдайды, базаларды қондырады және ақжетті қателіктерді есептейді, операцияларды қондырғыға байланысты бөледі, позициялары немесе өтінімдері, аспаптарды белгілейді, кесу режимі анықтайды және жұмыс қатарын тұрғызады. Сосын тағыда әр операция үшін орындайды. Көпаспапты операция үшін баптау сызбалары орындалады.

Бөлшектерді технологиялық процесс бойынша жасау кезінде типті процестерді, заводтар тәжрибесін, сонымен қатар арнайы техникалық әдебиеттерді қолданған пайдалы.

Технологиялық процеспен жасалынған технологиялық құжаттамалр хатталады. Оған жұмыс сызбалары және дайындамамен карталар қатысты: механикалық өңдеулер, инструкторлар, баптаулар, мөлшерлеулер, аспаптар және бағдарлар.

Бөлшектің жұмыс сызбасы толық технологиялық шарттарға, бөлшектің амал мен машина бөлшектерінің конструкторлық хаттама талаптарына сай болу керек.

Механикалық өңдеу картасы барлық технологиялық процесті айқындайды. Онда операцияның ашылған мазмұны келтірілген, қондырғылар, позиция мен өтінімдер, құрал жабдықтар, айла бұйымдар, кескіш және өлшегіш аспаптар, бастапқы берілгендер кесу режимі мен кесу режимін анықтау үшін көрсетілген, уақыттың техникалық нормасы мен жұмыс тізбегі.

Мөлшерлеу картасында, әр операцияға қойылған, уақыттың техникалық нормасы бар. Ол уақыт нормасы мен бағалауды негіздеуге қызмет етеді.

Технологиялық процеспен жасау кезінде арнайы құрал жабдықты құрылымдау технологиялық процеспен қатар жүреді, оған жұмыс және бақылау айлабұйымы, кесуші және өлшегіш аспабы.

Еңбек сыйымдылығы технологиялық процестердің әрбір нұсқасындағы еңбекке кеткен шығынмен сипатталады, бірақ өндіріс амалдарының және материалдар айналдырылған еңбекті ескермейді.

Таза және айналдырылған еңбектің қосынды шығыны бойынша технологиялық процестердің сәйкестендіру нұсқаулары тетіктің өзіндік құнымен қызмет етеді. Тетіктің өзіндік бағасы механикалық өңдеудегі технологиялық процестердің оптималды нұсқаларын таңдауға мүмкіндік береді.

Әртүрлі технологиялық процестерді әртүрлі көлік және трактор зауытында бірдей немесе конфигурациясы жағынан ұқсас тетіктерді шығарылуы сол тетіктердің еңбек сыйымдылығы айтарлықтай әртүрлілігіне әкеліп соқтырады.

Зауыттарда бірдей бөлшектерді дайындау үшін әртүрлі құрал жабдықтар әбзелдерді, қолданылуы, сонымен қатар бірдей емес шығарылым бөлшектерді дайындау еңбек сыйымдылығының үлкен айырмашылығына әкеледі.

Технологиялық процестерді типтеу бөлшектер классификациясында және технологиялық процестерді ойластырудың жалпы принциптерінде базаланады.

Классификация дегеніміз өлшемдері, құрылымы бойынша жақын бөлшектердің класстарға және топтарға бірігумен оларды дайындаудың технологиялық процесінің ортақтылығы. Технологиялық процестерді типтендіру деп берілген кластың барлық бөлшектерін дайындауды қамтамасыз ететін принципті технологиялық процестерді құрастыру және клас ішінде кез келген бөлшекті дайындаудың оптималды технологиялық процесін әртүрлі өндірістік шарттарын ойластыруға арналған базаны атаймыз.

Бөлшекті өңдеудің технологиялық процесіне бірқатар факторлар әсер етеді бөлшектің құрылымдық ерекшеліктері (өлшемі, пішіні, өңдеу дәлдігі), шығарысын, шамасы және дайындаманы алу әдісі.

Бөлшектің өлшемдерін құрал жабдық сипаттамасына және технологиялық процесс сипатына әсер етеді. Бірдей пішінді, бөлшектерді бірақ өлшемдері әртүрлі бөлшектер ұқсас емес технологиялық процестер бойынша дайындалады. Иінді айналмақты біліктің түбірлі және бұлғақты шойыны арнайы ірі мамандандырылған токорлы білдектерде өңдейді. Сығымдағыштың иінді білігінің сол беттерін өңдеу қарапайым токорлы немесе айлабұйымдармен жабдықталған көп кескіш білдіктерде жүзеге асырылады.

Тұрқылы тетіктерді де әртүрлі құрал жаюдықтарда өңдейді. Ағынды өндіріс жағдайында әртүрлі ағынды түзулер (арнайы, топтық), өңдеудің ұқсас технологиялық процестері бар, бір өлшемді және бір класты тетіктер үшін жасалуы керек.

Тетіктің формасы көбінесе оның өңдеу процесін анықтайды. Алайда кейбір жағдайларда әртүрлі пішінді тетіктер ұқсас технологиялық процестермен өңделеді.

Өңдеу дәлдігі тетік жасаудың технолгиялық процесіне әсерін тигізеді. Тетік бетінің жоғары дәлдігі мен өңдеудің тазалығы технологиялық процеске негізгі операцияларының қосымша бөлім операцияларымен алдын ала өзгерусіз кіріспесімен қатамасыздандырылады. Бұл жоғары дәлдікті білдектердің қосылуын талап етеді. Нәтижесінде механикалық өңдеудің еңбек сыйымдылығын арттырады.

Тетіктің шығарылым шамасы қондырғыны таңдауды алдын ала анықтайды және белгілі бір дәрежеде технологиялық процеске әсер етеді. Тетіктің үлкен шығарылымы жоғары өндірісті қондырғыларды, арнайы автоматтандырылған айлабұйы мен қондырғыны және арнайы кескіш және өлшегіш аспаптарды қолдану арқылы қамтамасыздандырылады.

Жасалған технологиялық процесс технологиялық құжаттамалармен толтырылады. Оған тетіктің немесе дайындаманың жұмыстық сызулары мен карталары жатады: механикалық өңделуі, инструкциялық ( операциялық ), наладкалар, нормалық, құралдық және маршруттық..

Тетіктің жұмыстық сызуы қабылдануы талаптарына шарттарына сай және машиналар тетіктерінің құрылымдық толтырылуына сәйкес толтырылуы керек және дайындаманың қабылдануына қойылатын техникалық шарттары болуы керек.

Механикалық өңдеу картасы барлық технологиялық процестерді көрсетеді. Онда операциялардың толық мазмұны, қондырмалардың, позициялар мен жүрістердің, кесу және кесу режиміне арналған бастапқы мәндер, уақыттың техникалық нормасы мен жұмыс разряды келтірілген.

Инструкциялқ (операциялық) карта әрбір операцияға бөлек жасалады және механикалық өңдеу картасымен салыстырғанда операцияның жасалуының толық қамтиды. Ол операциялық тіпті наладканың ауысымдық эскиздерімен, ал автоматтар мен жартылай автоматтар – наладка сызуымен жэабдықталады.

Әрбір операцияға жасалатын нормалық картада техникалық норма уақытының есебі болады.Ол уақыт нормасы мен бағалануына қызмет етеді.

Инструменталдық картада технологиялық үрдісте жасалған әрбір операцияға қолданылатын инструменттердің тізімі (жабдық, кесуші және өлшеуші инструмент ) келтіріледі. Бұл картада механикалық өңдеу картасы негізінде жасалады және инструменталды қоймаға арналады.

Маршруттық карта инструкциялық картадан алынған негізгі мәліметтердің жинағы. Маршруттық картада тетіктің жасалу барысында цех бойынша, ал кейде басқа цехтар мен қоймаларда жүру маршруты мен технологиялық операциялар ретімен жазылған.

Технологиялық процесті жасауда арнайы жабдықты, жұмыстық және бақылау құрылғыларын, кесу және өлшеу аспаптарын жобалау сияты техникалық тапсырмаларды жасаумен жүргізіледі.

Әдебиеттер: 1нег.[101-120], 2 нег [30-36]

Бақылау сұрақтары:

  1. Технологиялық құрылыдылық көрсеткіштерін белгілеңдер.

  2. Бөлшектердің технологиялық пішіміне қойылған негізгі талаптарды атаңдар.

  3. Технологиялық құрылыдылығын жетілдірудің қандай түрлері болады.