Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

Жоғары білім беру мен инженер мамандарды даярлаудағы әлеуметтік мәселелер

ХХІ ғасырдың бүкіл адамзат баласы үшін күпделі, терең, әрі ауқымды өзгерістермен басталғанына баршамыз куә болып отырмыз. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы әлемдік жаһандану процесі өз ықпалына алып, ұршықшаиіріп бара жатыр. Әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптасты, интернет өмір салтының бұлжымас бөлігіне айналуда.

Қазақстанда қоғамның барлық саласында демократиялық өзгерістер жүріп жатқаны белгілі, азаматтық қоғамның алғашқы нышандары қалыптасуда, экономикалық өмірімізде нарықтық қатынастар өзінің үстемдігін онан әрі нығайта түсуде. Бұл ретте әрбір қоғам мүшесі ең әуелі өзінің қоғамдағы орнын танып, қабілет – мүмкіндігін айқын бағдарлай білуі қажет.

Жоғары білім берудің аса бір маңызды бағыты – бүгінгі ғылым мен техниканы терең игерген, өндірісті ілгері апаратын инженер кадрларын дайындау екені айдан анық ақиқат. Сонымен бірге біз бірінші кезекте Отанымыздың болашағы – адам тәрбиелейміз. Бұл бағытта бұрынғы озық дәстүрлерді сақтауға міндеттіміз. Жалпы, ұлттық менталитетті ұмытпауымыз керек. Әлемдік білім жүйесін үйрене отырып, жаңалыққа жақын, ой – санасы кең, әр жұмысты шығармашылықпен жүргізетін білікті де, білімді мамандар дайындау парыз да қарыз.

Жалпы алғанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жоғары білім беру саласында реформалар мен өзгерістер қайшылыққа толы болды. Оң процестер қиыншылықтармен қабаттасып отырды: Мемлекеттік стандартардың жаңа буын жасауға, мамандарды дайындаудың әлемдік талап деңгейіне сәйкестеуге талпыныстар басталды. Емтихан алу мен оқу процесін үздіксіз бақылаудың тестілік процестері кең қолданыс тапты. Студенттер құрамын қалыптастырудың жаңа моеліне көштік. Университеттер арасында шынайы бәсекелестік қалыптасты. Жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторы пайда болып, тез ұлғайды. Жоғары оқу орындарыын лицензиялау мен аттестациялау талаптары қойылды. Магистер даярлауда, аспирантура мен докторантураға мемлекет айтарлықтай көңіл бөле бастады. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің басты құндылықтарының бірі есебінде әркімнің нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайына байланысты білім алу жолында кедергінің жоқтығын атап өткен дұрыс.

Біздің білім жүйеміздің тағы бір ерекшілігі – оның ашықтығы, яғни жаңалықтарды қабылдауға икемділігі, ғылым мен өндірістің сан – алуан бағыттарына қарай мамандар дайындауға қабілеттілігі.

Инженерлік-техническалық интеллигенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен рөлі

Инженер-техниктермен, экономистермен және басқа да мамандардың категорияларымен бірге, қоғамның құрамдас бөлігі болып табылатын белгілі бір әлеуметтік қауымдастықты немесе топты түзеді. Бұл топтың әлеуметтік сипаттамасын беру үшін қоғамның әлеуметтік құрылымындағы оның орнын анықтау керек.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы деп – адамдардың біршама тиянақты әрі тұрақты әлеуметтік қауымдастықтарының әрі тұрақты әлеуметтік қауымдастықтарының жиынтығын, олардың белгілі бір тәртіптегі байланысы мен өзара әрекетін айтамыз. Бұл түсінік екі – кең және тар мағынасында қолданылуы мүмкін. Бірінші мағынасында, қоғам түзілісін тұтастай білдіріп және әлеуметтік қауымдастықтың барша түрін (топтық, демографиялық, этникалық, т.б.) білдіреді. Екінші жағдайда, тек топтық - әлеуметтік қауымдастықтар назарда тұтылады. Бұл қауымдастықтар өз кезегінде күрделі құрылымға (мысалы, топтық-әлеуметтік құрылымның элементі ретінде жұмысшы тобы кәсіби, біліктілік, білім алу, т.б. топтарды қамтиды) ие болуы мүмкін.

Еңбектің қоғамдық бөлінісі – адамдар арасындағы әлеуметтік ерекшеліктердің ас маңызды алғышарты, әртүрлі топтық-әлеуметтік топтардың құрылу негізі болып табылады. Осы әртүрліліктің мазмұны мен сипатына сай, әлеуметтік құрылым оқшауланған топтар мен басқа да өзіне тән қажеттіліг, өмір сүру әдісі, т.б. бар әлеуметтік қауымдастықтарға бөлінеді. Сөйтіп, әлеуметтік құрылым топ, қабат және отряд деген ұғымдарды қамтиды. Топтар өз кезегінде – кіші топ (2-20 адам), үлкен топ, ресми, бейресми топтар болып бөлінеді.

Қоғамдағы материалдық жағдайына, алатын орнына, меншікке қатынасына, еңбек бөлінісіндегі үлесіне және осылардан туындайтын түпкілікті мүдделеріне орай топтасып, қалыптасатын адамдар жиынтығын – үлкен әлеуметтік топтар деп атайды. Міне, осы үлкен әлеуметтік топтар қоғамның әлеуметтік құрылымын құрайды. Негізінен алғанда үлкен әлеуметтік топтарға: әлеуметтік – таптық; әлеуметтік – демографиялық; этно - әлеуметтік; әлеуметтік – территориялық; әлеуметтік – кәсіптік, т.б. жатады. Әлеуметтік таптар адамдардың дініне, нәсіліне немесе мәртебесіне (биліктегілер, байлар, т.б.) болып бөлінуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]