- •Социологияның пайда болуының бъективті алғышарттары
- •Социология ғылымынң даму кезеңдері.
- •Қазақстандағы әлеуметтік зерттеулер
- •«Әлеуметтік» және «қоғам» ұғымдарыынң мәні
- •Әлеуметтік институттар әлеуметтік қатынастар
- •Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •П. Сорокиннің жылжымалылық теориясы
- •Адам индивид тұлға түсініктерінің өзара байланысы
- •Еңбек социологиясының мәні категориялары қалыптасуы
- •Ғылым мен техниканың әлеметтік салдарының қазіргі заманғы көрінісі
- •Еңбек жағдайының әлеуметтік мәселелері
- •Ой еңбегі мен дене еңбегінің мәні мен үрдістері
- •Инженерлік еңбектің сипаты.
- •Еңбек ұжымы еңбек ұйымы
- •Жоғары білім беру мен инженер мамандарды даярлаудағы әлеуметтік мәселелер
- •Инженерлік-техническалық интеллигенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен рөлі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. –ші кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б
Біздің ойымызша қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп, дамып отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.
Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды.
П. Сорокиннің жылжымалылық теориясы
Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары. Американ әлеуметтанушылары П. Блау мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда "төменгі" және "жоғары таптардың" үлес салмағына қарағанда "орта таптың" үлес салмағының өсіп отырғандығын айтады. Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары мәртебеге ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай-талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, оңдағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде жеке адамның әлеуметтік топтардың жан-жақты дамуына кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары. П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: "Егер мобильділік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік жіктер де болмас еді. Қоғам бұл жағдайда бір қабатты екінші қабаттан бөліп тұратын едені мен төбесі жоқ ғимаратқа ұқсас болар еді. Олай болса барлық қоғам жіктерге бөлінеді. Қоғам өзінше бір "елеуіш" тәрізді, яғни онда индивидтер мен топтарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады".
Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог Абрахам Харольд Маслоу[2] (ағылш. Abraham Maslow1943 ж. "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адамның мотивациясының теориясы" ("A Theory of Human Motivation") [3] мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген.
Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :
Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.
Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:
Физиологиялық (ең төменгі)
Қауіпсіздік
Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік
Құрмет
Білім алу
Эстетикалық
Өзінің маңызын түсіну
Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.
