Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆

13 Тақырып. Машинаны техникасындағы тетіктерінің жіктелуі және технологиялық процестерді типтендіру.

Массалық өндіріс бұйымдарын жіктеу және технологиялық процестерді типтендіру.ГОСТ-тар мен нормалдар.

Әртүрлі кластар тетіктерін өңдеудің типтік процестері : корпустық домалақ және домалақ емес стержендер, дискілер, құбыр цилиндрлер. Дайындама алудың типтік әдістері. Базалау. Операциялардың орындалу тәртібі. Қолданылатын жабдықтар.

Технологиялық шешімді бағыттық іздеудің тиімділік әдісі.

Корпустық тетіктерді жасау.

Автомобильдер мен тракторлардың корпустық тетіктері, басқа машиналардікі сияқты, оларға бөлек тетіктер мен бөлшектерді орналастыруға жасалады.Корпустық тетіктердің құрылымдық ерекшеліктері болып пішіні қорапқа ұқсастығы саналады.

Бұл кластағы тетіктердің машиналардағы меншікті салмағы сандық қатынастан ғана үлкен емес, сондай-ақ еңбек сиымдылығы мен оларды жасаудың өзіндік құны да жоғары. Олардың пішіні күрделі және өңдеуге қажетті білдектің құрылғыларына орнатуда және білдектен білдекке тасымалдауда база ретінде қызмет ететін қарапайым және сенімді беттері жоқ. Осы себепке байланысты корпустық тетіктерді өңдеу мен білдектен білдекке тасымалдау үшін арнайы құрылғы-спутникті қолданады.Өңдеуде орнату базасы болып жазық бет және екі дәл тесік (технологиялық) саналады. База тетікті өңдеудің технологиялық процесінің барлық сатысында өзгеріссіз қалады, бұл өңдеудің жоғары дәлділігін қамтамассыз етеді.

Корпустық тетіктерді өңдеуге автоматтық линиялар кеңінен қолданылады, оларда әртүрлі механикалық операциялар орындалады-фрезерлеу, сызу, бұрғылау, бұранда жону хонингтеу және т.б.. Автоматтық линияларда механикалық өңдеуден басқа кейбір құрастыру операцияларын орындайды , жуу, сынау және бақылау.

Корпустық тетіктерді негізінен сұр және ковкый шойыннан және алюминий қорытпасынан жасалады.

Құйылатын корпустық тетіктердің өлшемдері мен салмағы, құю материалы және тәсілі тетіктердің қабырғасының қалыңдығын анықтайтын маңызды көрсеткіштер болып табылады. Мысалы, топырақ пішінге құйылған, сұр шойыннан жасалған ұсақ және майда тетікте үшін қабырға қалыңдығы 3-4 мм, орта 6-8мм және үлкен тетіктер үшін 15-20мм болады.Оболочковый пішінге құю арқылы алынған тетіктердің қабырға қалыңдықтары 2 мм-ге дейін болады.

Алюминий қорытпаларынан құю арқылы жасалған корпустық тетіктердің қабырға қалыңдықтары келесідей болады: ұсақ және кіші тетіктер үшін топыраққа құюда -3-5 мм, орташа тетіктер үшін 5-8 мм болады. Қысым арқылы құюда қабырға қалыңдығы 1,5 мм болуы мүмкін.

«Домалақ сырықтар» класындағы тетіктерді жасау.

Бұл кластың тетіктерін өңдеудің технологиялық процесін тұрғызудың жалпы нобайы келесідей болуы мүмкін: а) дайындаманы прутоктан немесе трубадан жасау, ыстық штамповка немесе құю; б) тетіктерді механикалық өңдеуде центрлік тесік немесе мойын беті бойынша базалау; в)тетікті бұру арқылы токарлық өңдеу; г) ұзын біліктерді өңдеуде лютен астын алдын-ала жону немесе ажарлау; д) фасондық беттерді өңдеу; еекінші дәрежелі беттерді өңдеу; ж) қажеттілігіне байланысты – термоөңдеу; з) термоөңдеуден кейін ажарлау; и) балансировка; к) аяғына дейін өңдеу. Иінді, эксцентрикті , жұдырықшалы біліктерді өңдеуде шатун мойындарын, жұдырықшаларды немесе эксцентриктерді өңдеуде айналу өсін ауыстыруға тура келеді. Бос денелі біліктерді өңдеуде технологиялық процесс біліктің ішін өңдеуге байланысты және т.б. операциялармен толығады.

Сатылы біліктерді жасау ерекшеліктері.

Сатылы біліктерге механикалық беріктігі, өңдеудің, ішкі кернеулер концентрациясына аз сезімталдықты болуы сияқты талаптар қойылатындықтан, оларды негізінен конструкциялық және легірленген болаттардан жасайды. Сатылы біліктерді желінуден сақтау үшін термоөңделеді. Сатылы біліктерге қойылатын техникалық талаптарды қамтамассыз ету үшін, оларды келесі болаттардан жасайды:35,40,45,40Г,50Г,40Х және т.б..

Сатылы біліктер әр-түрлі құрылымды болады. Оларға: 1)Шлицсіз және тісті доңғалақсыз біліктер; 2) Шлицті біліктер; 3) Шлицсіз шестерня-біліктер; 4)Шлицті цилиндрлін білік-шестернялар; 5)Шлицті конустық білік-шестернялар.

Сатылы біліктердің дайындамаларын горячекатаный немесе салқын созылған қалыпты прутоктан алады. Мұндай дайындама түрлерін негізінен сериялы және дара өндірісте , сондай-ақ сатылар диаметрлері өлшемдерінің ара-қатынасы кіші біліктерді жасауға қолданылады.Көп сериялы және жаппай өндірісте, сондай-ақ сатылар саны көп және диаметрлері әртүрлі, құрылымы күрделі біліктерді жасағанда дайындаманы соғу арқылы, ыстық штамптау, периодтық прокаттан, ротационды соғу машиналарында сығу арқылы және т. б. әдістермен алады.Сатылы біліктердің дайындамаларын алудың бұл әдістері дайындаманың өлшемдері дайын тетіктің пішіні өлшемдеріне жақын, бұл металл шығыны мен механикалық өңдеудің еңбек сиымдылығын азайтады.

Көп сериялы және жаппай өндірісте сатылы біліктер дайындамаларының металл қолдану коэффициенті 0,7 және одан жоғары әдістері кеңінен қолданылады. Прутоктан дана дайындама алу , егер металл қолдану коэффициенті 5% асса онда оны соғу немесе штамптаумен алмастыруға болады.

Біліктің құрылымына және өндіріс масштабына байланысты механикалық өңдеудің технологиялық процесі әртүрлі болады.

Көп жағдайларда негізгі базалар ретінде біліктің тіреніш мойыны бетін алады.Алайда, оларды сыртқы беттері өңдеуде база ретінде қолдану қиын. Сондықтан, технологиялық база ретінде көптеген технологиялық операциялар үшін центрлік тесіктер бетін алады, ол шамамен біліктің барлық бетін, центрге орнатылған бір база арқылы өңдеуге мүмкіндік береді.

Сатылы біліктердің сыртқы беттері токарлық, токарлы-копировалды, көп кескішті горизонтальды білдектерде және вертикальды бір және көп шпиндельді автоматтарда жонылады.

Біліктің сыртқы бетін токарлық өңдеудің екі тәсілі бар: 1) Қаралтым және таза операцияларсыз, бір жүріспен (әдібі аз, дәл дайындамаларда).

2) Қаралтым және таза операцияларға бөлу арқылы.

« Құбыр цилиндрлер » тетіктерді жасау.

Бұл класс тетіктерінің құрылымдық ерекшелігі болыпцилиндрлік беттердің концентрлік орналасуы саналады.

Бұл класс тетіктері тек қана құбыр цилиндр пішінді ( қозғалтқыштың цилиндрлер гильзасы, поршендік саусақ втулкасы және т.б.) ғана емес, сондай-ақ құрылымы немесе ішкі формасы күрделі цилиндрлік айналу денелері де жатады ( тежегіш барбандар, қозғалтқыштар поршендері, дифференциалдың сателлиттер чашкасы және т.б.).

Негізінен тетіктерді өңдеу цилиндрдің айналуы кезінде болады, бірақ кейде өңдеу тетікқозғалмай, құралдық айналуы кезінде болады.

Құбырлық цилиндрлерді өңдеудің принципиальді технологиялық схемасы (майда тетіктерді есептемегенде) келесі заңдылық орындалады:

1) сыртқы беттердің қаралтым және ішкі беттердің бір жағынан өңделуі;

2) тура сол, басқа жағынан;

3) жартылай тазалық және тазалық сыртқы және ішкі беттерді өңдеу;

4) сол, басқа жағынан;

5) кішкентай беттерді бұдырлардан фрезерлеу;

6) бұрғылау, кішкентай тесіктерде резьбаны кесу;

7) цилиндрлік, фасонды және конустық сыртқы және ішкі беттердін жұқа өңделуі.

«Домалақ емес сырықтар» класты тетіктерді жасау

Тетіктердің бұл класына, домалақ емес қимасы және ұзындығы төтесінен өткенің қимасынан 2 есе артық болмайтын түзу және қисық стерженьдер жатады (алдыңғы остьі балкалар, қозғалтқыш шатундары, тежеу калодкалары және т.б.).

Рычагтардың конструкторлақ құрылымы әр түрлі, сондықтан бөлек тетіктердің өңдеуінің технологиялық процестері ерекшеліктерге ие болады. Бірақ бұл кластың тетіктерінің өңделетін беттері болып стержень ұштарының беттері және беттер тесіктері болып саналады. Дайындама жасаған кезде керекті өлшемдер алу қамтамасыз етілмеген жағдайларда стерженьннің механикалық өңделуі орындалады. Қисық рычаг болған жағдайда, қисық беттерді өңдеу негізгі операция болып келеді.

Тетікті өңдеу кезінде қара орнату базасы болып негізгі тесік торецтері және сол тесіктердің контурлары болып саналады. Келесі өңдеу кезінде негізгі тесіктер және олардың торецтері әрі қарай негізгі база болып саналады.

«Диск» класты тетіктерді жасау

«Диск» класты тетіктер автомобильді тракторлы және өндірістің басқа түрлерінде кеңінен қолданылады. Бұл класты үлкен және кіші өлшемді тетіктер жоғарысериалы және жаппай өндірісте қолданылады. Бұл класқа диск тәрізді тиісті дөңгелектер жатады. өйткені оларды өңдеу технологиялық процессі (тістерді кесу операциясын ескермегенде) осы класты тетіктердің өңдеуінің технологиялық процесін ацырмашылығы жоқ.

«Диск» класты тетіктердің дайындамасы болып шойын құймалары, түсті металл және болат штампталған дайындамалар болып келеді.

Бұл класты тетіктің өңделуі тетік айналуы кезінде болады. Тетіктің қозғалмай тұрғанда өңделуі негізінен негізгі емес беттерінде орындалады. Бұл кластың барлық тетіктерінің механикалық өңделу процесінің схемалары бірдей болып келеді. Бірақ тетіктердің өңдеу операция саны және орындау тәсілі әр түрлі болып келеді және орындау тәсілі әр түрлі болып келеді және талап етілген дәлдікке, өңдеу бетінің тазалығына, тетік дайындама түріне тәуелді.

Тетіктерді базалау. Бұл класты тетіктер үшін орнату базасы болып бір торец және дайындаманың сыртқы цилиндрлік беті болып келеді.

Келесі механикалық өңдеу үшін тұрақты база болып өңделген торец және дайындаманың сыртқы цилиндрлік беті болып келеді.

Келесі механикалық өңдеу үшін тұрақты база болып өңделген торец немесе сыртқы цилиндрлік бет болып саналады.

«Диск» класты тетіктерді өңдеу процессінің типтік нобайы

«Диск» класының орта және үлкен тетіктердің өңдеу процессінің типтік нобайына келесі операциялар кіреді:

1. Торең және тесіктің қара және тазалық пісіру өңделуі және тетікті торецке орнатқан кезіндегі және сыртқы цилиндрлік және конустық қысу кезіндегі сыртқы цилиндрлік беттің қара өңделуі.

2. Екінші шеттің қаралтым және таза өңделуі және кері торец пен ішкі цилиндрлік тазалай өңделген тетіктің базалауы кезінде сыртқы цилиндрлік беттің қаралтым және таза өңделуі.

3.Қосымша операциялар: майда беттердің бұрғылануы, кішкене беттердің фрезерлеу және т.б.

4. Тістерді тесігі бойынша базалау кезінде кесу.

5. Тістерді кесу кезіндегі болатын майда операциялар – тістерді дөңгелектеу, майланатын тесіктерді бұрғылау, өткір қырларды домалақтау және т.б.

6. Тесік бойынша базалау кезіндегі дөңгелек тістерінің қаралық кесілуі.

7. Тетіктердің термоөңделуі.

8. Дәлдік беттерді өңдеу: тесіктерді өңдеу немесе хонингтеу және сыртқы цилиндрлік немесе фасондық бет (тіс бойынша) бойынша базалау кезінде шеттерді өңдеу.

Фасондық бет пен термоөңдеудің қажет етпейтін тетіктер үшін, 4-8 операциялары керек емес. Кей жағдайларда тарту арқылы бірінші операцияда барлық тесіктер өңделеді (диаметрі 70 мм-ден артық). Бұл кезде, кейбір өңдеу операцияларын санамағанда, басық тесіктік операцияларда тетік тесік және торец бойынша базаланады.

Бұл класты суық штамптау арқылы алынатын тетіктерде механикалық өңдеу операциясының тәртібін сақтай отырып бетінің кішкентай бөлігі ғана өңдеуден.

Әдебиет: 1нег. [151-153, 170-172, 196, 202, 266, 279]

Бақылау сұрақтары:

1. Сатылы білікті өңдеу процесі нобайы .

2. «Диск» класты тетіктерді өңдеу процессінің нобайы.

3. Шатундарды өңдеу нобайы.