- •Социологияның пайда болуының бъективті алғышарттары
- •Социология ғылымынң даму кезеңдері.
- •Қазақстандағы әлеуметтік зерттеулер
- •«Әлеуметтік» және «қоғам» ұғымдарыынң мәні
- •Әлеуметтік институттар әлеуметтік қатынастар
- •Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •П. Сорокиннің жылжымалылық теориясы
- •Адам индивид тұлға түсініктерінің өзара байланысы
- •Еңбек социологиясының мәні категориялары қалыптасуы
- •Ғылым мен техниканың әлеметтік салдарының қазіргі заманғы көрінісі
- •Еңбек жағдайының әлеуметтік мәселелері
- •Ой еңбегі мен дене еңбегінің мәні мен үрдістері
- •Инженерлік еңбектің сипаты.
- •Еңбек ұжымы еңбек ұйымы
- •Жоғары білім беру мен инженер мамандарды даярлаудағы әлеуметтік мәселелер
- •Инженерлік-техническалық интеллигенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен рөлі
Еңбек социологиясының мәні категориялары қалыптасуы
Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы.
Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.
Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.
Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.
Еңбекке қатынас (көзқарас) — бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Ғылым мен техниканың әлеметтік салдарының қазіргі заманғы көрінісі
ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табмғи, обьективті процесс.
Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі.
Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
