Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

Қазақстандағы әлеуметтік зерттеулер

Бүгінгі таңда «социология», «социологиялық зерттеулер» ұғымдары күнделікті өмірге еніп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолданыла бастады. Біз қоғамға қатысты көптеген мәселелер бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелерін үлкен қызығушылықпен қакбылдаймыз. Бұл зерттеулер ағымдағы саясат, экономика, мәдениет, рухани өмір, білім беру, тәрбие, т.б. салалардағы көкейкесті, елді алаңдатып жүрген мәселелер туралы адамдардың пікірін, көзқарастары мен ұсыныстарын анықтауға бағытталған. Социологиялық зерттеулер әсіресе Президент, Парламент сайлауында дайындық тұсында, әлеуметтік-эконогмикалық және басқа да реформаларды жүргізу кезеңінде, маңызды заң актілерін қабылдауда, т.б. ерекше жағдайларда қарқын ала түседі. Билік органдары, әкімшілік және басқа да ұйымдар үшін социологиялық зертеулер халықтың хал-ахуалын, көңіл-күйін біліп отыруға және өткізіліп жатқан немесе дайындық үстіндегі шараларға қатысты халықтың көзқарастарын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, мұның барлығы қабылданатын шешімдерге түзетулер енгізіп отыру үшін қажет. Себебі, халық бұл шешімдерге наразы болып, қарсы шығатын болса, онда олардың тиімділігі күрт төмендеп, тіпті нөлге дейін құлдырап кетуі мүмкін.

«Әлеуметтік» және «қоғам» ұғымдарыынң мәні

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.

Көп уақытқа деін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.

Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.

«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

Әлеуметтік институттар әлеуметтік қатынастар

Әлеуметтік институттар (латынның. Institutum - орнату, мекеме сөзінен шыққан) – адамрадың бірлесіп қызмет етуін қамтамасыз ететін тарихи қалыптасқан тұрақты формасы.

Әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды жүйелеу және ресмилестірудің үлкен кейде тіпті қасіретке ұласып отырған күрделі тарихы бар. Бұл үрдіс институцияландыру – деп аталады. Бұл үрдіс қоғам тарапынан – материалдық, физиологиялық және рухани әлеуметтік қажеттілік болмаған жағдайда, сондай-ақ оны жүзеге асыратын жағдай қалыптаспаса іске аспайды. Мысалы отбасы институты, ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету, өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиесі, жыныс аралық қатынастар, әлеуметтік бейімделу және т.б. қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Орындайтын функцияларының аясына қарап әлеуметтік институттар былайша жіктеледі:

  • Реляциялық - қоғамның рөлдік құрылымын түрлі белгілері – жынысы, жасы, білімі, қызмет түрі, қабілеттілігі т.б. бойыншаанықтайды;

  • Реттеушілік – индивидтің мақсатқа жету жолында қоғамдық қағидалар шеңберінен тыс әрекет етуінің шекарасын анықтайды;

  • Мәдени – (идеологиялық, діни, біліммен, өнермен байланысты және т.б.);

  • Интегративтік - әлеуметтік қауымдастықтың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға жауапты әлеуметтік рөлдерге байланысты.

Әлеуметтік институттар ұдайы дами отырып, өзінің формасын өзгертіп отырады. Дамудың бастаулары ретінде эндогендік (яғни ішкі) және экзогендік (сыртқы) факторлар көрінеді.

Әлеуметтік институтқа жеке адам, ұлы тұлғалар тікелей ықпал етуі мүмкін. Тұлғалардың ту көтеріп бастаған іс-әрекеттері кейде тұтас әлеуметтік институттардың қызметін алмастырады. Сондай-ақ әлеуметтік институттар да ту ұстайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығарады.

Әлеуметтік институттардың даму тарихы – шындап келгенде әлеуметтік институттардың дәстүрлі типтерінің қазіргі заманғы әлеуметтік институттарға айналу тарихы. Осы орайда дәстүрлі әлеуметтік институттардың қазіргі заманғы әлеуметтік институттардан айырмашыдлығы неде деген сұрақ туындайды. Дәстүрлі институттар әдетте әдет-ғұрып, салт-сананың, ғасырлар бой қалыптасқан қағидалардың қатаң жарғысына, туыстық байланыстар мен қатынастарға тәуелді болып келеді. Мысалы рулық қатынастарды алып қарайық. Адамзат тарихының көне кезеңдерінде бұл институт қоғамның басты институты болатын. Уақыт өте келе туыстық қатынастар бірте – бірте жаңа экономикалық, саяси т.б. мақсаттарды көздеген қатынастарға орын бере бастады.

әлеуметтанудың 20 ғасырдағынегізгі тенденциялары

XX ғасырдағы негізгі әлеумет танымдық тенденциялардың бірі — ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні - нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеумет танымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30-жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған коғам кептеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеумет танымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тарта алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері коғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүмкіндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге XX ғасырдың басында жүргізілген эмпириялық зерттеулер кеп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен еткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеумет танымдық теориялар мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи - эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириялық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі - әлеуметтану принципті түрде басқа кызметке — өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіптік әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды.

Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зерттеулерінің көбірек дамыған елі - АҚШ болды. Егер де XIX ғасырда әлеумет  танымдық ойдың орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ  ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институт тындырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]