Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз

Векслердің тесті немесе Векслердің шкаласы ең белгілі тесттердің бірі болып табылады, бұл тест зияткерліктің даму деңгейін өлшеу үшін арналған және Дэвид Векслердің көмегімен 1939 жылы өңделді. Векслердің Бұл тесті ақыл-ойдың иеарархиялық үлгісінде негізделген ж.е оны құрайтын вербалды ж.е вербалды емес интеллект пен ақыл ойға ортақ диагноз қояды.Векслердің тесті 11 жеке субтесттерден, вербалды ж.е 5вербалды емес бөлек 2 қатардан тұрады. Әрбір тест 10нан 30ға дейін біртіндеп қиын сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады.Вербалды субтесттка ортақ ұқсастықтарды, қабілеттерді,цифрлар қатарын жаңғырту кіреді.Ал вербалды емес субтестка суреттегі жетіспейтін бөлшектерді табу, фигуралардың дұрыс қоюлуы ж.е т.б жатады. Әрбір субтестты орындаған сайын балл беріліп баллдық шкаламен есептеп нәтижесін шығарады.

Тест нәтижесін өңдеу және оның интерпретациясы.

Нәтижені өңдеу мен оның интерпретациясы үш деңгйде жүреді: 1) жалпы интеллекттің яғни вербалды және вербалды емес интеллекттің баллдарын санау және интерпретациялау. 2) сәйкестірілген коэффиценттер негізінде субтесттерді орындау бағаларының профилін анализдеу. 3) индивидуалды профилге тексеру барысында байқалған тәртіпке және басқа да диагностикалық ақпараттарға сүйене сапалы интерпретация жасау.

Нәтиженің стандартты өңделуі әр субтест бойынша бастапқы бағамен айқындалады. Бағаларды вербалды және вербалды емес бөлшегі бойынша қосып, кестеде вербалды және вербалды емес IQ анықтайды.

Векслер бойынша IQ нәтижесінің классификациясы:

  • 130 балл және жоғары – өте жоғары IQ – халықтың 2,2% - ында бар.

  • 120-129 балл – жоғары IQ – халықтың 6,7%-ы.

  • 110-119 балл – жақсы норма – халықтың 16,1%

  • 90-109 балл – орташа IQ – халықтың 50%

  • 80-89 балл – нашар норма – 16,1%

  • 70-79 балл – шетеуліаймақ – халықтың 6,7%

  • 69 балл және одан төмен – ойлау дефекті – 2,2%

48 Люшердің көп түсті тестіне байланысты маманның бейнесін көрсету әдістемесін жүргізілу жолдарына тоқталыңыз.

Люшердің түрлі-түсті тестілерінің қысқартылған “Сегіз түсті қатары” сынағы жүргізіледі.Люшер сынағы классикалық нұсқада қолданылады. 73 түс кестесі көмегімен және 8 түс қатарын қолдану арқылы қысқартылған сынақ бойынша өтіледі. Олардың біріншісінде ауқымды сынақ өткізіліп, психодиагностикалық зерттеудегі негізгі құрал болғанда құнды болып табылады.Люшердің түстерді таңдау тесті сыналушының белгілі бір әрекетке, көңіл күйге, функционалдық жағдайға көбірек бейім екенін және тұлғаның барынша тұрақты сипаттарын айқындауға негізделген.Шетел психологтары Люшердің тестін кейде кәсіптік бағдар бойынша іріктеу, өндірістік ұжымдарды жасақтау, этникалық, геронтологиялық зерттеулер, жар таңдауға кеңес беру кезінде қолданады.Психологиялық интерпретациялаудағы түстердің маңызды әр түрлі сыналушылардың көптеген тобын жан-жақты зерттеу барысында айқындалады.Түстердің сипаттамасы (Люшер бойынша) 4 негізгі және 4 қосымша түстерден тұрады Негізгі түстер:көк –орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;көк- жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімі;қызғылтсары-қызыл – ерік күшін агрессивтілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;ашық сары - белсенділік, қоғамдық қатынасқа ұмтылыс, экспансиялық, көңілділік. Жанжал болмаған кездегі тиімді жағдайда негізгі түстер, негізінен алдыңғы бес позиция болуы тиіс.Қосымша түстер: 5) күлгін; 6) қоңыр; 7) қара 8) нөлдік (0). Бұлар: алаңдаушылық, стресс, қорқыныштан мазасыздану, жабығу секілді жағымсыз сипаттарды білдіреді. Осы түстердің (негізгілердің де) маңызды көп жағдайда олардың ықпалдаса орналасуымен, орындарға бөлінумен айқындалады, ол төменде беріледі.Түстерді негізгі түстерге (1 қара-көк, 2 көк-жасыл, 3 қызғылт сары, 4 ашық сары) және қосымша түстерге, оның ішінде 7 қара, 0 сұр, ахроматикалық, 5 күлгін, 6 аралас қоңырға бөлінеді.Негізгі түстер, Люшер қанағаттанушылық пен талаптануға деген қажеттелік (көк), өзін танытуға, жеке бас тәуелсіздігіне деген қажеттелік (жасыл), «әрекет ету мен табысқа жетуге» деген қажеттілік (қызыл) және «алға ұмтылу мен үміттенуге» деген қажеттілік (сары) деп белгілеген негізгі психологиялық қажеттіліктерді білдіреді. Сондықтан олар автордың пікірінше белгілі бір мөлшерде әрі толық теңдікте алғашқы ұстанымда болуы тиіс. Қосымша түстерге мән берілмейді, олар психологиялық «алғашқы элементтер» болып табылмайды және негізінен алғанда негізгі түстердің әрекет ету сферасын кеңейту үшін, оларды қандай да бір қатар ұстанымына еркін араластыру үшін енгізілгенМ.Люшер түрлі позициядағы түстер сәйкестігі белгіленген арнайы кесте құрастырды. Онда тәжірибе жасалушы сезінген шиеленістер көрсетілген (бұл шиеленістердің себептері, мотивтері қаралмаған). Елеулі шиеленістерді көрсететін түстер жиынтығы бар екі алдыңғы, екі соңғы позицияларды қарастырамыз.Барлық зерттелінген балалардың 25 %-і бірінші ұстанымға негізгі түстерді (1,2,3,4,) қойған. Сыналушылардың 45 %-нен агрессивтілік, қозғыштық, пікір айтуда тәуелсіздік байқалған. Егер 2.13 пен 2.14 кестелердің мәліметтерін салыстыратын болсақ, Арал қаласында зерттелген балалардың шамамен 60 %-і жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейінде және стресс жағдайында екендігін көруге болады, ал Ақши ауылының балаларына қарама-қарсы көрініс тән, бұл жерде балалардың тек 30 %-інен ғана жоғары мазасыздану деңгейі мен өзіне сенімсіздік байқалады.

.49. Жеке адамды диагностикалау жолдарын талдаңыз.

50. Мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын анықтауға бағытталған сұрақнама құрастырыңыз.

51. Хохланд сұрақтамасын кәсіптік бағыттарға байланысты топтастырыңыз Дж.Холландтың әдiстемесі бойынша тұлға типтерін анықтау.

Тұлғалардың типологияларына сәйкес американдық психолог Дж. Холланд адамдарды алты психологиялық типтерге бөлді:

- реалистiк,

- интеллектуалды,

- әлеуметтiк,

- конвенционалды,

- тапқыр,

- әртистік.

Әрбiр тип темперамент, мінез сипатының нақтылы ерекшелiктерiмен бейнеленедi. Тұлғалардың осыған байланысты нақтылы психологиялық типі адамды ең үлкен жетiстiкке жеткізе алатын мамандыққа сәйкес келедi.

Нұсқау: «Сiз кез келген мамандық бойынша лайықты оқудан кейiн жұмыс iстей алатыныңызды болжаймыз. Егерде сiзге дегенмен тек екi мүмкiндiктен бірін ғана таңдау тұрса, сіз қайсысын таңдар едіңіз? Тiркеу парағына сiз таңдаған жауапты дөңгелекпен белгілеңіз.

Нәтижелердi өңдеу. Тiркеу парағындағы әрбiр жеке бағанада белгiленген жауаптардың саны есептелінедi. Алынған сандық көрсеткіштердің мәндері Дж. Холландтың классификация бойынша адамның нақтылы типiн мiнездейдi:

1-шi бағана - реалистiк тип,

2-шi бағана - интеллектуалды тип,

3-шi бағана - әлеуметтiк тип,

4-шi бағана - конвенционалды тип,

5-шi бағана - тапқыр тип,

6-шы бағана – әртістік тип.

Алынған мәлiметтердiң талдауы бағаналарды ерекшелеу жолымен өндiрiп алынады, көп белгiленген жауаптардың саны, Дж. Холланд бойынша адамның тиiстi нақтылы типі болады.

Тұлғалардың типтерi

1.Реалистiк тип. «Еркектік» тип. Жоғары эмоциоялық тұрақтылыққа ие болады, қазіргіге бағытталған. Нақты объекттермен шұғылдануды қалайды және олардың қолдануымен. Моторлы дағдыларды (тұрақты қозғалыс), ептілікті талап ететiн жұмыстарды таңдайды. Нақты есептерi бар мамандықтарды қалайды: механик, жүргiзушi, инженер, агроном және т.б. сол секілді. Вербалды емес қабiлеттiлiктер, дамыған моторлы дағдылар, кеңiстiкті елестету (сызбаларды оқу) тән. Мүмкiншiлiктері физика, экономика, кибернетика, химия, спорт аймақтарында жетiстiкке қол жеткiзе алады.

2. Интеллектуалды тип. Аналитикалық ақыл, тәуелсiз және өзіндік пiкiрлер тән. Теориялық және эстетикалық құндылықтар басым болады. Интеллектуалды творчестволық мақсаттардың шешiмiне бағдарланған. Ғылыми мамандықтарды жиiрек таңдайды. Үйлесімді интеллектінің құрылымы: вербалды және вербалды емес қабiлеттiлiктер дамыған. Жоғары белсендiлiк бейнеленедi, бiрақ қарым-қатынасқа түсуге бағытталмаған . Әңгiмелерде мәлiметтiң хабарлағышы, негізінен интроверт. Қалайтын қызметтерінің түрлерi: математика, география, геология, творчестволық мамандықтар.

3.Әлеуметтiк тип. Айрықша бейнеленген әлеуметтiк айырмашылығы болады (қатынаса бiлу, жетекшiлiкке талпыныс, көп әлеуметтiк байланысулардағы қажет етеді). Қоршаған ортадан тәуелсiз, жағдайларға табыспен бейімделеді. Эмоционалды және сезімтал. Интеллект құрылымында вербалды қабiлеттiлiктер көрінеді. Айырмашылығы қоршағандарына ақыл айтып және тәрбиелеуге, бірге күйзелу және жан ашуға қабiлеттi. Қалайтын қызмет салалары: психология, дәрiгерлiк, педагогика.

4. Конвенционалды тип. Құрылымдық қызметтерді, нұсқаумен жұмысты, нақтылы алгоритмдарды қалайды. Мiнез-құлық қасиеттері: консерватизмділік, бағыныштылық, тәуелдiлiк. Қарым-қатынаста стериотипті ұстанады, салттарға ереді. Әлсiз ұйымдастырушы және жетекшi вербалды емес (әсiресе есептiк) қабiлеттiлiктер жиiрек басым болады. Қалайтын мамандықтары: есепші, финансист, тауар танушы, экономист, iс жүргiзушi, канцелярия қызметшiсі.

5.Тапқыр тип. Энергияны, импульстiлiкті, энтузиазмды тексеруге арналған мақсаттары мен мүдделерді таңдайтын. Қасиеттері болып табылады: жетекшiлiкке талпыныс, мойындаудағы қажеттiк, кәсiпшiлдiк, кейбiр агрессивтілік. Басқаруға қатысты дербес мәртебені қалайды. Интеллект құрылымында вербалды қабiлеттiлiктер басым болады. Шыдамдылық, үлкен еңбек, моторлы дағдыларды, зейiн қою талап ететiн жұмыстар ұнамайды. Бұл ерекшелiктер дипломат, репортер, менеджер, директор, делдал, кооператор мамандықтарда өте жемiстi жүзеге асырылады.

6.Артистік тип. Қоршағандарымен қатынасында өз елестетуi және сезгiштiгіне арқа сүйейдi. Өмiрге эмоционалды күрделi көзқарас тән. Қасиеттері: шешiм қабылдаудағы тәуелсiздiк, иiлгiштiк, оригиналды ойлау. Ереже және дәстүр бойынша өмiр сүрмейдi. Творчестволық сипаттағы жұмыстарды қалайды: музыкалық өнер, сурет салу, гуманитарлық ғылымдардың төңiректерiдегi қызметтер. Қабылдауы және қимылы жақсы дамыған. Экстраверттілiк жоғары деңгейде. Интеллект құрылымында вербалды қабiлеттiлiктер басым болады. Қалайтын қызмет салалары: тарих, филология, көркемөнер.

52. Шмишек сұрақтамасының қолданылу  жолдарын ұсыныңыз.

«Акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлинуниверситетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізгенболатын.Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған

қырлары» деген тіркестер қолданады. К.Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланғантұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатиямен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдаремес, бұл ӛздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден

«акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасықандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтартабиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның ӛмір салтына із қалдыратын сыртқыортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қырыдеңгейінің күшейуін білдіреді

Жеткiншектердiң мiнез акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті). Мақсаты: Жеткiншектердiң акцентуация көрініс беруін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бүл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бүл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір

көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған. Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сөйкес белгі қойып отырады.