Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆

14 Тақырып. Автомобильдер мен тракторлардың шанақтары мен кабиналарын өндірудің технологиясы

Шанақтарға қолдану жағдайына байланысты талаптар қойылады: беріктік, ұзақ мерзімділік, антикоррозиялық тұрақтылық, сыртқы көрінісі және комфортабельділік.

Шанақтар мен капоттың және багажниктің, ішкі элементтерін жасау үшін қандай қолданылатын негізгі материалдар.

Шанақтарды жасаудың технологиялық процесінің негізгі этаптары: салқын штамптау, пісіру-құрастыру, шанақты сырлауға дайындау,алдын ала және соңғы сырлау, сырланған беттерді жөндеу жұмыстары.

Қазіргі шанақтарды құрастыру процесінің ерекшеліктері.Уақыт нормасын есептеу. Жабдық таңдау.Жұмыс орнының санын анықтау. Жоспарлау. Процестің экономикалық көрсеткіштері.

Шанақтық тетіктерге қойылатын талаптар және оларды жасайтын материалдар

Тіреніш тетіктері және құрастырушы бірліктері, салқындату жүйесі, ауа тазалаушы агрегаттар, майлар және басқа да маңызды құрылымдар парақтық прокатан салқын штампталып немесе бұл тетіктердің құрастыру бірліктеріне жалғанып штампталуымен дайындалады.

Парақтан салқын штампталған тетіктер басқа әдістермен алынған тетіктермен салыстырылғанда көптеген артықшылықтары бар.

Салқын штампталған тетіктердің салмағы аз және беріктігі мен қатаңдығы жоғары.Мұндай тетіктер аз еңбек сиымдылықты және металл қолдану коэффициенті жоғары болады.

Мұндай тетіктер өзара ауысымды болады.Салқын штамптаумен тетік дайындағанда қара немесе түсті металдан жасалған парақтық прокат қолданылады. Одан басқа тетіктерді бейметалл материалдардан штамптайды

Ыстық көлемді штамптау бағаларда, горизонтальді – қалау машиналарында, (ГҚМ) штамптау престерде және қалау валецтерде орындалады. Бағамен штамптау жаппай өндірісте орындалады.

ГҚМ арқылы 0,1-100 кг салмақты дайындамаларды штампталады. ГҚМ арқылы жоғары сапалы қалаған дайындама алуға болады. ГҚМ арқылы өтпелі және терең тесіктері бар штампталған дайындама алуға болады. Автотракторлы өнеркәсіпте гидравикалық, фрикционды және кривошипті пресс арқылы штамптау кең қолданыс тапқан. Гидравикалық пресс арқылы штамптау, деформацияға аз жылдамдық талап ететін жеңіл төмен пластикалық құйманы өңдегенде пайдаланылады. Гидравикалық пресс жылдамдығы аз болғандықтан оның өнімділігі төмен болады. Сондықтан оның өнімдерінің бағасы басқа престер өніміне қарағанда жоғары болады.

Бекіту және басқа майда тетіктерді (винттер, болттар, шариктер, клапондар және т.б.) экономика жағынан технологиялық процесс болып суық көлемді штамптау саналады. Автомат өнімділігі – 400 дана/ мин дейін барады. Болттар жасау үшін бастапқы шикізат болып диаметрі 0,1-15 мм болатын сымтемір болып саналады.

Суық штамптау операциясын екі топқа бөлуге болады.

Бөлу операциялары; бұл операция арқылы материалдың бір бөлігі толық немесе жартылай екінші бөлігінен ажыратылады кесу, шабу, ұру және т.б.

Пішім өзгерту операциясы: бұл операция кезінде пішімі қисық немесе жоқ шикізатқа керекті пішім беріледі: майыстыру, тарту, т.б.

Штамптауға мысал ретінде ЗИЛ-130 автомобильі есігінің сыртқы панелін штамптаудың технологиялық процесі көрсетілген.Бұл тетікті жасаудың технологиялық процесі жаппай өндіріске жатады.

Штамптау процесінің иллюстрациясы ретінде төменде панельдердің операцияаралық жағдайы көрсетілген.

Операция

Оборудование

Парақты 950Х 1500 мм өлшемімен кесу

Дайындаманы вальцтеу (қажеттілігіне байланысты)

Терезе қуысын және сыртқы контурды ию

Терезе қуысын кесу

Терезе қуысына диаметрі 6 мм және 6 х 10 фланецке төрт тесік жасау

Және т.б. операциялар

Бақылау:

а) сыртқы қараумен

б)тетіктің сызуға байланысты пішіні мен өлшемдері

Гильотинді қайшы

Вальцтік машина

Пресс-штамп

»

»

»

Бақылау құралдары, штангенциркуль

Сыртқы панель қалыңдығы 0,9 мм Ст.08 ГОСТтар 3680–57 и 914–56 болатынан жасалады.

Машинаның сапасын және пайдалану уақытынын ұзақтылығын қамтамасыз ететін басты көрсеткіштері болып тетіктерінің дайындау дәлдігі саналады. Дәлдігі жоғары тетіктерден жасалған машина жоғары пайдаланулық көрсеткіштер мен қамтамасыз етеді, яғни олар жылдамырақ, төзімдірек және жұмыста сенімдірек болады. Әр тетіктің дәлдігін келесі көрсеткіштер мен анықтауға болады: пішін дәлдігі, тетіктің өлшемдер дәлдігі, беттердің орналасу дәлдігі, дәлдіктің бұл құрамалары сызбада көрсетілген. Дайындама өндіру кезіндегі дәлдік жоғарылағанда жібермені азайтуға мүмкіндік береді, соның арқасында тетік бағасын төмендетіп, жұмыс көлемі азаяды. Тетіктердің өлшемдерінің бір бөлігі белгіленген дәлдікпен орындалуы тиіс (берілген қабылдама ішінде) ал қалған өлшемдер берілген өлшемсіз орындалады. (бос өлшем). Бос өлшемді тетік өндіргенде технологиялық қабылдама орнатылады.

Бұл беттердің дәлдігі тетіктің конусқа целиндрге және тарға ұқсастығына байланысты анықталады. Берілген беттің учаскілерінің өлшемдер дәлдігі нақты өлшем мен берілген өлшемдерінің сәйкестігімен анықталады. Басқа жағдайларда өзара орналасу дәлдігі параллельдік, перпендикулярлық және басқа көрсеткішпен анықталады. Пішім дәлдігіне станоктың жұмыс қимылы кесу элементі орналасуы, көшірмелі орындалған құралдар сәйкестігі әсер етеді.

Беттердің өзара орналасу дәлдігі технологиялық процестің әр түрлі факторларымен анықталады. Қарастырылған жағдайда беттердің өзара орналасу дәлдігі құралдардың өзара орын ауыстыруымен анықталады. Тетікті бірнеше операциямен өңдеу кезінде беттердің өзара дәлдігі әр операция кезіндегі орнату қателігіне тәуелді болады.

Құралдар жоғарғы дәлдікпен жасалады. Кесетін құралдар жұмыс кезінде тартау қасиетіне не. Құралдар жасау қабылдамалары ГОСТ арқылы көрсетіледі. Тетікті өңдеу кезінде кесетін элементтің кескін бөлігі тарқайды және оның өлшемі мен пішіні өзгереді, кескін элементті өткірлегенде ол одан да тез өлшеміненайырылады. Құрал артқы және алдынғы жағынан тартылады. Құрал тартуына кесу жылдамдығы ерекше әсер етеді. Одан басқа құрал тартуына оның құрылымы әсер етеді, әсіресе артқы а бұрышы. а бұрышы 8С-тан 12С-қа дейін өзгереді. Құралдың өлшемдік тартауының жоғарылауына әкеліп соқтырады.

Автомобильдер мен тракторларды жаппай өндіруде пісірудің прогрессивті әдістері кеңінен қолданылады. Автомобиль өндірісінде тетіктерді жасмауда парақтақ иатериалдарды кеңінен қолданады, бұл түйіспелі пісіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл әдісте бір циклде 100 нүктеден көп пісіру жұмысын жүргізетін пісіруші машиналар қолданылады. Автомобиль және трактор өндірісінде бұл пісіру машиналары жартылай автоматты және автоматты циклдерде жұмыс істейді, ал жаппай өндіріс жағдайында автоматты пісіру линияларын қолдану мүмкін.

Пісіру машинасының өнімділігін арттыру үшін пісіру прорцесін механикаландыру және автоматтандыру үшін пісіру машинасын гидравликалық, пневматикалық, электрлік күштік қондырғыларымен жабдықтайды.

Әдебиеттер: 1нег. [303-315], 2нег. [477-489]

Бақылау сұрақтары:

1. Шанақтарға қандай талаптар қойылады?

2. Шанақтар мен капоттың және багажниктің, ішкі элементтерін жасау үшін қандай материалдар қолданылады?

3. Шанақтарды жасаудың технологиялық процесінің негізгі этаптары