- •1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.
- •2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
- •3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
- •7. Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •12 Жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:
- •22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз
- •27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
- •31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз
- •32.«Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.
- •Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
- •36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз
- •37. Дифференциалдық диагностикалық сұрақтама
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз
- •41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •42.Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
- •44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз
- •53. Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.
- •55.Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.
- •Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері Аз формализденген әдістер
- •1. Тест 2. Сауалнама 3. Жобалы техника әдісі4. Психофизиологиялық әдіс5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс
- •1. Бақылау 2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері 3. Контент-анализ 4. Рөлдік ойын 5. Эксперименттік әдіс
- •56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.
- •Есте сақтаудың дұрыс жолы
- •Еске түсіру
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп, сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған. Қазіргі психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жеке психологиялық және жеке психофизиологиялық адам ерекшеліктерін зерттеуді, анықтау әдістерін өңдейді. Психодиагностика дегенде психологиялық практика облысы, яғни әртүрлі сапаларды (психикалық, психофизиологиялық ерекшеліктер, жеке бас белгілері) анықтаудағы психолог жұмысын есепке алады.
Психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жалпы психологиялық зерттеулермен практика звеносын біріктіру қызметін атқарады. Оның теориялық негізі психологиялық ғылымдардың сәйкес облыстарымен байланыстылығында. (жалпы, дифференциалды, жас ерекшелік, медициналық т.б.). Әдістемелік құралдары ретінде жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау, өңдеу жолдарын және алынған мәліметтерді интерпретациялау үшін нақты тәсілдерді қолдану қажет. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті екіге бөлінеді: теориялық және практикалық
Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медицинада ежелден пайдаланып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықтау және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психодиагностикада бұл термин ХІХ ғ бері кеңінен пайдаланылады. Психодиагностика (грекше psyche – жан, diagnoctikos –тануға қабілетті) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынанан бағалау.Психодиагностиканың алдында келесі мәселелер зерттелінеді:
1. Психологиялық қасиеттердің табиғаты және оларды ғылыми негізде бағалау қаншалықты мүмкін екендігін анықтау;
2. Психологиялық қасиеттерді танып білуге және оның көрсеткіштерін нақты сандармен бағалауға қазіргі ғылыми білімнің негіз бола алатындығын дәлелдеу;
3. Қазіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің жалпы ғылыми-әдіснамалық талаптарға қаншалықты сай келетінін бағалау;
4. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерге қойылатын әдістемелік талаптар;
5. Психодиагностика жүргізуге қойылатын талаптардың, әдіс-тәсілдер пайдаланып жинаған материалдардың нәтижесін талдау және түсіндіру ережелерінің сенімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздеу;
6. Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді құру тәртібі мен ғылымилық талапқа сай екендігін тексеру;
Психодиагностика міндеттері:
1. Белгілі бір қасиеттің даму жағдайын анықтау;
2. Белгілі бір қасиеттің даму динамикасын нақты бір уақытқа байланысты анықтау;
3. Индивидтің және топтың психологиясы мен жүріс-тұрысындағы нақты өзгерістерді анықтау;
4. Тұлғаның психологиялық дамуының кез-келген сипатын алдағы дамуға қатысты перспективасын тағайындау;
5. Адамдар және топтардың даму ерекшелігіне байланысты дифференциялдық жұмыс жүргізу үшін айыру, жіктеу, бөлу;
6. Индивидтің және ортаның қандай да бір міндетті шеше алу мүмкіншілігін анықтау;
Психодиагностика мақсаты:
1. Индивидттің жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық даму динамикасын зерттейді;
2. Әрбір адамның даралық ерекшеліктерінің және бейімделудегі мінез-құлық, әрекет өзгерістерінің оңды стандарттарын, оң және теріс ауытқушылықтарын анықтайды;
3. Қандай да бір оқытудың, жетілдірудің, тәрбиелеудің нәтижелерінің болуын қамтамасыз ететіндей эксперимент жүргізуге жағдай жасайды;
4. Индивидтің нышанын, дарындылығын, кәсіби бейімділігін анықтайды;
5. Индивидтің жай-күйін, топтағы алатын орнын зерттейді;
13. Әлеуметтік – педагогикалық тестілердің нәтижесін компьютерлік өңдеу жолдарын түсіндіріңіз.
Тестілік әдіс- сынау, яғни тексеру, көру мағынасын береді.Бұл арқылы тексеріп отыратын адамның білігін, іскерлік жағын, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін психикалық процестердей сапалық қатынасын анықтау үшін, мамандыққа деген қабілетін білу үшін жүргізуге болады.Яғни мұнда белгілі жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынылатын арнайы есеп немесе бір топтама мазмұнды сұрақ белгілі бір уақыт аралығында беріледі де, соған жауап алу жұмысы жұргізіледі.Әр тапсырманы орындағаны үшін белгілі бір мөлшерде балды есептеп баға береді.
Әр тапсырманы әр түрлі нұсқауда орындауға болады. Өйткені балалар кейбір себептермен тасырманы орындай алмай қалуы мүмкін. Оның орындалу уақыты, сапасы, қабілеті мен сапалық қасиеті уақыт мөлшері негізінде жүреді. Көптеген жолда баланың білім деңгейінің сапасын анықтау үшін жүргізеді. Дұрыс ұйымдастырған тесталық әдіс арқылы адамның қабілетін, бейімділігін анықтап, әр сыныпқа бөледі де, әрқайсысының бағдарламалық өтуіне қарай оқу бағдарламасын зерттеп бөледі.Тесталық әдіс арқылы баланың сабаққа немесе жұмысқа құлқы, әзірлігі, білім деңгейі анықталады. Тест ( ағылшынша test-тексеру) тұлғаның белгілі бір психологиялық құрамының даму деңгейін, білімін анықтауға көмектесетін тапсырмалар жүйесі. Тест - жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмаларды тексеру психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Тест термині ең алғаш рет 1890 жылы Англияда енгізілді. Тесттер 1905 жылы балалар психологиясын анықтау кең тарады. Осы кезде Францияда дарынды балаларды анықтайтын бірнеше тесттердің сериясы дайындалып шығарылса, 1910 жылы психодиагностиканың практикасында да, Германияда кәсіптік іріктеуде тесттердің сериясы шығарылды.Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез-құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады. Психологиялық тесттің мазмұны бойынша тесттер 4 класқа бөлінеді: -интеллект тесттері; -қабілет тесттері; -жетістік тесттері; -жеке бас тесттері.
