Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

Инженерлік еңбектің сипаты.

Инженерлік – техникалық қызметтің құрылымында басқару қызметтерін орындау маңызды рөл атқарады. Инженерлік еңбектің осы сферасы көп әлеуметтік мазмұнмен сипатталады. Басқару қызметтерінің шеңбері өнеркәсіптік өндірісте өте кең, олар әртүрлі деңгейде жүзеге асады.

Кибернетика көрсеткендей, басқару мәселесі – жан-жақты құбылыс. Кез келген басқаруға – жоғары ұйымдасқан техникалық, биологиялық, әлеуметтік жүйелер тән. Бұл мағынадағы басқару, ерекше күрделі жүйе. Ол реттеу, сақтау мен ұйымдастыруды және тұрақтыдлықты қамтамасыз етуге бығытталған. Қоғамда басқаруды – жоспарланған әлеуметтік нәтижеге аз энергия, аз уақыт, аз жұмыс күшімен жетуді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған, нысаналы, үйлестірілген шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Басқарудың әлеуметтік феномен ретіндегі жалпылылығы, оның әрекеті кез келген қоғамның – экономикалық, әлеуметтік, рухани, саяси , техникалық сфераларының тұрақтылығы мен дамуында көрінеді. Басқару теориясының маңызды категориялары:

  • басқарушылықты қабылдау;

  • басқарушылық ұғымдары болып саналады.

Олар басқару процесінің нақты субъективті және объективті жақтарын бейнелейді. ҒТР жағдайындағы қоғамдық дамудың жалпы тенденцясы әлеуметтік организмнің өзара байланыс пен өзара әрекеттесу элементтерінің, олардың саны мен динамикасының өсіп келе жатқан күрделілігі болып табылады. Осыған байланысты оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау – қиындық туғызады. Сондықтан, сындарлы жүйелілік тұрғысынан келіп, әдістерді жақсартып, басқару мәселесінің техникасы мен принциптерін жетілдіре түсу қажет болады.

Инженер даярлаудағы мәселелер

Жоғары білімді инженерді дайындауда техникалық ғылымдығана меңгерту емес, сонымен бірге олардың дұрыс сөйлеу, ойын ашық айтып жеткізу, адамдармен парасатты қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруға баса назар аударған жөн.

Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келе жатқан мемлекет үшін, халқымыздың рухани кемелденуі, ұлттық мәдениетіміздің дамуы аса қажет. Өйткені ол алмағайып дүниенің дауылында ұлттың қасиетін сақтап, елдіктің тұғырын анықтайтын негізгі шарт болып табылады. Осы орайда қазақ педагогикасындағы ізгілендіру идеялары қазіргі педагогика ғылымын дамытуға жас мамандарды оқыту ісіне жаңа серпін беріп, тың өріс аша алатындығымен құнды болмақ.

Бәрімізге белгілі, неғұрлым экономика, қоғамның даму мәдениеті жоғары болған сайын соғұрлым адамға, оның іс-әрекетіне қойылатын талаптар жоғары. Осыған орай, мемлекеттің дамуы тәрбие және оқыту мақсаттарының байланыстығынан туындайды. Мақсат әртүрлі болады: мемлекеттік, ұжымдық топтық, салалық, тұлғалық. Мақсатты таңдау көптеген факторларға байланысты.

Еңбек ұжымы еңбек ұйымы

Еңбек ұжымы– қоғамның мүддесіне керекті өнім өндіруді немесе қызмет етуді көздеген адамдар бірлестігі. Ұжымның қарапайым түрі алғашқы қоғамда қалыптасқан. Орталықтанған меншікке негізделген экономикада еңбек ұжымын ұйымдастыру мемлекеттің қолында болады.

Басқару стильдерін топтаудың әртүрлі ыңғайлары бар. Бірақ әрбір стильдің “ядросы” – басқарушы мен қол астындағылар арасындағы қарым – қатынас. Ол қатынастар әртүрлі болады.

Бақарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынаста қолданылатын әдіс – амалдардың ара салмағына байланысты басқарудың үш стилі қалыптасқан: авторитарлық, демократиялық және либералдық.

Авторитарлық стиль – (ол автократиялық, директивті деп те аталады) – басқарушының өзінің қол астындағыларды әкімшілік әдіс – амалдар арқылы қатаң, жалғыз басқаруға талпынуы. Басқарушы ресми бағдарларды ұстанып, формальды емес байланыстардан қашқақтайды. Ол билік пен жауапкершіліктің тұтастығын толық пайдаланып, өзі қабылдаған шешімдердің орындалуын өзі ғана бақылауға алады. Қол астындағылармен қатынасы бұйрық арқылы жүреді. Олардың ақыл-кеңесін есепке алмайды. Мұндай типтегі басқарушылар өздерінің мүмкіндігі мен қабілеттерін тым шектен асырып жібереді. Бұрынғы кездерде өнеркәсіпте мұндай басқарушылар көп болған. өнеркәсіптік тапсырмаларды қайткен күнде де “жоспар орындау” формуласы арқылы диктаторлық ыңғаймен орындаған. Сондықтан болар, кеңес экономикасы – командалық-әкімшілік деп сипатталған болатын.

Демократиялық (алқалық) стиль – басқарудың қол астындағылардың кеңесін, шығармашылығы мен бастамасын кеңінен қолдай отырып, олардың әкімшілік әдістермен ұштасуы. Ол бағыныштыларға - өндірістік тапсырмаларды дербес шешуге және орындауға мүмкіндік береді. Басқарушы қол астындағылардың әрбір қадамын бақыламай, әрбір іске араласпайды, олардың қызметінің жалпы бағыты мен нәтижелерін ғана қадағалап отырады. Авторитарлық типтегі басқарушыға қарағанда, демократ өзінің қол астындағыалрмен тек реми ғана емес, сондай – ақ формальды емес қатынастарға да сүйенеді. Ал мәселені шешкенде, солардың ақыл-пікірімен санасады. Кәсіпорын алдында тұрған мәселелерді, жағдайды еңбеккерлердің біліп отырғанын қалайды. өндіріске пайда келтіретін және топ мүдделеріне қызмет ететін сындарды қабылдап, ымыраға келуге дайын тұрады. Мұндай басқарушы - еңбеккерлерді марапаттаған не жазалағанда олардың көзін жеткізіп, сендіру әдісін пайдаланады. Тек реттеудің басқа да талпыныстары нәтижесіз болса ғана, санкция қолдануға жүгінеді. Сөйте тұра, демократия жеке басқару, жеке жауапкершілік принциптерінен айнымайды. Сендіру мен үйретуді қолданады. Қазіргі жағдайда, Қазақстан қоғамын реформалау барысында ірі демократиялық өзгерістер жүріп жатқанда, демократиялық басқару стилінің қалыптасуы – заман талабына айналып отыр.

Либералдық стиль (оны кейде енжерлық, бейжайлылық деп те атайды) басқарушы ұжым алдында тұрған мәселелерді жалпы түрде көрсетіп, өзінің өкілеттілігін қол астындағыларға сеніп тапсырады. Ол шешімдерді қабылдауда, өзінің қызметіне сенімсіз болғандықтан, жоғарыдан келетін нұсқаулар мен тапсырмаларды тосып, күту саясатын жүргізеді. Мұндай басқарушы, қол астындағылардың пікірлері мен сындарын тыңдауға дайын, бірақ олардың кеңестерін тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеті жоқ. Ол үшін ең бастысы атақ – даңқын жоғалтпау, қол астындағыларға өте мейірімді қарау. Мұндай стильде көрінетін енжерлық – ұжым жұмысының тиімділігіне кері әсерін тигізеді.

Дау-жанжал түсінігі

Дау-жанжалдар мәселесі социологияда ең маңызды мәселелердің қатарына жатады. Ол кең көлемді сұрақтарды қамтиды, олар қатарында: “дау-жанжалдар” түсінігінің анықтамасы, оның қоғамдық құбылыс ретіндегі табиғаты, пайда болу себептері, реттелуінің мүмкіншіліктері, сондай-ақ типологиясы, дау-жанжалдардың жіктелуі, олардың қоғам өміріндегі рөлін анықтау және т.б. бар.

Дау-жанжал түсінігі. Оның әлеуметтік алғы шарттары. Дау-жанжал дегеніміз – бұл өзара қарым - қатынасқа түсетін субъектілердің мүдделерінің, ұстанымдары мен көз-қарастарының қақтығысы.

Дау-жанжал қашанда адамдардың өздерінің көзқарастарының қарама – қайшы екендігін түсінуінен, сондай-ақ әлеуметтік топтардың өз мүдделерінің екінші топтардың мүдделеріне қарама-қайшы екендігін толық пайымдауынан келіп шығады. Ушығып кеткен қайшылықтар ашық және жасырын дау-жанжалдарды туғызады.

Қарама – қайшылықтар қоғам өмірінің өн бойын – экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани салаларын да баурап алған. Қарама-қайшылықтар қоғамның қай саласында ушығып кетсе, сол салада “дағдарыс аймағы” (зоны кризиса) пайда болады. Дағдарыс әлеуметтік дүрлігудің күрт өсуінен көрініс береді, ол көп ретте дау-жанжалдарға әкеліп соғады. Марксшіл , сондай-ақ марксшіл емес бағыттағы әлеуметтанушылар да дау-жанжалдардың қоғамдық күйдің уақытша бір сәті, оны тиімді шаралар қолдану арқылы жеңіп шығуға болады - дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]