Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆

Глоссарий

База – бір немесе бірнеше бөлшектер беті, қарап отырған беттің түзу немесе жанама шарттарының дұрыс бұйымның функциясы жағдайы анықталады.

Базалау - дайындамаға немесе бұйымға координаттар жүйесінен салыстырмалы таңдап алынған қажетті орналасуын беру.

Машиналарды диагностикалау – олардың техникалық жағдайын белгілі дәлділікпен анықтау процесі.

Тозу – бұл тетіктің өлшемдері мен материал құрамының өзгеруі түрінде болатын желіну нәтежиесі.

Машиналардың дұрыс жұмыс істеуі – машинаның бекітілген нормативті - техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттамалар талаптарына сәйкес жағдайы.

Машина сапасы - қойылған талаптарға сәйкес өзінің функциясын орындай алу қабілеті.

Позиция – операцияның керекті бір бөлігін жасау үшін дайындаманы және құрылым бірлігін қондырғыға орнатып, оларды аспаптың белгілі бір орнына мықтап бекітіп тастау.

Сенімділік – бұйымның қажетті уақыт аралығында қолданушылық қасиеттерін жоғалтпай, берілген функцияны орындау қабілеті.

Бұзылу – машинаның қойылған талаптардың біреуіне болмасын сәйкес келмеу жағдайы.

Операция - бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмысшы бір мезгілде бір немесе бірнеше үздіксіз өңделіп жатқан объектілердің технологиялық процесінің бөлімі.

Қайтарым – машинаның (тетіктің, бөлшектердің және т.б.). жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы.

Ауысым - өңделетін беттің, кесуші аспаптың және білдектің жұмыс режимінің тұрақтылығымен сипатталатын операция бөлімі.

Әдіп – дайындамадан дайын тетік жасау процесінде алынатын материал қабаты.

Фасондық беттер деп, формасы жазықтықтан, цилиндрден және конустан өзгеше беттерді атайды.

Орнату – операцияның бөлігі, бір бекіткенде орнатылатын бөлшек (немесе бір уақытта өңделген бірнеше бөлшектер).

Өту – операцияның бөлігі, сыртқы бетінің өзгертпей өңдейтін, кесетін құрал және жұмыс станогының режимі.

Қабылдау – жұмысшының процесстегі орындаған операциясының белгілі аяқталған әрекеті (мысалы: аспапты қосу, беру т.б.).

48